«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша


Цитохром - өзіне оттегін қосып алғыш қабілеттілігі ішкіжасушалық бояутек. Цитокинез



бет97/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Цитохром - өзіне оттегін қосып алғыш қабілеттілігі ішкіжасушалық бояутек.
Цитокинез (грек, kytos - жасуша және kinesis қозғалыс) - жасушалардың күрделі бөлінуінің (митоздың) ақырғы телофаза сатысында жасуша денесінің екіге тең бөлінуі. Өсімдіктер жасушаларының бөліну шекараларында жасуша перделіктері, ал жануарлар жасушалары шекараларында бөліну сайлары пайда болады. Жасушаның бөліну сатысын цитотомия деп те атайды
Штамм (немісше stamm – негізі) – морфологиялық және биологиялық қасиеттері бірдей микроорганизмдердің таза дақылы. Бактериялардың бір түріне жататын әр түрлі Штаммдар өздерінің бірқатар қасиеттері (антибиотиктерге сезімталдылығы, өзгергіштігі, уытты заттарды, ферменттерді түзгіштігі) жағынан бір-бірінен айырмашылығы болуы мүмкін. Штаммдарды антибиотиктер, витаминдер, ферментер, т.б. биол. активті заттар өндіру мақсатында қолданады. мысалы , ірі қаралардан бөлініп алынған ішек таяқшасының, олардың шошқадан бөлініп алынған Штаммдарына қарағанда бірқатар айырмашылығы болады. Сол сияқты іш сүзегінің қоздырғышы судан бөлініп алынса – су Штаммы, ал қаннан бөлініп алынса – гемоштамм деп аталады. Ауру қоздырғыш микробтардың әр түрлі Штаммдары сырқаттың өту жағдайына (ауыр, жеңіл, т.б.) түрліше әсер етеді.

АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Бояудың универсалды әдісін енгізген кім:
а) Минх
b) Гамалея
c) Пастер
d) Кох
e) Грамм
2.Бактериялардың Грам + бояуын қамтамасыз ететін не:
а) муреин
b) пермеаза
c) ДНК
d) лизоцим
e) тейхой қышқылы
3.Грам+ бактериялар қандай түске боялады:
а) сары
b) қызыл
c) жасыл
d) сұр
e)көк
4.Грам «-» бактериялар қандай түске боялады:
а) сары
b)қызыл
c) жасыл
d) сұр
e) көк
5.Грам+ бактериялардың сыртында шоғырланған заттар:
а) фосфор
b) темір
c) натрий
d)магний
e) цинк
6. Тырысқақ вибрионын ашқан кім:
а) Пастер
b) Кох
c) Листер
d) Левенгук
e) Мечников
7. Гонококктардың жағынды препаратта орналасуы:
а) жүзім тәрізді шоғырланып
b) бір-бірден
c) лейкоциттің ішінде екі-екіден
d) төрт-төрттен топтасып
e) моншақ тәрізді тіркесіп
8.Гонококк сары су қосылған агарда қандай колония түзеді:
а) жылтыр сары зонасы бар
b) мөлдір, ұсақ, « таңертеңгі шықтың тамшысы» тәрізді
c) клегейлі, ірі
d) қара түсті
e) қызыл, металл жылтыры бар
9. Шигелла микробын зерттеуге арналған негізгі материал:
а) қақырық
b) нәжіс
c) ірің
d) қан
e) сүртім
10. Маннит ыдырататын шигелла микробы:
а) Флекснер
b) Григорьев-Шига
c) Штуцер-Шмитц
d) Лардж-Сакса
e) Ньюкестл
11. 2-3тәуліктен кейін культуральдық және ферментативтік қасиеті өзгеретін шигелла микробы:
а) Флекснер
b) Зонне
c) Штуцер-Шмитц
d) Лардж-Сакса
e) Ньюкестл
12. Эшерихия микробының үнемі мекендейтін орны:
а) ішек
b) асқазан
c) бауыр
d) бүйрек
e) өт қабы
13. Ішек таяқшасының тапшылығынан пайда болатын ауру:
а) шигеллез
b) дисбактериоз
c) туберкулез
d) бруцеллез
e) сальмонеллез
14. Эшерихия микробының арнайы қоректік ортасы:
а) Эндо
b) Левин
c) Плоскирев
d) Висмут-сульфит
e) Бучин
15. Salmonella микробының арнайы қоректік ортасы:
а) Эндо
b) Левин
c) Плоскирев
d) Висмут-сульфит агар
e) Бучин
16. Salmonella микробының байыту ортасы:
а) Кауфман
b) Клиглер
c) Кода
d) Клауберг
e) Кесслер
17. Salmonella микробының токсині:
а) эндотоксин
b) экзотоксин
c) нейротоксин
d) энтеротоксин
e) аутотоксин
18.Аурухана ішілік сальмонеллез инфекциясының қоздырғышы:
а) S.typhi murium
b) S.paratyphiA
c) S.paratyphiВ
d) S.typhi
e) S.enteritidis
19. Ең алғаш күл қоздырғышын ашқан:
а) Т.Клебс
b) Эберт
c) Эшерих
d) Мечников
e) Ивановский
20. Күл таяқшасының токсигендігін анықтайтын орта:
а) Мартен
b) Клауберг
c) Бучин
d) Кесслер
e) Козер
21. Құрт ауруының қоздырғышын тығыз ортада түзетін колониясы:
а) құрғақ, әжімді колониялар
b) ұсақ, мөлдір колониялар
c) ірі, шеті,беті тегіс колониялар
d) жартылай мөлдір, орташа колониялар
e) ірі, шеті ойыс,беті дөңес колониялар
22. Ішек таяқшасының морфологиясы:
a) ірі грам – оң таяқшалар
b) тізбекше орналасқан таяқшалар
c) ортасында спорасы бар
d) екі шеті жұмырланған грам - теріс таяқшалар
e) организмде және сыртқы ортада капсула құрайды
23. Эндо ортасына тән еместі көрсетіңіз:
a) элективті орта
b) ЕПА
c) лактоза
d) индикатор – фуксин ( натрий сульфатымен түссізделген)
e) қызыл түсті металша жылтыраған колониялар береді
24. Ішек дисбактериозы кезінде алынатын зерттеу заты:
a) өт
b) несеп
c) биоптат
d) нәжіс
e) қақырық
25. Бактериозға зерттеу үшін алынған нәжісті сақтау мерзімі:
a) бірден зерртеуді бастайды
b) екі тәулік
c) 0º С жағдайда 1 сағаттан 1 тәулікке дейін
d) құрғатылған түрде сақтау
e) 1 тәуліктен астам
26. Жоғарғы тыныс жолдарындағы патологиялық процеске қатысатын вирус:
a) аденовирус
b) гепадновирус
c) герпесвирус
d) тогавирус
e) полиовирус
27. Хламидияларды дақылдандырады:
a) қарапайым орталарда
b) тауық эмбрионының сарыуыз қапшығында
c) Уленгут ортасында
d) Нер – 2 жасуша дақылында
e) Левенштейн – Иенсен ортасында
28. Хламидиоз кезінде микроскопиялық әдіспен атқарылады:
a) Морозов әдісімен бояу
b) түнек айдынды әдіспен зерттеу
c) Циль- Нильсен әдісімен бояу
d) Элементарлы және ретикулярлы денешіктерді табу
e) капсуланы анықтау
29.Микоплазмалар:
a) жыныс-несеп жолдарын зақымдайды
b) жедел инфекция қоздырады
c) ЖІИ (ОКИ) қоздырады
d) аш ішек жолдарын зақымдайды
e) жасуша дақылындағы ЦПЭ-і бойынша анықталады.
30.Туберкулез қоздырғышына қолданылатын бояу әдісін анықтаңыз:
a) Циль-Нильсен;
b) Ожешко;
c) Бурри-Гинс;
d) Нейссер;
e) Романовский-Гимзе
31. Туберкулезден сақтандыру үшін қолданады:
a) Тав-те вакцинасын
b)иммунды сарысу
c) АКДС вакцинасы
d) бактериофаг
e) БЦЖ вакцинасын
32. Туберкулин
a) микробтардан және токсиндерден алады
b) сорпада өсірілген микобактериялардың фильтратына белоктарды қосып алынатын препарат
c) емдеу үшін қолданады
d) тері – аллергиялық сынама қою үшін қолданады
e) антитоксиндік иммунитет қоздыру үшін қолданады
33. Туберкулезде қойылатын аллергиялық сынама:
a) Манту
b) Бюрне
c) Мицуда
d) Дик
e) Шик
34.Бактериологиялық зерттеу әдісі қолданылады:
a) аурудың қоздырғыштары - вирустарды идентификациялап, бөлу үшін;
b) зерттелінетін материалда антигенді анықтау;
c) аурудың қоздырғыштарын - бактерияларды бөлу және идентификациялау;
d) науқастың сарысуында антиденетитрінанықтау;
e) жануарлардағы ауруларды көрсету
35.Мерез диагностикасында келесі реакцияны қояды:
a) Райт
b) Бюрне
c) Вассерман
d) Асколи
e) Манту
36.Қақырықтан туберкулез микобактериясын табу үшін жағынды препаратты қандай бояу әдісімен бояу керек:
a) Циль-Нильсен
b) Грам
c) Романовский-Гимзе
d)Ожешко
e) Бурри-Гинс
37.Алапестің жұғу жолдары:
a) алиментарлық
b) парентеральдық
c) құрсақішілік
d) ауа тамшылы
е) жанасу арқылы (тері немесе шырышты қабықтар)
38.Тұмау жұғады:
a) тұрмыстық қарым - қатынас жолымен
b) ауыз-нәжіс жолымен
c) тағам арқылы
d) ауа- тамшы арқылы
e) трансмиссивті жолымен
39. Гонококк препаратта көрінеді:
a) ланцет тәрізді диплококк түрінде
b) тізбектер түрінде
c) шілтер
d) иілген таяқшалар
e)диплококктар бұршақ түрінде
40. Гонококк колониялары қанды агарда көрінеді:
a) бұлыңғыр
b) жартылай мөлдір
c) жасыл-сұр түсті
d) мөлдір
e) ақ
41. Сарысулы сорпада өнген кезде гонококктар түзеді:
a) қатқыл қабық
b) нәзік қабық, бірқалыпты бұлыңғыр
c) диффузды бұлыңғыр
d) түйіршікті тұнба
e) мақта үзіндері тәрізді тұнба
42. Плоскирев ортасында сальмонеллалар колониялар түзеді:
a) мөлдір
b) қара
c) қызғылт
d)бұлыңғыр
e)қызыл
43. Микроскоптадифтерияқоздырғышыосытәріздікөрінеді:
a) тізбектеніп орналасқан таяқшалар түрінде
b) шарбақ сияқты орналасқан таяқшалар түрінде
c) бір-бірінеқиылыорналасқантаяқшалар
d) ретсіз орналасқан таяқшалар
e) шоғырланып орналасқан кокктар
44.Туберкулез таяқшасын орталарда өсіру уақыты:
a)24 сағат
b) 76 сағат
c) 2 апта
d) бір ай
e) 6 сағат
45.Сыртқы ортада туберкулез таяқшасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді:
a) спора
b)капсула
c) ақуыздар
d) жасуша қабырғасының липидтері
e) көмірсулар
46.Туберкулез таяқшалары осы әдіспен жақсы боялады:
a) Грам
b) Романовский – Гимзе
c) Циль – Нильсен
d)Калини
e)Бурри
47. Туберкулез қоздырғышын анықтау үшін тері-аллергиялық реакциясын қолданады:
a) Бюрне
b)Манту
c) Видаль
d)Райт
e)Хеддельсон
48.Эндо ортасындағы ішек таяқшасының колониясы:
а) қара көк түсті
b) айналасында гемолизі болады
c) қою қызыл түсті, металша жылтырайды
d) көк- жасыл түсті
e) түссіз
49.Гонококтардың дақылдық қасиеттері:
a) ЕПА-да өседі
b)шоколадты агарда өседі
c) СТА
d) анаэробтық жағдайда өседі
e) өсу үшін 3-10% СО2 қажет етеді
50. Соз кезіндегі қоздырғыштың ену қақпасы:
a) асқазан- ішек жолы
b) тері
c) тыныс алу жолы
d) трахеяның шырышты қабығы
e) несеп жолдарының шырышты қабығы
51. Neisseria meningiditis-ті патогенез нейссерияларын ажыратуға болады:
a)37 С температурада өсуі
b)22 С температурады өсуі
c) Грам бойынша теріс боялуы
d) оксидазалық сынамасының оң болуы
e) жоғары тыныс алу жолының шырышты қабықтарында мекендеуі
52. Вирустар өлшенеді:
a)мм –де
b) нм
c) мкм
d) см
e) дн
53. Вирустың фрагменттелген геномы осылай аталады:
a)капсид
b) нуклеокапсид
c)капсомер
d)вирион
e) вибрион
54. Вирустың тұқымқуалаушылық қасиеттері ұсталады:
a)капсид аминоқышқылдарда
b)капсомерлерде
c)нуклеин қышқылында
d)пеплоста
e) бүкіл жерде
55. Обада қолданылатын жедел диагностика әдісі:
а) ИФР
b)антиденелер
c)Бюрне сынамасы
d)Асколи реакциясы
e) биохимиялық әдістер
56. Қандай тағамдармен бруцелез (сарып) жұғу қаупі бар:
а) су
b)сүт
c) құс тағамдары
d) жеміс - жидектер
e) балық тағамдары
57. Обада дамитын иммунитет:
а) белсенді
b) пассивті
c) стерильді емес
d) инфекциядан кейінгі
e) ұзаққа созылмайтын, қайта ауыратын
58.Ішек таяқшасын ашқан ғалым:
а) Пастер
б) Кох
в) Эшерих
г) Сальмон
д) Ивановский
59.Ішек таяқшасының тұрақты мекендейтін орны:
а) асказан
б) ішек
в) ауыз қуысы
г) мұрын қуысы
д) құлақ
60. Ішек таяқшасының тапшылығынан пайда болатын ауру:
а) сальмонеллез
б) дизентерия
в) дисбактериоз
г) сарып
д) тырысқақ
61. Эшерихияларды анықтау үшін негізгі материал:
а) ірің
б) қақырық
в) сүртім
г) нәжіс
д) несеп
62.Эшерихиялардың арнайы қоректік ортасы:
а) Левин
б) Эндо
в) Плоскирев
г) висмут сульфит агар
д) пептон суы
63. Эшерихиялардың Олькеницкий ортасында ыдырауы:
а) лактоза қг глюкоза қг сахароза қг
б) лактоза- глюкоза қ сахароза-
в) лактоза қ глюкоза қ сахароза қ
г) лактоза- глюкоза қг сахароза-
д) лактоза- глюкоза- сахароза-
64. Эндо ортасындағы колониялары:
а) қызыл түсті, металл жылтыр
б) ақшыл қызыл түсті
в) түссіз, мөлдір
г) лай,клегейлі
д) қоңыр түсті
65. Эшерихиялардың таралу жолы:
а) тағам
б) су
в) лас қол
г) төсек
д) ауа
66. Сальмонеллалардың жұғу жолдары:
а) ауа арқылы
б) парентералды
в) трансмиссивті
г) алиментарлы
д) су арқылы
67. Сальмонеллалардың арнайы қоректік ортасы:
а) Плоскирев
б) Эндо
в) Левин
г) висмут-сульфит агар
д) ЕПА
68. Сальмонеллалардың висмут сульфит агарда өсу ерекшелігі:
а) жасыл,қара
б) түссіз, мөлдір
в) лайлы, сұр түсті
г) қызыл, металл жылтыр
д) лайлы, сары түсті
69. Сальмонелла ауруының белгілері:
а) іш өту, құсу
б) бас ауру, безгек
в) қызу көтерілуі
г) қысым көтерілуі
д) бас ауру, әлсіздік
70.Шигеллалардың элективті ортасы:
а) висмут сульфит агар
б) Эндо
в) Плоскирев
г) Левин
д) ЕПС
71. Шигелла тудыратын ауру:
а) дизентерия
б) іш сүзегі
в) сальмонеллез
г) сарып
д) туляремия
72.Шигеллалардың колониясы:
а) мөлдір, шеті тегіс, ұсақ
б) лайлы, R пішінді
в) қара түсті, ірі, клегейлі
г) жасыл түсті, ірі, клегейлі
д) сары түсті, жылтыр
73. Ең алғаш менингококкты тапқан:
а) Кох
b) Пастер
c) Вексельбаум
d) Листер
e) Бильрот
74. Менингококктардың тұқымдастығы:
а)Нейссериялар
b)Энтеробактериялар
c) Микобактериялар
d) Коринебактериялар
e) Фузобактериялар
75. Менингококктардың жағынды препарата орналасуы:
а) жүзім тәрізді шоғырланып
b) бір-бірден
c) екі-екіден
d) төрт-төрттен топтасып
e) моншақ тәрізді тіркесіп
76. Менингококктардың жұғу жолы:
а) ауа шаңы, ауа тамшысы арқылы
b) тағам арқылы
c) тұрмыстық қатынас арқылы
d) жыныстық жолдар арқылы
e) қан арқылы
77. Аспан көк түсті, созылмалы,нәзік колониялар түзетін кокктар:
а) стафилококктар
b) стрептококктар
c) пневмококктар
d) гонококктар
e) менингококктар
78. Менингококктарғаәсеретпейтін,басқакокктардыңөсуінтоқтататын, қоректік ортаға қосатын антибиотик:
а) линкомицин
b) левомицетин
c) пенициллин
d) цефазолин
e) тетрациклин
79. Ең алғаш гонококкты ашқан:
а) Кох
b) Пастер
c) Вексельбаум
d)Нейссер
e) Бильрот
80. Гонококктыңнегізгіжұғужолы:
а) тағам арқылы
b) тұрмыстық- қатынас (жыныстық)
c) су арқылы
d) жәндіктер арқылы
e) қан арқылы
81. Гонококктар қандай тұқымдастыққа жатады:
а) Нейссериялар
b) Энтеробактериялар
c) Микобактериялар
d) Коринебактериялар
e) Фузобактериялар
82. Гонококктар өсу үшін қандай орта қажет:
а) адам қаны қосылған
b) тұз қосылған
c) жұмыртқаның сарыуызы қосылған
d) өт қосылған
e) бауыр қосылған
83. Гонококктардың жағынды препаратта орналасуы:
а) жүзім тәрізді шоғырланып
b) бір-бірден
c) лейкоциттің ішінде екі-екіден
d) төрт-төрттен топтасып
e) моншақ тәрізді тіркесіп
84.Гонококк сары су қосылған агарда қандай колония түзеді:
а) жылтыр сары зонасы бар
b) мөлдір, ұсақ, « таңертеңгі шықтың тамшысы» тәрізді
c) клегейлі, ірі
d) қара түсті
e) қызыл, металл жылтыры бар
85. Гонококктың жаңа туған нәрестеде тудыратын ауруы:
а) бленнорея
b) соз
c) туберкулез
d) бруцеллез
e) пневмония
86. Гонококктың ересек адамдарда тудыратын ауруы:
а) бленнорея
b)соз
c) туберкулез
d) бруцеллез
e) пневмония
87. Гонококктың ыдырататын көмірсуы:
а) лактоза
b) глюкоза
c) сахароза
d) мальтоза
e) маннит
88.Көкжөтел микробының колониясының пішіні:
a)арыстан жалы
b) медуза басы
c) сынап тамшылары
d) дәстүргүл пішініне ұқсас
e)Эндо ортасында қызыл колония түзеді
89. Көкжөтел қоздырғышының қасиеттері:
a) спора түзеді
b) жылдам өседі
c) облигатты аэроб
d) биохимиясы белсенді
e) қоректік орталарға талғамды
90. Оба бактерияларының таза дақылын бөліп алу үшін қолданады:
a) Гисс ортасы
b)қанды агарға себу
c) Эндо ортасына себу
d) қарапайым орталарға себу
e) сарыуызды- тұзды агарға себу.
91.Бруцеллалардың морфологиясы:
а) спора- капсула - талшық – гр-
b) спора + капсула + талшық + гр-
c)спора+ капсула + талшық+ гр+
d) спора – капсула – талшық- гр+
е) спора + капсула + талшық – гр-
92.Бруцеллардың қоректік ортада өсу мерзімі:
а) 2-3 апта
b) 5-4 ай
c)12 күн
d) 9 ай
е) 1 апта
93. Бруцелла микробы сүт тағамында қанша уақыт сақталады:
а) 40-45 күн
b) 50кун
c)20 күн
d) 60 күн
е) 1 ай
94. Бруцелланың инфекция көзі:
а) ауру мал
b) ауру адам
c) тағам
d) қоршаған орта
е) микроб тасымалдаушы
95. Сарыппен ауырған кездегі инкубациялық кезең
а) 1-3 апта
b) 1-5 апта
c)5 ай
d) 1ай
е) 4 ай
96.Дифтерияға күмәнді баланың көмейінен кілегей алынды. Боляған препаратта волютин дәндері табылды. Бояу әдісін айтыңыз:
a) Циль - Нильсен
b) Нейссер
c) Ожешко
d) Маккиавелло
e) аталғандардың барлығы
97.Негізгі топтастыру категориясы бұл:
a) туыс
b) тұқымдас
c)түрі
d)тобы
e)реті
98.Құрт ауруының қоздырғышын тығыз ортада түзетін колониясы:
а) құрғақ, әжімді колониялар
b) ұсақ, мөлдір колониялар
c) ірі, шеті,беті тегіс колониялар
d) жартылай мөлдір, орташа колониялар
e) ірі, шеті ойыс,беті дөңес колониялар
99.Микробтардың патогендігі деген не:
а)микробтардың фермент түзуі
b)микробтардың бояу бөліп шығаруы
c)микробтардың көмірсуларын ыдырату
d)микробтардың иіс шығаруы
e) микробтардың ауру туғызуы
100. Микробтардың вируленттігі не :
а)микробтардың әлсіздігі
b)микробтардың өзгергіштігі
c)микробтардың пигмент бөлуі
d)микробтардың иіс бөлуі
e) микробтардың патогенділігі


Әдебиеттер

  1. Б.А. Рамазанова «Жеке бактериология» Алматы, 2010 ж

  2. А.Ә. Стамқұлова «Жалпы және жеке вирусология» Алматы, 2010 ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет