Мазмұны ұзақ мерзімді жоспар 3


(Ұ, Ж) Болашақта компьютерлердің дамуы туралы талқылауды өткізіңіз. (Ұ, Т)



бет28/32
Дата19.12.2022
өлшемі2.03 Mb.
#467499
түріПрограмма
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
(Ұ, Ж) Болашақта компьютерлердің дамуы туралы талқылауды өткізіңіз.


(Ұ, Т)
Келесі мәселелерді талқылаңыз:
1. Компьютер техникасының ескіруі неге байланысты деп ойлайсыз?
2. Жаңа технологиялар қандай себеппен құрылады?


(Ұ) Оқушылармен бірге «болашақ құрылғылар» модельдерін бағалау үшін критерийлер құрыңыз.


(Ұ) Оқушылардан сандық құрылғылармен жұмыс істеу уақытын шектеу ережелерін еске түсіруді сұраңыз.
(Ж, Т, Қ) Оқушыларға "болашақ құрылғысы" моделін жасауға мүмкіндігін беріңіз.


(Ұ) Оқушыларды өз идеяларымен сыныптастырымен бөлісуін сұраңыз.



Екінші сыныпта «Компьютер құрылғылары» атты бөлімінде оқушылар компьютердың енгізу/шығару негізгі құрылғыларымен танысты.
Оқушылар болашақ құрылғыларды немесе компьютерді жасауы үшін, олар компьютердің негізгі ішкі және сыртқы құрылғыларын қайталауы тиіс.
Қабілетті оқушыларға компьютер құрылғыларының негізгі сипаттамаларын атауды ұсынуыңызға болады.
Оқушыларға келесі бағалау критерийлерін ұсынуыңызға болады: құрылғының аты, сипаттамасы мен орындайтын қызметі.

Топқа бөлу кезінде әрбір топ жеке құрылғы жасай алады.


Оқушылар қағаз, желім, пластилин және т. б. қолдана алады.

Нәтижесінде оқушылар өздерінің бірегей болашақ компьютерін жинай алады.



Болашақтың 10 Жаңа Технологиясы https://www.youtube.com/watch?v=GjCslRCJZso

Болашақ компьютерлер қандай болады?


https://www.youtube.com/watch?v=HHqqeMMYhfo

Компьютер құрылғысы http://learningapps.org/2976845


Компьютердің негізгі құрылғыларының мақсаты мен мүмкіндіктері


http://bilimland.kz/ru/content/structure/1953
informatika_ru#lesson=16729
30 жылдағы дербес компьютерлердің эволюциясы https://ria.ru/infografika/20110812/416175278.html

Жақында танымал болатын болашақтың 15 технологиясы https://lifehacker.ru/15-future-technologies/


Адамдарды өзгертетін болашақтың 5 технологиясы https://hi-news.ru/technology/5-texnologij-budushhego-kotorye-izmenyat-lyudej.html


Кодпен жасалған ғажайыптар https://www.youtube.com/watch?v=KSr5meblQpA


Қауіпсіздік техникасы және жұмыс орнын ұйымдастыру қағидалары (видео-түсіндіру, мәтін, жаттығулар)
http://bilimland.kz/ru/content/lesson/16720-pravila_texniki_bezopasnosti_i_organizacziya_rabochego_mesta

4.3.1.1

ақпаратты іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар)

«Болашақтағы компьютер» шағын жоба


(Ұ) Оқушыларға теңіз тереңдігі, ғарыш пен т. б. түрлі суреттер мен бейнелерді көрсетіңіз. Оқушылармен жер және ғарыш кеңістігін, су асты әлемін игеру үшін болашақта қандай компьютерлер пайдаланылатыны туралы әңгіме жүргізіңіз.


(Ж, Т) Оқушылардан интернеттен Жер планетасының болашағы, оның жаңа технологиялары туралы қызықты фактілер тауып, пайдаланған сайттарға бетбелгілер жасауды сұраңыз. "Болашаққа саяхат" тақырыбы бойынша суреттер мен бейнелер бар файлдарды бірыңғай бумаға жинауды талап етіңіз.


(Ө, Ж) Оқушыларға сыныптасы жинаған материалдарын қарап, өз жұмысымен салыстыруды сұраңыз. Жұппен жұмыс жасап, бір-бірінің жұмыстарына баға беруді ұсыныңыз. Өздеріне керекті материалдарды электрондық пошта арқылы жіберуге рұқсат етіңіз.
(Ө) Оқушыларға тарихты ашып, қарастырылған сайттардың санын анықтауды ұсыныңыз.



Оқушылардың білімін өзектендіру үшін су асты әлемі және ғарыш кеңістігі туралы презентациясын немесе бейне материалын алдын ала дайындауға болады.
Оқушылар берілген тақырып бойынша материалды (бейне, суреттер, мәтін) жинауды үйренеді.
Дифференциация ретінде оқушыларға постер салуды немесе проблемалық мәселеге 3-минутты эссе жазуды ұсыныңыз.

Материалды жинау үшін әртүрлі тәсілдерді қолдану қажет: флеш-жинақтаушыдан, бірыңғай пошта құру, бір қойманы қолдану, материалды интернеттен жүктеу және т.б.



Балаларға арналған іздеу жүйесі


http://xn--h1aehhjhg.xn--d1acj3b/#!popular

4.2.4.2

белгілі бір тақырыпта фотосуреттер, дыбыстар және бейнелерді пайдалану

(Ж, Т) "Болашаққа саяхат" тақырыбына сәйкес, оқушыларға жер және ғарыш кеңістігінің, су асты әлемінің есептерін шешу үшін болашақ компьютерлік құрылғылар туралы бұрын жиналған материалдарды қолдана отырып, презентация жасауға мүмкіндік беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет