Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет10/12
Дата25.11.2023
өлшемі140.6 Kb.
#484432
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
тасполатова А

ҚОРЫТЫНДЫ
Ақын шығармалары қазақ әдебиетінде, қазақ поэзиясында өзіндік із, стиль қалдырып, мазмұны мен түр жағынан қазіргі қазақ өлеңін байытып келе жатқан ірі талант иесі. Есенғали Раушанов – ұрпақ санасында сан қырлы, асқан таланты, қазақ әдебиетінен өз орнын таба білген, өз ойы, өзіндік ерекше дауысы бар ақын. Ақынның өзі айтқандай егер атқамінер болмағанда еі томдық шығармалар жинақ болар еді, ал қазір бір томдық шығармалары барын айтады. Осының өзі бір дүние, зерттеуге тұрарлық дүние.
70-80 жылдардан бастап қазақ лирикасының түрлік, мазмұндық, көркемдік тұрғыдан ілгерілеткен лириктеріміз: Т.Айбергенов, М.Мақатаев, С.Жиенбаев, Ж.Нәжімеденов, Ж.Жақыпбаевтардың қатарынан Е.Раушанов та ойып орын алуға лайықты. Олардың өлеңнің жанрлық ішкі ерекшелігіндегі ізденістері кейде тіпті де бір–бірімен жақындай түседі. Мәселен, Мұқағали, Төлеген, Мұхтар, Жұматайдың он бір буынды қара өлең ұйқасына жазған сезімдік өлеңдері ырғақ, интонация жағынан бір-бірімен тым үндес жатады.
Қорыта айтсақ, Е.Раушанов поэзиясы қазіргі заман талғамына тең түсетін тамаша дүние. Қарапайым жырларының өзі күнделікті күйбең тірліктің жайына қандырып, шығармалары қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді қозғайды. Ақты ақ қараны қара деп ажырату ел ақындарының үлесіне тисе Исраил осы үрдісте бір де бір тосылып немесе жаңылысып көрген емес. Сондықтан да ақын шығармалары эстетикалық тұрғыдан құнды болып есептелінеді. Әдеби дәстүр жалғастығын шығармасына желідей тарта отырып, өз алдына тыңнан ой толғамдар, мазмұнға сапа қоса білген ақынның қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар деп айта аламыз.
Қорыта келе түйгеніміз, Е.Раушанов шығармашылығындағы көркемдік өрнектер өрісі өте кең және көркем кестелі. Лирикалық туындыларының қайсыбірін алмайық, ажарын ашып, дәмін келтіретін келісті тіл өрнегі ақында жеткілікті
Бүгінгі Байрон мен Пушкинді, Axматова мен Гумилевты, Абай мен Мағжанды, Мұқағалиды оқитын талғампаз оқушы Фаризаның да әр кітабын қолына шырақ алып жүріп іздеп оқиды. Өйткені шытырманы мен шырғалаңы әлі де жеткілікті мына заманда ойы он тарапқа, санасы сан салаға шашырайтындай шытырман ахуалдар кешіп жатқан бүгінгі жас ұрпақ та көкіректерін көлегейсіз жайып салар сырлас іздегенде, айналып өте алмас аз тұлғаларының бірі — Есенғали Раушанов. Бұдан кейін де талай ұрпақ келер. Ақын өлеңі ұрпақ алдында өнеге, естен еш кетпес.
Замана жайлы жырларын талдай отырып, оның поэзиясындағы азаматтық үнді шама-шарқымызша анықтадық. Өлеңдері арқылы ақынның өзінің азаматтық тұлғасын таныдық десек қателеспес едік.
Әдебиетші ғалым Ханғали Сүйінішалиев: «Ақындық ең қиын өнердің бірі. Тереңнен толғанып, тебірене тер төгілмесе, сөз маржаны терілмейді. Өнерпаздың бойында қайнауы жетіп, қисынын тауып, санасында пісіп, жетіліп, дүниеге келген туынды ғана ақын атағын шығарады. Халқының қадір-құрметіне бөлейтін өнер көкжиегінде із қалдырады» – деген екен.
Тек поэзиямыз ғана емес, әдебиетіміздің алтын діңгектері болған Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров сынды дүлдүлдеріміздің ізін баса қазақ поэзиясы сахнасына буырқана шыққан Қасым қым-қуыт өмір мен өлең деген құдіреттің қыр-сырын терең толғай отырып, асқақ романтизммен жырлады. Өзі өсіп-өнген туған жердің топырағы мен туған ұлтын өлердей сүйді. Оның табиғатын, байлығын, береке бірлігі мен ұлылығын тебірене жырлады.
Біз бұл зерттеу еңбегімізде Есенғали Раушанов поэзиясының поэтикасын, ұлттық бедерін, сипатын бүге-шігесіне дей талдадық деп есептейміз.
Ақын шығармаларында метафоралық бейнеге айналған қайын – ұнамды сипатта болса, оны жәбірлеуші жел – ұнамсыз сипатта. Бастан аяқ алып қарағанда белгілі бір оқиға желісін арқау еткен өлеңде сезім әлеміндегі қақтығыс шашауы шықпай, бір желінің бойында астарлы мәнмен өрілген. Көркемдік шындық тұрғысынан қайың болып бейнеленген кейіпкердің ақиқат өмірдегі нәзік жанды, қорғансыз қыз табиғанынан еш айырмасы жоқ. Өлеңдегі содыр жел де өмірдегі бір типтерге ұқсас. Мифологиялық ойлау жүйесіне тән анимистік сенімнің көркемдік ойлау шеңберінде метафоралық –символдық мәнге ұласып, сыршыл сезімге толы өлеңнің өзегі болғанына талдауымыз мысал.
Шығармашылық иесі өзін танытатын метафораларды, яғни өзін ауыстыра бейнелейтін нысанды міндетті түрде табиғат аясынан, аң-құс, жан-жануарлардан іздейді. Қорыта айтсақ, Е.Раушанов поэзиясы қазіргі заман талғамына тең түсетін тамаша дүние. Қарапайым жырларының өзі күнделікті күйбең тірліктің жайына қандырып, шығармалары іштегі ақтарылмай жатқан небір жарқын шынайы да сыршыл сезімдерді сыртқа паш ету ақындық позициясы. Сондықтан да ақын поэзиясы эстетикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Әдеби дәстүр жалғастығын шығармасына желідей тарта отырып, өз алдына тыңнан ой толғамдар, мазмұнға сапа қоса білген ақынның қазақ әдебиетінде орны бар деп айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет