3.2 Кәсіби бағдар алу барысында практикалық тәсілдердің қалыптасуының әсері
Қазір кем дегенде екі-үш жоғары білімді дипломы бар азаматтар қатарының көбейіп келе жатқаны байқалады. бұл әсіресе, қалталы азаматтар қатарынан жиі кездесуде. Қос дипломды азаматтардың көбеюі өте құптарлық жағдай, бұл - халқымыздың әлеуметтік, мәдени, ғылыми, рухани жағынан жан-жақты өсуінің бір көрінісі. Алайда, көп дипломды азаматтарымыздың барлығы бірдей жан-жақты сапалы, білікті мамандар дегенге кейде күдікпен де қарауға тура келеді. Меніңше, мамандар біліктілігінің негізі - жалпы немесе арнаулы орта білім беретін мектептер мен лицей, гимназиядан бастау алады.
Кейбір басылым материалдарына талдау жасасақ, орта және арнаулы орта мектептердегі оқушыдардың саны жергілікті қала және аудандардағы орта мектептердің жоспардағы мүмкіншілігінен анағұрлым көп екені нақты мәліметтермен дәлелденіп көрсетілген. Алайда, аталған қиыншылықтарға қарамастан, мысалы, Жезқазған мектептері түлектерінін грант пен кредит иелену саны респубдика бойынша мақтанышпен айтарлықтай алдыңғы қатардағы орындарда. Жезқазған қаласындағы кейбір мектеп түлектерінің орталықтағы қалалардың немесе Ресей елдерінің қабылдау комиссиясында емтихан - тест тапсырған көрсеткішінен оқушының мектептен алған білім деңгейінің жоғары екенін баиқауға болады. бұл мектептердегі оқу сапасы өте жоғары талапқа сай деген пікір тудыратынына ешкім шүбә келтірмейді. Мүмкін шыны осылай да шығар?! Егер шын мәнінде осылай болса, онда кемшілік мектептер санының аздығы деген пікірге тоғысар едік. Алайда, жоғарыда келтірілген білім көрсеткіштеріндегі айырмашылық туралы кейбір сенімсіз ойлар да туады. Саңырауқұлақтай жер мен көкті қаптап кеткен әр түрлі жоғары оқу орындарының көшпеуі қабылдау комиссияларының бай-қалмайтын өзіндік сыры мен құпиясы болатынын әрқайсымыз түсінетін мезгіл жеткен сияқты. Себебі дүниежүзінің барлық елдерінде де жоғары білім беруді қаржыландырудың көздерін іздеу қалыпты жағдайға айналған. Демек, оқу сапасы - салыстырмалы түсінік..
Жоғары оқу орындарына талапкерлер қабылдауда тест әдісі қолданылуда. Осы әдістің тиімділігі қандай?
Өкінішке орай, жоғары оқу орындарына 100 немесе 120 балл алып қабылданған грант, кредит иелерінің барлығының білім сапасы өте жоғары деңгейде деп айта алмаймыз.
Екіншіден, төменгі балға қолы жеткен грант-кредит иелерінің.кейбіреулерінің сұранысы аз мамандықтарга түсуі де білім деңгейінің тәмендігін білдіреді. Мұның өзі орта білім беру саласындағы тиісті олқылықтардың әжептәуір орын алып отырғанын айғақтай туседі.
Үшіншіден, талапкерлер белгілеген тест жауаптарының ішінен кездейсоқтық элементтерінің болуы әбден ықтимал. Мысалы, ойын асығын лақтырғанда көбінесе «бүк» не «шік» туседі. Сол сияқты тест жауаптарын белгілеп көрсетуде саналы емес «интуитивті» сезімдердің әсері мүлдем жойылмайды. Яғни, «бүк» не «шік» түсу ықтималдығы екіден бірге тең десек, тест әдісінде де осыған ұқсастықтар кездесетініне шүбә келтірмейміз.
3.3 МЕКТЕПТІҢ ЖОҒАРҒЫ САТЫСЫНДА ГЕОГРАФИЯНЫ БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерін дамыту тұжырымдамасында үш сатыдан тұратын жалпы білім беретін мектептің құрылымы анықталған (1996 ж.). Соның жоғары сатысы аяқталған базалық білімнен тұратын негізгі сатыдан кейінгі бағдарлы білім беру болып табылады. Осы берілген құрылым оқушылардың жеке оқу траекториясын таңдауы мен жеке тұлға қетінде қалыптасуын қамтамасыз ете отырып, білім беруді ізгілендіру, саралау идеяларын және базистік оқу жоспарындағы өзгермелі бөлікгі жүзеге асырады. Осындай тұжырымдамалық-нормативтік құжаттарға сүйене отырып, 2006 жылғы оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныптарында бағдарлы оқыту енгізіле бастады.
Бағдарлы оқыту — бұл жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектеіптің жоғары сатысы мен орта және жоғары кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.
Келесі бағдарлы оқытуды енгізудегі мақсат не дейтін болсақ, ол — жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.
Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздершің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.
Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мекгептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретіи мекемелермен үйлестіруге келіп саяды.
Мұндай өзінің анықтамасы, мақсаты мен міндетгері бар "бағдарлы оқыту ұғымын "кәсіптік білім беру" ұғымымен шатастыруға болмайды.
Кәсіптік білім беру деп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен куәландырылатын нақты кәсіби мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты процесі.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудағы аса маңызды мәселе — бұл бағдарлау бағыттары мен құрылымын анықтау. Бағдарлардың алуан түрін жасау жоғары сыныл оқушыларының қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін неғұрлым толық ескерте тырысудан туындайды.
Біздің жағдайымызда ҚР МЖМБС 2.003-2002 негізгі идеяларына сәйкес мектеп деңгейінде оқытуды бағдарлаудың төмендегідей екі түр болуы мүмкін:
Бұндағы а) жағдайда жоғары сынып оқушыларын оқытудың бір ғана бағдары (монопрофилизация) туралы айтуға болады. бұл кезде 6aрлық 10-11 параллель сыныптар таңдалып алынған бір ғана бағдарлы бағыты бойынша, не жаратылыстану-математикалық, не қоғамды гуманитарлық бағдардағы оқыту бағдарламаларымен оқиды.
Ал, ә) жағдайында оқытудың бірнеше бағдары (полипрофилизация) туралы айтылады. бұл кезде мектептің жоғары сатысындағы 10-параллель сыныптардың кейбіреулері қоғамдық-гуманитарлық, ал ба қалары жаратылыстану-математикалық бағдардағы оқыту бағдарламалары бойынша оқиды.
Бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептерден айырмашылығы оның бағдарлы емес пәндерді оқу материалдарын салыстырмалы түрде қысқартқан жағдайда ға мүмкін болатындығында.
Жалпы білім берудің мемлекеттк стандартын құраушы тұжырымдамалық-нормативтік құжаттарға сәйкес Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы қызметкерлері жоғары сатыдағы (10-11 сыныпта қоғамдық-гуманитарлық мектептер (сыныптар) үшін — 25 және жаратылыстану-математикалық бағьптағы мекгептер (сыныптар) үшін — оқу пәндерінің бағдарламаларын дайындап, ол ҚР БжҒМ-ң 18.10.2005 Х2о72 бұйрығымен бекітілді.
Төменде қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 10-11 сыныптарға арналған бағдарламаны ұсынып отырмыз. "География" пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқу материалдарының мазмұны ізгілікке тәрбиелеу, адамгершілік сана-сезімін дамыту сияқты ши адамзаттық құндылықтардың басым бағыттарына негізделіп берілген.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
(Барлығы — 68 сағат, оның 34 сағаты 10-сыныпта,
34 сағаты 11-сыныпта оқытылады)
Тусінік хат
Бүгінгі күні жастарды жалпы адамзаттық құндылықтардың бағдар- бағыттарының бірі ізгілікке тәрбиелеуде, адамгершілік сана-сезімін ұмытуда географияның рөлі артып отыр.
Қазіргі дүниенің өзара байланысы мен бір-біріне тәуелділігін дайындау біздің алдымызда ғаламшарымыздың жылдам өзгерісі аспектілері мен аумақтық алуан түрлілігін құрылымдық және програмалық игерудің жаңа әрі жауапты міндеттері түр.
Курстың мазмұны оқушылардың ғылыми дүниетанымдық түсі терін қалыптастыруға, табиғат пен қоғамның бір-бірінен бөлінбеген біртұтастығын түсінуге, адам және табиғат арасындағы үйлесімді түсінудегі географияның рөлін білуге үйретеді.
Курстың мазмұнында дүние жүзінің қазіргі саяси картасы: оның қалыптасу кезеңдері; дүние жүзі халқының географиясы; дүниежүзілік табиғи ресурстар және оларды үнемді пайдалану; ғылыми-техникалық революция; халықаралық экономикалық қатынастар; дүние жүзінің шаруашылық географиясы; дүние жүзінің ғаламдық проблемалары; жеке елдер мен аймақтардың географиялық ерекшеліктері мәселелері қарастырылады.
Бағдарламаның құрылымы қазіргі географиялық ерекшеліктер мен дүние жүзінің аймақтық сипаттамасын түсіндіретін тарихи-географиялық және елтану тәсілдері негізінде құрылған.
Сабақты өткізу түрлеріне лекция, семинар, практикалық жұмыстар, есеп-сабақтар, түрлі тест тапсырмалары, тірек конспектілер және т.б. пайдаланылады.
Бағдарламада теориялық білімдерін нақтылы объекгілер мен аумақтарды талдау, салыстыру және қорытындылауға, оқудағы іс-әрекет тәсілдерін жаңа жағдайда пайдалану мақсатындағы практикалық жұмыстар басым.
Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алуын көрсететін іс-әрекет төсілдері бағдарламада атауы және көрсетуі, анықтауы немесе өлшеуі, сипаттауы, түсіндіруі, болжауы сияқты біліктіліктер арқылы берілген.
10-сынып
(Барлығы — 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)
Кіріспе (1 сағат)
Дүние жүзінің экономикалық және өлеуметтік географиясы пәні, оңың географиялық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі. Дүние жүзінің экономикалық-географиялық бейнесі туралы түсшік. Географиялық зерттеу тәсілдері.
Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы (24 сағат)
Дуние жүзшің саяси картасы (3 сағат)
Дүние жүзінің саяси картасының мазмұны. Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы. Қазіргі саяси картаға саяси-географиялық шолу. Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен аумақтар. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасындағы түйінді мәселелер.
Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы. Басқару түрлері мен әкімшілік-аумақтық құрылымы.
Дүние жүзі елдерін типке бөлу және топтастыру. Мемлекеттердің эқономикалық-географиялық және геосаяси орналасқан орны.
Практикалық жұмыстар
1. Дүние жүзі елдерінің жіктемелік кестесін құрастыру: а) басқару түріне, ә) мемлекеттік құрылымына қарай.
2. Жер шарындағы "отты нүктелерді" кескін картаға белгілеу.
Дүние жүзінің халықтар географиясы (4 сағат)
Халықтар — өлеуметтік-экономикалық география пәні ретінде. Жер бетінде адамзаттың таралуының жалпы бейнеленуі. Халықтың саны мен ұдайы өсуі. Халықты санау әдісі. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары.
Халықтың құрамы және олардың жіктелуі. Халықтың жастық және жыныстық құрамы. Халықтың этникалық құрамы және оның жіктелуі. Халықтың нәсілдік құрамы.
Дүниежүзілік өркениет және еңбек ресурстары. Халықтың діни құрамы және өркениет географиясы. Халықтың еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі.
Халықтың орналасуы мен көші-қоны. Халықтың тығыздығы. Қала және село халқы.
Практикалық жұмыстар;
1. Бір ұлтты және көп ұлтты елдерге мысал келтіру.
2. Әр түрлі елдер мен аймақтардағы халықтың өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіштерін салыстыру.
3. Кескін картаға ірі агломерациялар мен мегаполистерді белгілеу Дүние жүзінің табиғат ресурстары (4 сағат)
Табиғат және қоғам. Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі. Табиғат ресурстарының таралуы және олардың қоры. Минералд ресурстар. Жер, су және тағы басқа ресурстар.
Практикалық жұмыстар
1. Дүние жүзінің жеке елдер мен аймақтарының табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуін бағалау.
2. Елдердің табиғат ресурстарымен (энергетикалық, руда және маман (тандау бойынша)) жоғары, орта және төмен қамтамасыз етілу бағалау.
Ғылыми-техникалық революция және оның дүние жүзінің шаруашылығына әсері (2 сағат)
FTP туралы түсінік және оның қалыптасу кезендері. Ғылым техникалық революцияға тән белгілер, оның жан-жақтылығы, ғылыми – техникалық өзгерістердің жеделдеуі. Техника мен технологияны эволюциялық және революциялық даму жолдары.
Өндіріс күштерінің орналасу факторлары. Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі адамның рөлі.
Практикалық жұмыс
1. "Ғылыми-техникалық революция және өнеркәсіп дамуын негізгі бағыттары" тақырыбында хабарлама дайындау. Халықаралық экономикалық байланыстар (4 сағат) Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі. Халықаралық мамандану. Халықаралық экономикалық интеграция.
Халықаралық экономикалық байланыстардың түрлері. Халықаралық сауда айналымы, тауар құрылымы, географиялық бөлініс.
Халықаралық туризм қызмет алмасудың түрі ретінде. Халықаралық туризмнің басты аудандары.
Халықаралық байланыс жүйесіндегі Қазақстанның орны. Дүние жүзілік шаруашылыққа Қазақстанның кіріктірілу ерекшелігі. Қазақстандағы халықаралық компаниялардың құрылуы мен дамуы.
Практикалық жұмыс
1. Дүние жүзі елдері арасындағы және Қазақстанның экономикалық байланыстары жайлы статистикалық материалдармен мерзімдік басылымдармен жұмыс.
Дүниежүзілік шаруашылық географиясы (8 сағат) Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу кезеңдері. Дуниежүзі шаруашылықтың қазіргі құрылымы. Өндіруші және өндеуші өнеркәсіп. Олардың негізгі орналасу белгілері, ірі өнеркәсіп аудандары. Өнері және қоршаған орта.
Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы географиясы. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының таралуының негізгі белгілер ауыл шаруашылық аудандары. Ауыл шаруашылық картасы. Ауыл руашылығы және қоршаған орта.
Дүниежүзілік көлік географиясы. Көлік және қоршаған орта. Дүниежүзілік шаруашылықтағы Қазақстанның орны.
Практикалық жұмыс
1. Мазмүнын оқып-үйренумен қатар: а) карта, кесте, диаграммаларды пайдаланып, шаруашылық салаларына сипаттама құрас ә) кескін картаға негізгі шаруашылық түріне маманданған ауданды белгілеу.
2. Сипаттама төмендегі жоспар бойынша құрастырылады: а) шаруашылық салаларының құрамы; алынатын өнім; ә) негізгі орналасқан аудандары; 3) шаруашылық салаларына байланысты экологиялық
Австралия және Мұхиттық аралдардың географиялық орны. Австралияның жалпы сипаттамасы. Аумағы, шекаралары. Саяси картасы. Мемлекеттік құрылымы.
Халқы. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының мүмкіндіктері, шаруашылығы, оның дүниежүзілік шаруашылықтағы орны. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық проблемалары. Халықаралық экономикалық байланыстары.
Практакалық жұмыс
1. Австралияны "интенсивті ауыл шаруашылықты" және "рудникті" ел деп атау себебін түсіндіру.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылар:
— географиялық зерттеу тәсілдерін;
— жер көлемі мен халқы жөнінен ірі елдер мен олардың астаналарын;
— дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымын;
— елдердің басқару турлері мен әкімішлік-аумақтық құрылымын; — дүние жүзі елдерінің типтері мен топтарын;
— Жер шарындағы халықтың тығыздығы жоғары негізгі аймақтарды;
— неғұрлым көп таралған тілдерді;
— дүниежүзілік діндерді, олардың таралуын;
— мәдени-тарихи орталықтарды;
— негізгі табиғат ресурстарының түрлерін;
— табиғат ресурстарының жіктелуін;
— пайдалы қазбалардың кен орындарын;
— халықаралық экономикалық байланыс түрлерін;
— дүниежүзілік шаруашылық салаларының түрлерін;
— негізгі өнеркәсіпті, ауыл шаруашылықты, көлік қатынастары аудандарын;
— ірі ғылыми-ақпараттық, қаржы, сауда, рекреациялық орталықтарды;
— дүние жүзіндегі ірі индустриялы елдерді;
— жаңа игерілген аудандарды;
— дүние жүзіндегі еркін экономикалық зоналарға мысалды атауы және көрсете алуы тиіс;
— минералды, топырақ, су, биологиялық ресурстарды үнемді және пайдалану жолдарын, үнемсіз пайдалану себептерін;
— неғұрлым ірі рекреация зоналарының шығу жағдайлары мен дамуын;
— дүние жүзіңдегі ірі қалалардың қызметтерін;
— маңызды өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдері түрлерін сыртқа шығаратын және сырттан өкелетін елдерді;
—объекплердің экономикалық-географиялық орнының ерекшеліктерін;
— адамның шаруашылық қызметінің аймақтың табиғатына әсерін;
— табиғат пен қоғамның өзара үйлесімділігін шешудің жолдарын анықтай және өлшей алуы тиіс;
— дүниежүзілік шаруашылық құрылымының өзгеру тенденцияларын;
— дүниежүзілік шаруашылықтың бір саласын;
— өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығын, қала, көлік немесе рекреация аудандарын;
— елдің географиялық ерекшелігіне (таңдау бойынша);
— әр түрлі кезеңдегі шаруашылықтың дамуына табиғат пен адамның өзара әсерін сипаттай алуы тиіс;
— елдің саяси-географиялық орны, географиялық орта, ресурспен қамтамасыз етілуі, халықтың табиғи өсуі, урбанизация ұғымдарын;
— елдер мен аймақтардың экономикалық даму деңгейлерінің айырмашылықтарын, саяси-географиялық орнын;
— жеке аумақтарда адамдардың қоныстану дәрежесін;
— жеке елдер мен аймақтарды мысалға алып көші-қон процестерін;
— бірқатар елдер мен аймақтардағы демографиялық жарылас себептерін және халықтың өсуін;
— халықтың табиғи өсуіндегі айырмашылықтарды, қарқьшын және жеке елдердегі урбанизация деңгейін;
— халықтың қоныстану тарихындағы айырмашылықтарды, аумақты игеру мен дамуын;
— Жер шарында дүниежүзілік діндердің таралуын;
— дүние жүзінің саяси картасындағы өзгерістердің себептерін;
— табиғи ресурстардың негізгі түрлерінің таралу зандылықтарын;
— географиялық ортаны және табиғат ресурстарымен қамтамасы
етілуін;
— ғылыми-техникалық революция, дүниежүзілік шаруашылық, халықаралық еңбек бөлінісі ұғымдарын;
— дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымының ерекшеліктерін;
— елдер мен аймақтардың экономикалық даму деңгейлеріндегі айырмашылықтарды;
— өндірістік және өндірістік емес салалар арасындағы қатынастың өзгеруін;
— "жаңа индустриялы", "қайта қоныстану типіндегі" елдердің географиялық ерекшеліктерін;
— шаруашылықтың негізгі салаларын орналастыру ерекшеліктерін
— дүние жүзіндегі елдер мен аймақтардың шаруашылыққа мамандануын, олардың шаруашылығының құрамы мен құрылымының ерекшеліктерін;
— "жасыл революция" ұғымдарын;
— "адамзаттың ғаламдық проблемалары" ұғымдарын;
— адамзаттың ғаламдық проблемаларының туындау себептер түсіндіре алуы тиіс;
— халықаралық қатынастардың әсерінен дүние жүзінің саяси картасындағы өзгерістерді;
— дүние жүзі елдері мен аймақтарының ресурспен қамтамас етілуін;
— шөл және тақыр жерлермен күрес нәтижесін;
— геосфера және барлық қоршаған ортаның ашропогендік ластану салдарын болжай алуы тиіс.
Ескерту: Орта жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11 сыныптарына арналган бағдарламалар жиынындағы 11-сынып багдарламасының мазмұнына енгізілген бірқатар түзетулерге көңіл аударыңыздар:
1) — "Дамыған елдер" — "Дамыған "Үлкен жетілік елдері".
— "Дамушы елдер" — "Еуропадағы дамыған елдер" — деп оқылсын.
2) — Еуропадағы дамыған елдер қатарына Балтық бойы елдер Ресеймен қатар Украина, Беларус, Молдова және Закавказъе елдері енгізілсін.
3) — "Азиядағы дамушы елдер" қатарына Орталық Азия елі енгізілсін.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келіп айтқанда география ғылымы өзінің даму жолында үш кезеңнен өтті.
1. Баяндаушы (описательный) кезең.
2. Түсіндірмелі (объяснительный) кезең.
3. Қазіргі конструктивті өзгертуші (конструкгивно-преобразовательный) кезең.
Конструктивті география — табиғат пен қоғам арасындағы әрекетті түсіндіретін, табиғатты ұтымды пайдалану жолдарын қарастыратын бағыты. Географияның бұл бағытын зерттеген ғалымдарға И.Г.Герасимов, B.C. Преображенский, В.В. Максаковский, В.М. Лаппо, т.б. жатады. Конструктивті географияның зерттеу сферасы бүгінгі танда кешеңді физикалық географиямен тығыз байланысты. бұл дәстүрлі жоспарлау алдындағы картографиялау және табиғи ландшафтардың инвентаризациясы (тізімге алу), олардың қайта өзгеруі, қолданылуы, сақталынуы, территориялық жіктелу іс-шаралар сияқты негіздері.
Кейінгі кезде географтар тораптар, қалалар, рекреациялық аудандар, табиғатты қорғауға бағытталған іс-шаралар жүйесін жобалауға арналған көптеген әдістемелер, нұсқаулар, кепілдемелер, нормалар және ережелер әзірлеуге кірісті. Мұндай жобалаудың мысалы ретінде табиғатты қорғаудың аймақтық кешенді сызбанұсқаларын қарастыруға болады.
Міне, осындай мақсат-міндеттерді орындау үшін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, яғни, инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді. Бұл бағытта көптеген ізденістер жүргізілуде. Сабақ жүйесін модернизациялау кезінде пайда болған оқыту технологияларының бірі - М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы болып саналады. Модуль дегеніміз - үлкен бір жүйе, мұнда оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренеді. Қосымша әдебиеттен білім алуға баулу арқылы дарынды балалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Оқу модулінің сөйлеу бөлімін оқытудың белсенді формаларын қолдану арқылы оқушыларың материалына бірнеше рет қайта оралтып, жұмыс істеуге болады.
Соңғы жылдары географтардың айрықша зейіні мониторинг жүйесін жасауға, яғни, геожүйелердің жағдайларын бақылау мен бағдарлауға бағытталып отыр. Мониторинг деректері жобаланған, жоспарланған сипаттамалардың даму жүйесінің қатты ауытқуларын уақытында байқауды немесе оның қызмет ету режиміндегі қауіпті бұзылуларды дер кезінде анықтауға арналған. Жүйеге әсер ететін факторлар деректері мұндай ауытқулардың себебін табуға немесе ұсыныс жасауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |