Мазмұны нормативтік сілтемелер



бет18/32
Дата08.11.2023
өлшемі162.44 Kb.
#482647
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
арысбаева салтанат

Автор, шығарма атауы

Есімді сөйлемдердің жалпы саны

Таза есімді сөйлемдер саны

Құрама баяндауышты сөйлемдер саны

1

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының «Шытырманда» 1-бөлімінің 156-157 беттер

40

21

19

2

С. Мұқанов «Ботагөз» романының «Тұңғиықта» 1-бөлім 19-20 беттер

19

7

12

3

Ғ. Мүсірепов «Оянған өлке» 1-бөлім 26-28 беттер

11

5

6

4

Ғ. Мұстафин «Миллионер» 2-бөлім 153-156 беттер

17

10

7

Салыстыру нәтижесі:


1 М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының «Шытырманда» 1-бөлімінің 156-157 беттердегі мәтінде барлығы 40 есімді сөйлем - таза есімдісі 21, құрама баяндауышты 19 сөйлем.
2 С. Мұқанов «Ботагөз» романының «Тұңғиықта» 1-бөлім 19-20 беттердегі мәтінде барлығы 11 есімді сөйлем – таза есімдісі 7, құрама баяндауышты 12 сөйлем.
3 Ғ. Мүсірепов «Оянған өлке» 1-бөлім 26-28 беттердегі мәтінде барлығы 11 есімді сөйлем- таза есімдісі 5, құрама баяндауышты 6 сөйлем.
4 Ғ. Мұстафин «Миллионер» 2-бөлім 153-156 беттердегі мәтінде барлығы 17 есімді сөйлем – таза есімдісі 10, құрама баяндауышты 7 сөйлем.
Жалпы М. Әуезов қазақ тіл білімінде есімді сөйлемдерді практикалық та теориялық жағынан алғаш дәріптеуші ғалым. Бұл автордың тек әдебиетші ғана емес, тілден де хабары бар екенін көрсетсе керек. Сондықтан да біз бұл жұмысымызда тек осы эпопеядағы есімді сөйлемдердің мынадай түрлерін қарастырдық:
- Зат есімді есімді сөйлемдер;
- Сын есімді есімді сөйлемдер;
- Сан есімді есімді сөйлемдер;
- Есімдікті есімді сөйлемдер;
- «Бар», «жоқ» сөзді есімді сөйлемдер;
- Зат есімді құрама баяндауышты сөйлемдер;
- Сын есімді құрама баяндауышты сөйлемдер;
- Сан есімді құрама баяндауышты сөйлемдер;
- Есімдікті құрама баяндауышты сөйлемдер;
- «Бар», «жоқ» сөзді құрама баяндауышты е сімді сөйлемдер.
Осылардың әрқайсысын мына сөйлемдер арқылы көрсетуге болады: Тіпті нәзік, жазықсыз бала тәрізді. Бірі - қартаң, бірі жас қылаң. Абайдың қасындағы жас жігіттер саны он екі. Шөженің атына Абай қанық, бірақ көргені осы. Құнанбайдың қасында Байсал, Майбасар бар екен. Бұл жайды ашып айтысқан кісі жоқ.
Міне осы сөйлемдер зат есім, сын есім, сан есім және есімдік арқылы жасалған. Тіпті осындағы зат есімді сөйлемдер бала тәрізді сияқты зат есім мен модаль сөздер арқылы да жасалған. Сонда осы есімді сөйлемдердің әрқайсысының өзіндік жасалу жолдары бар. Өзіндік жасалу ерекшеліктері, осыған сәйкес олардың өзіндік семантикалық ерекшеліктері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет