«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет25/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Микробиологиялық диагноз қою. Микробиологиялық зерттеудің мақсаты: күйдіргі қоздырғышын табу, оның антигендерін анықтау және организм сенсибилизацияланғандығын дәлелдеу. Негізгі зерттеу әдістері: бактериоскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, аллергиялық.
Емдеуі.Күйдіргіге қарсы арнайы иммундыглобулин мен патогенетикалық емдеу жүргізіледі. Пенициллиндер, тетрациклиндер және фторхиналондар қатарына жататын антибиотиктер жақсы нәтиже береді.
Алдын алуы. Қазіргі кезде төрт типті вакцина қолданылады: 1.Тірі; бұл bacillus anthracis– тің капсуласыз штамдарының лиофильді кептірілген споралары. 2.Химиялық (молекулалық); бұл тиісті заттарға (тасымалдаушыларға) сіңірілген протективті антиген (бір ақуыздық молекула).
3.Қосарланған: бұл тірі споралар мен протективті антиген.
4.Рекомбинантты: сәйкес келетін басқа бактериялардың генетикалық аппаратына қондырылған, макроорганизмнің иммундық жауабын тудыруға қабілетті ДНҚ. Вакцинация эпидемиялық көрсеткіш бойынша яғни мал шаруашылығы және мал өнімдерін дайындаумен айналысатындар арасында жүргізіледі. Бейспецификалық сақтандыру ветеринарлық – санитарлық шаралардың кешенімен бірлесіп өткізіледі: инфекцияның ошақтарын анықтап алғаннан соң, сол жерлерде нұсқауларға сәйкес жою жұмыстарын жүргізеді.
4.АҚШ-тың Калифорния штатындағы Туляре аймағында дала тышқандарының ауруын зерттеп жүріп Мак-Кой және Чепин 1911 жылы ең алғаш оба тектес немесе туляремия ауруының қоздырғышын бөліп алған. 1921 жылы американ оқымыстысы Э.Френсис бұл аурудың адамдарға да тән екендігін анықтап, сипттап жазды. Сондықтан, бұл қоздырғыш FranciseIIa tuIarensis деп аталады.
Морфологиясы. Ұсақ коккобактериялар. Орташа көлемі 0,3-0,6х0,1-0,2 мкм. Полиморфты. Бактериалды сүзгіштен өтетін дақылдары бар. Нәзік капсуласы бар. Қозғалмайды. Спора түзбейді. Грамтеріс боялады. Сезімтал жануарлардың мүшелерінен әзірленген, Романовский-Гимзе әдісімен боялған таңба-жағындыда бактериялар сия көк түске боялады.
Дақылдануы. Факультативті анаэробтар. Қоректік орталарға талғампаз. Құрамында цистин, глюкоза, қан бар ет, балықтан әзірленген орталарда жақсы өседі. Микроб сұйық және қоймалжың орталарда өсуі мүмкін, бірақ олардың көбеюіне тығыз орта қолайлы. Туляремия бактерияларының өсу температурасы 36-37 0 С градус, рН 6,8-7,2. Өте жай өседі. Микроб 4-14 тәулікте өсім береді. Тығыз ортада ақшыл түсті, ұсақ,дөңес келген, диаметрі 1-3 мм, шеті тегіс жылтыр колониялар түзеді. Вирулентті штаммдары S формада, ал кациндік штаммдары SR формада болады. R форма- авирулентті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет