«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет5/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Б.з.б. 2002 жылы.
Хан патшалығы, Гауди патшаның 5-жылы.
Ғұнның Мете тəңірқұтының 8-жылы.
Бұл кезде Хан патшалығы əскерлері Шаңиүймен теке тіресе соғысып 
жатқан болатын. Орта патшалық осы соғыстың ауыртпашылығынан 
еңсе көтере алмай қалады. Сондықтан Метенің күшеюіне жол ашылды. 
Оның қолына 300 мыңнан астам атты-садақты əскер жиналды.
Тəңірқұттың есімі Луанди, елі оны Шенлигуту тəңірқұт деп атайды 
екен. Ғұндар аспанды «шенли», баланы «гуту» деп атайды. Тəңірқұт 
дегеніміз – күн ұлылықтың бейнесі, аспандай тəңір, құт деген сөз. 
Ғұндарда тəңірқұттан төмен: сол білге хан, оң білге хан; сол жанақ 
хан, оң жанақ хан; сол сардар, оң сардар; сол, оң аға бас жасауыл
сол, оң аға даңға, сол, оң құтағу қатарлы үлкен лауазымдар болған. 
Барлығы 24 əскери-əкімшілік шен болған. Барлық үлкен мансаптар 
атадан балаға мұра болып қалады. Хуйан (қағиан), лан, шүйбу 
(сүбүк) – осы үш тайпа асыл тектілер болып есептеледі. Барлық сол 
қанаттағы шенділер шығыс жақ тұсында тұрады, ал оң қанаттағы 
шенділер батыс жақ тұсында тұрады. Тəңірқұттың өз ордасы тура 


 26
27
осылардың ортасындағы Дайжүн мен Юнжұң аймақтарының өкпе 
тұсына орна ласқан. Бұлардың əрқайсысына тиесілі жер-су жайылым 
бөлініп берілген. Олар өз жайылымдарында қоныстанып көшіп-қонып 
жүреді. Тəңірқұттан төмен сол білге жəне оң білге хан тұрады. Онан 
кейін сол жəне оң жанақ хан үлкен болады. Сол жəне оң гуту ху (сол 
жəне оң құтағу) бас əмірші тəңірқұттың көмекшісі болып табылады. 
Күллі 24 дəрежелі шенділер өзіне қарасты мыңбасы, жүзбасы, онбасы, 
кіші хан (бишияуваң), уəзір (шияң) жасауыл, дувей, даңға (данху), сақа 
(жүйчүй) қатарлы мансаптыларды тағайындайды.
Жаңа жылдың алғашқы айында ел басылары тəңірқұттың ордасына 
жиналып, көктемгі тасаттықтың рəсімін өткізеді. Мамыр айында 
Лұңчың қаласында үлкен жиын өткізіп, ата-баба аруағына, көк тəңірге, 
жерге, жын-перілерге арнап құрбандық шалады. Күзде жылқы семірген 
кезде бүкіл халық орманда жиналып, мал-жанның есебін алады.
Ғұндар соғыста бір жаудың басын алса, бір шөлмек шарап сыйлайды. 
Олжасы өзіне қалады. Тұтқыны өзіне құл болады.
Б.з.д. 182 жылы.
Хан патшалығы, Гаухоу жесір патшайымның 6-жылы.
Ғұнның Мете тəңірқұтының 28-жылы.
Жаз, шілде айы. Ғұндар Дидауды (қазіргі Гансу Линтау ауданының 
оңтүстігінде) шауып, Ыйаңды (қазіргі Гансу өлкесі Жин ауданының 
оңтүстігі) ат тұяғының астында қалдырады.
Б.з.д. 181 жылы.
Хан патшалығы, Гау жесір патшайымның 7-жылы.
Ғұнның Мете тəңірқұтының 29-жылы.
Қыс, қаңтар айы. Ғұндар Дидауға шабуыл жасап, екі мың тұрғынды 
тұтқындап əкетеді.
Б.з.д. 179 жылы.
Хан патшалығы, Вынди патшаның 1-жылы.
Ғұнның Мете тəңірқұтының 31-жылы.
Хан патшалығы ғұндармен қайтадан татуласып, құда-андаласып 
қыз береді.
Б.з.д. 177 жылы.
Хан патшалығы, Вынди патшаның 3-жылы.
Ғұнның Мете тəңірқұтының 33-жылы.
Жаз, маусым айы. Ғұндардың оң білге ханы дарияның оңтүстік 
жағына өтіп, Шаңжүнді шауып, адамдарын қырады. Хан патшасы 
Вынди уəзір Гуанинге 85 мың атты арбалы əскермен Гауну деген жерде 
Ғұндарға қарсы соққы беруді тапсырды. Бірақ оң білге хан дереу кері 
қайтып, шекарадан өтіп кетеді.
Б.з.д. 174 жылы.
Хан патшалығы, Вынди патшаның 6-жылы.
Ғұнның Мете тəңірқұтының 36-жылы.
Лаушаң тəңірқұттың 1-жылы.
Қыс, қараша айы. Хан патшалығының Хуайнан бегі Лиучаң мен 
Жипу бегінің ұлы Сайу көтеріліс жасамақ болып, ғұндарға адам жібе-
ріп, əскери көмек беруін өтінеді. Бірақ сыры ашылып қалып, ниет тері 
жүзеге аспай қалады.
Ғұндар ружыны жойғаннан кейін, Лоулан (Пышамшан, Груран деп 
те айтылады, қазіргі Шиңжаң өлкесі Чарқылық /нəтше, иүзілер деп 
те айтылады/ ауданы), үйсін (қазіргі Гансу өлкесінің Чилан, Доңхуаң 
аралығында) қатарлы басқа да маңайындағы 26 елді өз қарамағына 
қаратып алады.
Мете тəңірқұт Хан еліне хат жолдап, нар жəне жылқы сыйлап, . . . . . . 
та келу ниетін білдіреді. Вынди патша тəңірқұтқа жауап хат жіберіп, 
киім-кешек сыйлап, бұрынғы келісімді қайта қалпына келтіреді.
Хан патшасының солтүстік шекарасы Ляудұңға дейін баратын. 
Шекара сырты Ин тауы (Шұғай, – Ауд.) болатын, ол өңір 500 шақырымға 
созылған, шөбі шүйгін, жері құнарлы еді. Мете тəңірқұт осы өңірді 
мекендеп, садақ-жебе жасап, Хан еліне шабуыл жасаудың оңтайлы 
базасына айналдырады.
Мете қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Жиюй (Күйік) таққа отырып, 
Лаушаң тəңірқұт деп аталады. Вынди патша тағы бір қызды ханшалық 
мəртебемен тəңірқұтқа қатындыққа ұзатады. Орда əтегі Жұңхуаңүені 
ханшаны ұзатып апаруға жібереді. Елші Жұңхаңүе ханшайымды əкеліп 
салған күйі кері қайтпай, ғұндарға бағынады. Ол тəңірқұттың оң, сол 
мансаптыларына адамдар мен төрт түлік малды есептеу жəне санау 
əдістерін үйретті. Осымен бірге күні-түні тəңірқұтқа төрт мезгілдің 
қолайлылығы мен қолайсыздығын айтып ұғындырды.
Бұл ғұнның күшейіп тұрған кезі еді, олар Хан патшалығы шека-
расына ұдайы шабуыл жасап тұратын. Лияңхуайуаңның (бас ақылшысы 
Жайи сан рет патшаға кеңес беріп, тəңірқұтқа қарасты елді бағындыру 
жоспарын жасап ұсынады.
Б.з.д. 166 жылы.
Хан патшалығы, Вынди патшаның 14-жылы.
Ғұнның Леузаң тəңірқұтының 9-жылы.
Қыста ғұндардың тəңірқұты 140 мың атты əскерімен Чауна (қазіргі 
Гансу өлкесі Пинлияң ауданының батыс солтүстігінде), Шиаугуандарға 
(көне қалашығы қазіргі Нинший облысының Гуюан ауданының шығыс 


 28
29
ÀËÛÏ ÅÐ ÒΣFÀÍÛ 
ÆΡÒÀÓ
оңтүстігінде) басып кіріп, Бейдидағы бас жасауыл Сунаңды өлтіреді. 
Көп адамдарын тұтқындап, қыруар мал-мүліктерін барымталап əкетеді. 
Осымен тынбай Пыңяң (қазіргі Гансу өлкесі Жыниуан ауданының 
шығыс оңтүстігі) қаласын да басып алып, атты шабармандарын жібе-
ріп, Хұйжұнгоң (бұрынғы орны қазіргі Шанши өлкесінің Лұңшан 
ауданының батыс солтүстігінде болған) сарайын өртеп жіберді. Хоу 
сарбаздарын Юин мен (қазіргі Шанши өлкесі Фыңшиаң ауданы) 
Ганчуанға (сарайдың аты, көне орны қазіргі Шанши өлкесі Шунхуа 
ауданының солтүстігіндегі Ақбұлақ тауында) дейін барды. Вынди 
патша көп əскер жіберіп, ғұндарға қарсы шығады. Тəңірқұт ұлы қорған 
ішінде бір айдай уақыт кезіп жүріп, кейін кері қайтады. Хан əскерлері 
шекараға дейін қуып барып, ештеңе тындыра алмай құр қайтады. 
Ғұндардан еш шығын шықпайды.


 30
31
Шеңгелін ажал салды ма,
Ер Тоңғаны алды ма,
Сұм дүние артта қалды ма...
Қайғылы жүрек жыртылды-ау.
Сұм ажал бүгін жылатты,
Құрығын салып құлатты,
Бектердің бегін сұлатты.
Қыршын да ғұмыр қырқылды-ау.
Өмірдің күні зырлайды,
Адамның күшін ұрлайды,
Ғұмыр да мəңгі тұрмайды,
Құтылмас ешкім ажалдан.
Тəңірім торын құрғанда,
Тұтылмай адам тұрған ба,
Кертілер алып шыңдар да
Тағдырдың оғы қадалған.
Ажалмен тəңірім сынаған,
Тұра алар қарсы кім оған,
Құздар да одан құлаған,
Құтылып ешкім кетпедің.
Аш арландай аларып,
Қадалғаннан қан алып,
Нұрлы жүздер қабарып,
Тұр қайғыға қамалып
Жауға шабар бектерім.
Ерлікті қаза сынады,
Бектерім жасын бұлады,
Бөрідей ұлып жылады,
Жоқтады жыртып жағасын.
Көңілімді қайғы жандырды,
Жазылмас жара қалдырды,
Кешегі күнге зар қылды,
Кеткенде қайда табасың.
Жалғанның туып заманы,
Жауыздар қаптап барады,
Ашылды сұмның араны,
Сиреді қайран бектерім.
Ажал жұтып ағаны,
Жауыз жайлап барады,
Жақсының өшіп жанары,
Дүние азып барады.
Ê¥ÍÅ Ò×Ðʲ 
ÆÛÐËÀÐÛ


 32
33


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет