Автор этой книги – я. Бу нәме? Что это?
5. Предикат – именная форма глагола: «Мен өлжек» дийип гаррылар аглашяр. Старики плачут, говоря: «Я умру» [18,85]. Осылай автор есімді баяндауыш баяндауыштардың бес түрін атап өтеді. Сын есімді, зат есімді, есімдікті баяндауыш түрлерімен бірге үстеу және етістіктің есімді формасын да осы топқа жатқызады,бірақ сан есімнің предикат болуы туралы айтпаған.
Э.В. Севортян түркі тіліндегі сөйлем құрылымы және оның номинативті сөйлемдерге жатуы туралы: «Тюркские языки, начиная с древнейших, ныне вымерших языков или живых языков более архаической структурыи кончая наиболее развитыми современными языками с длительной письменной традицией, структурно относятся к языкам с номинативным строем предложения» – дейді [30, 285]. Бұл пікірден біз қазіргі дамыған, ұзақ жылдар қалыптасқан дәстүрі бар тілдер де, көне құрылымды өлі немесе тірі түркі тілдері де құрылымдық жағынан номинативті сөйлемдер қатарына жатады деген шешімге келеді. Автор баяндауыштық тұлғадағы есімді баяндауыштар туралы: «А.П. Поцелуевский исходил из традиционного для всей тюркологии взгляда на преобладание именной категорией над глагольной в истории тюркских языков и из именного характера древнетюркского предложения» [30, 318] – деп, А.П.Поцелуевскийді қолдайтынын байқадық. Сондай-ақ ғалым бұл үдеріс бүкіл түркі тілдеріне қатысты деген шешімге келеді.
Көне түркі тілін қазіргі түркі тілдерімен салыстыра зерттеген Н.З. Гаджиева: «Именное предложение как объект сравнительно-исторической грамматики тюркских языков представляет интерес в плане проблемы существования связки.Современное состояние тюркских языков обнаруживает значительное разнообразие связочных средств, а в ряде случаев и их отсутствие. В ряде современных тюркских языков именное сказуемое любого грамматического разряда может не иметь личного оформления. Глагол быть, есть в парадигме склонения имен и глагола не получил развития, модель Я студент не развита в тюркских языках» [31,56] - деп мына мысалдар арқылы жалғастырады: «алт. Мен алтай кижи. Я алтаец; Слер алтай улус. Вы алтайцы [31, 37]. Ғалым осы еңбегінде ойрот тілін зерттеген Н.П. Дыренкованың, башқұрт тілін зерттеген Н.К. Дмитриевтің және т.б. зерттеулері арқылы салыстыру жұмыстарын жүргізе отырып, қазіргі түркі тілдерінің есімді баяндауыштарының грамматикалық ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Көне түркі тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің де өзіндік ерекшеліктері мол екендігін ғалым О.С. Сапашев «Көне түркі тіліндегі сөйлем мүшелері» атты еңбегінде дәлелдеп, сөйлемнің баяндалу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы және модальды (лепті) сөйлемдер деп қарастырады. Мысалы, хабарлы сөйлемге: «Талуйқа кічіг тегмедім» (КТк., 3) «Теңізге сәл жетпедім». Сұраулы сөйлемге: Қағаны мы қысайын тідім (Тұн.,5) «Қаған сайласам ше? – дедім». Модальды сөйлемге: Қарағұ едгүтү ұрғыл (Тұн., 34). «Қарауылды жақсылап ұста». Жай сөйлем қай тілде болмасын екі басты құрамның синтезінен – бастауыш пен баяндауыштан немесе субъект пен предикаттан тұрады. Ескерткіштер тілін қарастыру барысында көне түркі тілінде есім баяндауыштардың орныға бастағаны байқалады, яғни көне тілдің өзінде предикаты есімнен болып келген сөйлемдер ұшырасады. Көне және қазіргі түркі тілдерінің көпшілігіне тән ерекшеліктің бірі – есімнен болған баяндауыштардың жақтық көрсеткішсіз келуі. Түркі тілдерінде есім баяндауыштың жақтық көрсеткіші жіктеу есімдіктерінің негізінде көрінеді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |