«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет8/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

БЕЛГІСІЗ БАТЫРДЫ ЖОҚТАУ
Жаудың отын өшірді, 
Дүниеден көшірді, 
Дұшпанньң қаны жосылды, 
Шəйіт болды өзі, ер еді.
Жақсы істерге бас болған,
Дастарқанына ас толған, 
Жаураса елі ақпаннан, 
Дем беріп ылғи жебеді.
Аямады елден ас-дəмді, 
Оғырақтар одан жасқанды, 
Көзінен жаудың жас тамды,
Сол ерді ажал таңдады.
Жұртына берді ас-дəмді, 
Жаулары одан жасқанды, 
Бастарын талай шапқан-ды, 
Оны да ажал жалмады.
АРМАНШЫЛ ТАЛАПКЕР СӨЗІ
Елден озып кетермін, 
Білімге де жетермін, 
Рахымына құлдық етермін, 
Жəрдем берсе тəңірім.
Мен ұлыны тіледім, 
Рахымы жалғыз тірегім, 
Қабыл болар тілегім. 
Жылқым бірақ ұрланар.
Білім іздеп шарладым, 
Білімдіні таңдадым. 
Көпшілікке бармадым,
Атым кетті босанып.
Талықсыды білегім, 
Жақындады тілегім. 
Жеткізер оған жігерім, 
Жеткенде көзім жұмылар.
32
Саған бергем қалың, 
Енді оны алың,
Қиналады жаным,
Кеткелі тұр құда.


 40
41
33
Мықты — оғырақ ері, 
Лақ еті — жемі, 
Сүті — жанның емі, 
Тақыр бірақ жері.
34
Қазанға майлы ет салынды, 
Табақтар майға малынды, 
Мейманға тостым барымды, 
Қаймағы сүттің алынды.
КӨҢІЛ КҮЙ ЖЫРЛАРЫ
... Жігіттерді жинайық, 
Жеміс теріп, сыйлайық. 
Той қызығын тыймайық, 
Аңға шығып, құс салып.
Төрт аяғын билетіп, 
Құр атқа басын үйретіп, 
Қырық кез құрық сүйретіп, 
Киікке тазы қосайық.
Түлкіге қыран салғанда, 
Тазыны қосып арланға, 
Жеткендей мəз боп арманға.
Ерлік жоқ, сірə, жігіттер, 
Осыдан асқан жалғанда!
НАҚЫЛДАР МЕН ҒАҚЫЛДАР
40
Тасқын сулар таудан өтіп, тас жарар, 
Ну жайқалар тереңдіктен татса нəр.
Қардай аққу, құстар ұшса қаңқылдап, 
Құзғын қалар үні бітіп, қарқылдап.
41
Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер, 
Ұлысыңда ұлы болсаң, біліміңді елге бер!
Асығыс еткен іс шала, 
Асығыс жаққан от шала.
Жіті қара жау жаққа, бекем ұста қылышты,
Өзі тиген дұшпанға сал аянбай ұрысты.
Алдынан шық жауыңның, есіңе ұста күн бұрын: 
Бұз алдымен олардың ерлерінің бірлігін!
Семсер ұста, жасқанба, жау келсе де қаншама, 
Қыл мойынын қиып ап, жез сауытын паршала!
Саған күлсе біреулер — күлкісінің сырын бақ,
Өзің де күл, шарт сынба, тұла бойың, шымырлап.
Ғаріп келсе — күт оны, ас-суыңа қандыр да, 
Қума үйіңнен, бірақ та сапарынан қалдырма.
42
Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, 
Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар.
Қобалжығыш көңілдің, ақылы да жоқ аса,
Мылжыңы көп адамның аспаны да аласа.
Біліп қалса кезімді құс атуға оқталар,
Көлде жүзген қасқалдақ суға сүңгіп жоқ болар.
Көлің толса, үйіңнің жарын жығар,
Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.
Алтының мен күмісің болған сайын кұнықпа,
Қу нəпсіге табынып, тəңіріңді ұмытпа!
Ұйғырлардың, таттардың малын алып арзанға,
байығанмен, 
өткінші дүниеге алданба.
Тұйғын салып, ер жігіт күнін түзде өткерер,
Арқар менен киікті қанжығаға бөктерер,


 42
43
Қайғы-мұңды қуатын менде шаттық, күлкі бар,
Сол сарайға шын достым жұмақтайын ұмтылар.
43
Қауіп сезсе алдынан мұз шұқиды қарғалар, 
Аңшы жоқта тордағы жемге қарап таңданар.
Өлексені көргенде, құзғын көктен құлаған, 
Ақ көңілі сəбидей, сенгіш келер ұлы адам.
Қонақ келсе ер жігіт, құт келді деп үғады, 
Қонақ көрсе жауыздар, тігулі үйін жығады.
44
Байлық — берген абырой — жайлаудағы қоңсыдай, 
Опа жаққан əйелдей, тұрақтамас ол шырай. 
Алтыныңа, малыңа масаттанба, ағайын, 
Күн мен түнің бəрібір өте шығар жолшыдай,
Артық бұйым, адамзат, жауың болар түбінде, 
Білім, өнер бойдағы сауын болар түбінде. 
Байлық деген топан су тау боратар,
Ол иесін түбінде төмен қарай құлатар.
45
Тірі адамға көп екен дүниенің азабы,
Соны ұққанда көзімнен жас сорғалап ағады.
Көргені — азап адамның, Жер дегенің — бір тамұқ, 
Көрмей адам ізгілік, өмір өтер бұлтарып.
Бұл дүниеге келген соң қалмас ешкім мəңгілік, 
Тек жұлдыз бен Күн ғана қайта туар жаңғырып.
Бақ бергенде құдайым таңдамайды адамын, 
Оңға басып бар ісі, өрге аттайды қадамы.
Жылқы мен қой, түйеден дəулет жиған ер еді, 
Енді содан сүт сауып бақ-ырысқа кенеді.
Ердің пейілі бұзылды байлық жиып талғамай,
Дүниеге құлайды қызыл көрген қарғадай.
Ішпей-жемей байлық жиып, зар жылайды 
сараңдар, 
Сараңдықтың кеселінен жырақ болғын, адамдар!
Мал-мүліктен басқа ой жоқ дүниеқор адамда, 
Бұралқы иттей қарайды ол жақын туыс, жаранға.
Дүние үшін діннен безіп, ақыл-естен танады,
Осы жолда баласын да құрбандыққа шалады.
Білімдінің сөзімен бұзу оңай торды да, 
Ақыл сөзді сіңірсең, жоғалмайтын сол мұра!
Кеуде кермес есті адам, жылу берер жанары, 
Ақымақты мақтасаң, ақыл-естен танады.
46
Ағайынды кезінде 
Қолда,
бетін қайырма; 
Тарту алсаң,
өзің де.
екі есе сый дайында!
Жолда жүрген адамды,
Сыйла, тосып тағамды:
Атын да күт,
арпа бер,
Демесін ол сараң-ды.
Кісі келіп күнбе-күн, 
Қонақасы таңдайды. 
Ұнамаса құрметің,
Шығып алып қарғайды.
47
Ақ ниетпен күліп алға 
Келсе, 
шырай таныт сен де.
Жақсы сөзді ұғып ал да,
Өсек-аяң алып келме.
Кекті тайдыр жолыңнан, 
Əділдікті саяла. 


 44
45
Келгенінше қолыңнан 
Жақсылығыңды аяма.
Қиындық түссе басыңа 
Төзгін «Əлі-ақ өтер» деп.
Тағдырды ойла, жасыма, 
Жылай бермей бекер көп.
Табысыңа, байлығыңа сендің бе — 
Асып-таспа, оймен қара Жер, Күнге. 
Зат жоғалтсаң, қайғырарсың,
бірақ та 
Талабыңды өкінішке жеңдірме.
Шақырғанда үлкенге 
Жүгіріп бар, керілме. 
Жұт келгенде жеріңе 
Халқыңмен бол, бөлінбе.
48
Өзіңдікі — бақ, малың, 
Қонақтікі — ас, дəмің. 
Таңдамай күт, тап бабын –
Даңқың, елге жайылар.
Халық сүймес сараңды, 
Жаны жұтаң адамды. 
Кішіпейіл бол, ұлым, 
Атың сонда қалар-ды.
Дүние жиып сенделме, 
Қарның тойса шалқыма. 
Жаның көрге енгенде 
Қалар бəрі артыңда.
49
Ата-анаңды қадірлей біл, ақыл сөзін тұтын да, 
Өз басыңа бақ дарыса, есің шығып құтырма.
Жолдасыңды тастама, жақсы екен деп басқалар, 
Қаз іздеме көлдерден, өз тауығың аш қалар.
Ауыр ісің, қайғыңды біреуге артпа, тұлданба, 
Өзгелерді тойдырма, қарның ашып тұрғанда.
Ұлым, саған айтайын өсиетін дананың:
Білімдіні таны да, соңынан ер, қарағым.
Білім үйрен данадан, жалтаңдама басқаға. 
Қызмет қыл, басыңды іи, өрлігіңді таста да.
50
Түйір тары қалмады, 
Тышқан, суыр жалмады,
Бұйырмады бұл асың, 
Енді нені тығасьң.
51
Ерлер өткен таң нұрлы, 
Білімдері тау ғұрлы: 
Олар айтқан өсиет
Көңіл шөлін қандырды.
52
Мұзды жақұт демегін, 
Сыйды ақым демегін.
Болымсызға сүйсінбе —
Жақтырмайды даналар.
53
Қыстың қамын, 
Қытымыр, жайлы жазда ойлағын,
Қамсыз кешсең күн, түнді —
өтер ізсіз айларың.
54
Жолдас болма адаммен сырты жылтыр, іші жат. 
Ат болғанда асау тай, тыным табар қысырақ.


 46
47
ÕÓÀÑÒÓÀÍÈÔÒ
55
Таққа шығып тұрсаң да, тəңіріңді ұмытпа, 
Асып-тасқан көңіліңді ақылыңмен шыбықта.
56
Көңілі кедей сорлы адам ойламайды ар жайлы, 
Күшпен оны ешкім де тойындыра алмайды.
Ұлық болса еліне ізгі болар ер кісі, 
Кішілік пен кісілік — ұлылықтық белгісі.
57
Дəулетті адам байи түсер, сый да алар, 
Жарлы бектер жəрдем көрмей қиналар.
58
Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр, 
Үйренгенді желге ұшырмай — іске асыр.
59
Жаудың күшін аз ғой деп нан пісірме,
деміңе, 
Ескермесең жауыңды, қатер төнер еліңе.


 48
49
1. Хормузта тəңірі бес тəңірі
2. менен барлық зұлымдық жаратушысына қарсы
3. соғысқалы (аспаннан осы жаққа) келді.
4. (Ол) зұлым иесі Шмнудың 
5. бес түрлі жақтасымен соғысты. 
6. Тəңірлер мен албастылар, жарық пен
7. қараңғылық араласты. Хормузта тəңірі
8. ұланы бес тəңірі мен біздің жанымызбен бірге
9. зұлым албастылармен соғысып, бастан жаралы
10. болды. Сондай-ақ барлық зұлымдық жаратушылар
11. тойымсыз, ұятсыз, ашкөз албастылармен бірігіп
12. жүз қырық түмен (болды). Зұлымдық албастылары
13. біліксіз болып, өздері көңілсіз (сезімсіз) 
14. қалды. Олар (өздері) туып, жаратылған
15. мəңгі тəңірі жерін ұмытып кетті. 
16. Жарық тəңірлерден айырылды (жырақтады). Онан 
17. соң, бар тəңірім, зұлымдық 
18. иесі Шмну өзімізді,
19. ақыл-ойымызды азғырды.
20. Біліксіз, ақымақ болғанымыз үшін.
21. Барлық жарық жандардың негізіне,
22. Таза жəне пəк Азруа тəңіріге қарсы шығып,
23. жазықты болдық. Қателестік.
24. Жарық пен қараңғылық, құдайлар мен 
25. албастылар негізі (сол) деген едік.
26. Тірілткенді тəңірі тірілтеді, өлтіргенді
27. тəңірі өлтіреді деген едік. Жамандық-
28. жақсылықтың барлығын сол тəңірі жаратмыш
29. деген едік. Мəңгілік тəңірлерді
30. жаратқан сол деген едік. Хормузта
31. тəңірі мен Шмну ағалы-інілі 
32. деген едік. О, тəңірім, айтқан сөзде, 
33. тəңіріге қатысты, білмейтін күнəлар бар. 
34. Біз астамшыл, əдепсіз сөздер айттық.
35. Осылайша кешірілмейтін жазықты (күнəлі) болған
36. едік. Тəңірім, енді мен, Раимаст 
37. перзенті, өкінемін, жазықтан босатуыңды
38. өтінемін. Манастар ғирз-а
39. Құтлұғ падс. Екінші (Екінші бөлім): сондай-ақ,
40. Күн, Ай тəңіріге жəне екі жарық ордасы 
41. ішінде болғандар тəңіріге. Барлық
42. бұрхандардың таза есімдерінің, ізгілік
43. жасайтын рухтарының, жер-су,
44. жарықтың иелері тізіліп 
45. тəңіріге барар жолға беттейді. Алдыңғы (бірінші)
46. есік (соған алып барар жол) – Күн мен Ай тəңірі. Бес
47. құдайды жіберу үшін, жарық пен қараңғыны 
48. ажырату үшін толық болып туады.
49. Төрт бұрышқа жарық шашады. Тəңірім,
50. осыларды білместен
51. Күн мен Ай тəңіріне, екі
52. жарық орда ішінде
53. болған тəңірлерге
54. нешеме жазықты болдық.
55. Сондай-ақ күшті, қуатты, артық 
56. тəңірі деп тұрып бұған сенбедік.
57. Сонымен қатар, қаншама рет
58. ұятты, əдепсіз сөз
59. айттық... сонымен қатар,
60. Күн мен Ай өледі дедік.
61. Əлсіздігінен туар, батар, күшті
62. болса туып-батпас деген 
63. едік. Өзіміз жайында
64. Күн мен Айдан артықпыз
65. деген едік. Бұл екі
66. білмей істеген күнəдан 
67. босатуды өтінеміз.
68. Манастар ғирз-а
69. Үшінші: Бес тəңіріге
70. Хормузта тəңірі ұландарына:
71. бірі – Самал тəңірі, екіншісі –
72. Жел тəңірі, үшіншісі – Жарық
73. тəңірі, төртіншісі – Су тəңірі,
74. бесіншісі – От тəңірі. Олар зұлым албастылармен соғысып, жара-
ланғандары 
75. үшін қараңғылық тəңірлігіне қарсы бірігіп аттанды.
76. Олар осы жерде. Үстінде он қат көк, астында
77. сегіз қат жер бес тəңірі үшін тұр. Барлық жер үстіндегілер:
78. құт, қуаныш, өмір, тіршілік, күш, жарық, 
79. тамыр мен негіз. Бес тəңір осылар. Тəңірім, аталған бес тəңіріні
80. білместен нешеме рет қателестік, оларды неше рет жаман, пасық 
ойлармен жəбірледік.
81. Төрт жиырма (он төрт) түрлі мүшемізбен: он жылан басты
82. саусақтармен, екі қырық (отыз екі) тіспенен, тіршілік иелерін ас 
қылып,
83. тəңірлерді нешеме рет ашуландырдық, ауырттық (ренжіттік). Құр-
ғақ жерге,
84. бес түрлі тіршілікке, бес түрлі отқа, ағашқа


 50
51
85. нешеме жазықты болдық. Енді, тəңірім, күнəмізді кешіруді өті не-
міз.
86. Манастар ғирз-а. Төртінші: Тəңірінің
87. шабарман елшілеріне, бұрхандарға, шын жүрегімен берілген дін-
дарларға
88. білместен нешеме жазықты болдық. (Оларды) тəңірінің шабарман 
бұрхандары
89. деп, ізгілік қылушы діндар деп сенбедік. Егер тəңірі 
90. атымен сөйлесе, надандықтан қарсы тұрдық.
91. Тəңірі атын атағанмен, (оның) заңын орындамадық. Тəңірім, енді
92. күнəмізді кешіруіңді өтінеміз. Манастар ғирз-а. Бесінші:
93. Бес түрлі тіршілік иелері: бірінші – екі аяқты кісілер, екінші –
94. төрт аяқты жануарлар, үшінші – ұшатын құстар, 
95. төртінші – суда өмір сүретін жануарлар, бесінші – жерде 
бауырымен
96. жорғалайтындар. О, бар тəңірім, бұл бес түрлі 
97. тірі, үлкенді-кішілі тіршілік иелерін нешеме қорқыттық,
98. үркіттік. Қаншама (оларды) ұрдық, қинадық,
99. зəбір көрсеттік, қаншама өлтірдік. Осыншама тіршілік 
100. иелерінің алдында жазықты болдық. Тəңірім, енді күнəмізді
101. кешіруіңді өтінеміз. Манастар ғирз-а. Алтыншы:
102. Тəңірім, қаншама шын-өтірік сөз айтып, он
103. түрлі күнə қылдық. Нешеме жалғандық жасадық.
104. Тағы пайда үшін қаншама ант бердік, қаншама
105. адам жалған куə болды. Тағы қаншама адамды жазықсыз
106. қуаладық (соңына шам алып түстік). Қаншама сөз таратып, 
кінəсіз адамдарды
107. себепсіз қаралап көңіліміздегі (жүректегі) біліктілікті аздырдық.
108. қаншама сиқырлықпен айналысып, қаншама жанды-
109. жансыз тіршілік иелерін өлтірдік. Қаншама бұзықтық жасап, өті-
рік айттық.
110. Қаншама өзімізге тапсырылған кісі аманатын жеп, Күн мен Ай 
тəңірі
111. сенбейтіндей күнə жасадық.
112. ұзын киімді жас адамдарға қаншама күнə жасап, 
113. жаңылыстық. Қаншама тіршілік иелеріне кедергі 
114. жасадық. Тəңірім, енді осы он түрлі күнəмізді 
115. кешіруіңді өтінеміз. Манастар ғирз-а. Жетінші:
116. Сондай-ақ, кім күнə істерге бастайтын улы жолдарға бастаса, сол 
тамұқ 
117. қақпасының алдына барады. Бірінші – жалған заңдар мен ере-
желерді 
118. ұстанғандар. Екінші – албастылар мен жын-шайтандарға тəңір 
деп бас ұрғандар.
119. Себебі олардың өздері күнəға батқандар. О, бар жəне шынайы
тəңі рім, тура заңдардың иесі,
120. білмей жəне түсінбей пайғамбарлар мен құдай жолын ұстанған 
діндарлар насихат айтқанда
121. оларды мойындамадық, тыңдамадық. Керісінше өз-өздерін «мен 
құдай жолындамын», «мен құдай заңын уағыздаушымын» деген 
жалған шылардың
122. сөздерін қабылдап, қаншама қателікке
223. ұрындық. Қаншама рет біз қателік жібердік, қаншама рет 
124. қайырымдылық жəне көмек жасап жатырмыз деп ойлап 
қателікпен құрбандық шалдық. 
125. Қателікпен қаншама жаман қылықтар істедік, сондай-ақ албас-
тылар мен жын-шайтандарды
126. тəңір деп, тіршілік иелерін өлтірдік.
127. Пайғамбар екенін біле тұрып, оған сатқындық жасадық, ол 
туралы өсек тараттық.
128. Жын-шайтанға сыйынып, одан алақан жайып құт сұрап, тəңір 
ал дында жазықты болдық.
129. Тəңірім, енді өкініп, өзіңнен күнəмізді кешіруіңді 
130. өтінеміз. Манастар ғирз-а. Сегізінші: 
131. Тəңірлік пен тура жолды, екі негіз (бастау) бен
132. үш мезгілді заңды білдік. Жарық негізі (бастауы) мен тəңірі 
жерін (жұмақ),
133. Түнекті негіз (бастау) бен тамұқты жерді білдік. 
134. Біз аспан мен жер жаратылмастан бұрын болғандарды біліп
Құдайлар мен жын-шайтандар (бір-бірімен) 
135. жарық пен қараңғылық секілді неге жауыққанын айттық. 
136. Тəңірлікпен кім жаратқанын білдік жəне айттық, сондай-ақ 
Арқұн жері
137. жарық пен қараңғылық ажыратылғандай жоқ болғандығын сөй-
ледік.
138. Одан кейін не болатынын білдік. Азруа тəңіріге,
139. Күн-Ай тəңіріне, құдіретті тəңіріге, пайғамбарларға
140. сендік жəне бағындық. Төрт тамғаны (белгіні)
141. жүрегімізге тамғаладық. Бірінші – махаббат, Азруа тəңірі
142. таңбасы. Екінші – сенім, Күн-Ай тəңірінің таңбасы. Үшінші –
143. қорқыныш, бес тəңірі таңбасы. Төртінші – біліктілік, 
144. бұрхандар таңбасы. Тəңірім, біліктілімізді, көңілімізді бұл төрт 
145. түрлі тəңірлерден алыстатқандықтан,
146. тəңірі таңбасы бұзылған еді. Тəңірім, енді жазығымызды
147. кешіруіңді өтінеміз. Манастар ғирз-а. Тоғызыншы:
148. Он түрлі сый тұттық: үшеуі – ауыздың, үшеуі – 
149. жүректің, үшеуі – қолдың жəне біреуі қалған тіршілігіміз үшін 
150. керек. Тəңірім, біліп-білмей тəкаппарлықпен


 52
53
151. дос-жарандарымыздың көңілін бұзатын сөздерді айттық,
152. пайда үшін алдап малдарын алдық. 
153. Он түрлі сыйды жасамадық жəне оны шектедік,
154. қысқарттық. Тəңірім, енді жазығымызды кешіруіңді өтінеміз.
155. Манастар ғирз-а. Оныншы: Күніне төрт рет
156. Азруа тəңіріге, Күн-Ай тəңіріне, күшті тəңіріге, 
157. біліктілігі (мақсаты) бір бұрхандарға (пайғамбарларға) мадақ-
құл шылық
158. бар еді. Бірақ қорқынышты ұмытып, жалқаулықпен, 
159. мадақ-құлшылықты орындамадық. Сондай-ақ жүрегімізді, 
160. сезіміміз бен ақыл-ойымызды тəңіріге бағыштамадық. Сондықтан 
біздің мадақ-құлшылығымыз
161. тəңіріге жетпеді. Жер бетінде қалып қойды.
162. Тəңірім, енді жазығымызды кешіруіңді өтінеміз. Манастар
163. ғирз-а. Он бірінші: Сондай-ақ жеті түрлі қасиетті 
164. төре (заң) болды. Тағы, бес тəңірі жарығын 
165. жинақтаған періштелер Ғроштағу мен Бдуағтар аспан тəңірінің 
166. жіберушісі (елшісі) жəне босатушысы (жамандықтан құтқару-
шысы) еді. (Олар) бес тəңірінің жарығын бізге бағыттап отырған 
еді.
167. Біз əр түрлі жолмен қасиетті төреге (заңға) кіргізулер жараттық 
(өзгер
тулер енгіздік).
168. Қиындықтар(дан қашып) жəне қажетті пайда үшін.
169. Жеті түрлі қасиетті заңды ұмыттық.
170. Тəңіріге барар жолда, (күнəдан) босану шағында біз бес тəңірі 
жарығын үй шаруашылығына
171. алмастырдық. Адамдарға зұлымдық жасадық, тіршілік иелеріне
172. жауыздық қылдық, төктік, шаштық. Тəңірі
173. жарығын жауыздық жеріне жібердік. Енді, Тəңірім, енді жазығы-
мызды
174. кешіруіңді өтінеміз. Манастар ғирз-а. Он екінші:
175. Бір жылда елу күн адал діндарларша «вусанти» болу
176. заңы бар еді. Тəңіріге бой ұсынған түрде қасиетті аштық (ораза) 
177. міндетті еді. Бірақ біз үй шаруашылығы үшін,
178. мал-мүлікті көбейту үшін, ауырлық пен қиыншылықтан қа-
шып
179. опасыз жəне тойымсыз жын-шайтанның разылығы үшін, қорқы-
нышсыз жүрегіміз 
180. үшін, ерініп, жалқауланып, ерікті жəне еріксіз оразаны тұт-
падық.
181. Егер ораза ұстасақ, қасиетті заңда жазылғандай орындамадық.
182. Енді, Тəңірім, енді жазығымызды кешіруіңді өтінеміз. Манастар 
183. ғирз-а. Он үшінші: Ай тəңіріне күн сайын адал 
184. діндарларға ұқсап сөзімізді, күнəмізді 
185. кешіруін өтіну керек еді. Бірақ ерікті жəне еріксіз
186. ерініп, жалқауланып, (дүние) ісіне көңіл бөліп күнəдан
187. құтылуға бармадық (асықпадық). Тəңірім, енді жазығымызды ке-
шіруіңді
188. өтінеміз. Манастар ғирз-а. Он төртінші:
189. Бір жылда жеті рет құрбан шалу заңы бар еді. Бір айда бір рет 
190. (құдай жолында, діни) нəзір (садақа, сый) беру бар еді. Сондай-
ақ құрбандық кезінде ғибадатханада болып,
191. ораза ұстап, тəңірі мен бұрхандар алдында шын көңілмен
192. бір жылғы күнəмізді кешіруін өтінуіміз керек еді. Тəңірім,
193. жеті рет құрбандық шалуды ұмыттық, бір айда берілетін нəзірді 
194. шын көңілмен орындамадық, бір жылда
195. болған күнəларымызды шын ықылас-пейілмен кешіруді сұрай 
алма дық.
196. Қаншама кемшіліктеріміз бен ағаттықтарымыз болды. Тəңірім, 
енді жазығымызды кешіруіңді 
197. өтінеміз. Манастар ғирз-а. Он бесінші: Күн
198. сайын қаншама жаман ойларды ойлаймыз, нешеме айтуға болмай-
тын
199. күнəлі сөздерді айтамыз, нешеме істеуге тыйым салынған 
күнəлі
200. істерді істейміз. Ақымақ істермен өзімізді өзіміз
201. қинаймыз. Күніге бізді ішкізіп-жегізген бес тəңірі жарығын 
202. өз тəніміз бен жанымыздың «тойымсыздық» жəне «ашкөздік» 
де ген жауымызға сүйіспеншілігіміз
203. арқылы аулақ жібердік. Сол үшін, тəңірім, 
204. күнəмізді кешіруіңді өтінеміз. Манастар ғирз-а.
205. Тəңірім, біз – кемшілікке толы жазықтымыз, қарыздармыз, бере-
шекпіз. Тойымсыз,
206. ұятсыз жын-шайтанға ілесіп жасаған ойымыз, сөзіміз, қылығымыз 
үшін.
207. Сондай-ақ көзіміз көріп, құлағымыз есітіп, тіліміз сөйлеп, қол-
дарымыз
208. ұстап, аяқтарымыз жүріп үздіксіз (күнəға) батамыз.
209. Бес тəңірі жарығын құрғақ жерде иеленіп, бес түрлі тіршілік 
иесін,
210. бес түрлі ағаш-шөпті (жоямыз). Осылай біз күнəліміз. 
211. Он түрлі сыйды, жеті құрбандықты, үш таңбаны орындаушы
212. атын иеленгенмен, оларды орындамаймыз. Тағы жарық
213. тəңірлерге, қасиетті жазбаға, тəңір жолындағы жəне қасиетті жаз-
баны уағыздаушы адал діндарларға
214. қаншама жазықты болдық, жаңылыстық. Нешеме рет тəңірі айт-
қан
215. біліктілік (жолмен) жүрмей, тəңірлердің көңілін қалдырдық.


 54
55
216. Сондай-ақ «вусанти» (оразасы) мен (ай сайын берілетін) нəзірді 
қасиетті жазбада жазылған заңша тұта
217. алмай, шектеп, қысқарттық. Күн сайын жəне
218. ай сайын күнə жасадық. Жарық тəңірлерден, 
219. қасиетті жазбадан, адал діндарлардан күнəмізді кешірулерін
220. өтінеміз. Манастар ғирз-а. Ботурмыш тархан
221. түгетті (аяқтады) күнəлілердің өкініп айтқан сөзі «Хуастуа-
нифтті».
ÓÅÉÍÀÌÀ


 56
57
ТҰЙҒҰН
Тұйғұн асылында Ляудұңдағы сянбилерден шыққан Тухылық 
Запгүй деген кісінің баласы еді. Запгүйдің тағы бір аты Елаған бола-
тын. Оның екі ұлы болды. Тоқалының тұңғышы Тұйғұн еді. Кішісінің 
аты Нағрағи еді. Запгүй көз жұмған соң ұлыстың билік тізгінін 
Нағрағи қолына алды. Мурұң деген, міне, осы адам еді. Запгүй көзінің 
тірісінде Тұйғұнға 700 түтін бөліп берген еді... 
Тұйғұндар Лұң жеріне ауып, онан Фухəнда тұрып қалды. Фухəннан 
Гəнсұңға, оңтүстік шекарасы Аңчың, Лұңхыға, Таушұй кешуінен
оңтүстік-батысы Бакланға дейінгі мыңдаған ли аумақты иелеп, судың 
тұнығына, шөптің шүйгініне қарай көшіп-қонып, жұпыны үйлер мен 
қостарда жатып-тұрды, ет пен мал сүмесінін азық етіп тіршілік етті. 
Солтүстік-батыстағы кірме халықтар бұларды аза деп атады. 
Бұғленті өлді, орнына баласы Қола таққа отырды. Ол өзін қаған деп 
жариялап, Көккөлдің батысынан 15 лидей жердегі Бұқса қамалында 
тұрды. Қаласы болса да, көбіне күмбез шатырды үй етіп, судың 
тұнығына, шөптің шүйгініне қарай көшіп, малшылықпен шұғылданды. 
Иелігі шығысы шығысы мен батысы 3000 ли, оңтүстігі мен солтүстігі 
1000 шақты ли келетін аумақты қамтыды. Ұлықтар хан, сұлтан, 
атарман, санат, басқауыл жəне сеңүн деген аттармен аталды. Қоланың 
балға пішіндес етіп түйген, қауырсын тағылған əдемі маржанды айдары 
бар еді. Ол басына қара мақпалдан кепеш киеді. Арыстан пішінді 
алтын сəкіде отырады. Зайыбына қатұн деген атақ берді. Зайыбы 
түрлі түсті торғыннан көйлек киеді, иығына қамқа тон жамылады, 
шашын бұрым дап өріп арқасына салып жүреді, басына алтын тəті 
киеді. Олардың салты: ерлерінің киім-кешегі хуашялықтармен 
барандас, көбіне бастарына патсайыдан жыға киеді, жібектен кепеш 
киетіндері де кезігеді. Əйелдер інжу-маржан тағынғанды, шашын 
буғанды дегдарлыққа балайды. Қару-жарақтан садақ, қылыш, 
сауыт, найза бар, ел ретінде тұрақты алым-салық алынбайды. Қажет 
кезінде қазына бай-бардамдар мен саудагерлерден жиналған салық 
есебінен толықтырылады. Олардың жаза заңында: кісі өлтіргендер, 
ат ұрлағандар өлімге бұйырылады. Басқа қылмысқа заттай айып 
төлетіледі. Ісінің ауыр-жеңіліне қарай дүреге де жығады. Өлім жазасына 
бұйырылғандардың басы-көзін киізбен тұмшалап тастап, биікте тұрып 
таспен атқылайды. Əкесі, ағасы өлсе, өгей шешелеріне, жеңгелеріне 
үйлене береді. Бұл жақтағы əдеті түріктермен бірдей. Некеге отырғанда, 
қалыңмалын төлей алмаған кедейлер қалыңдығын ұрлап алып қашады. 
Мəйітті түгел (көміп) жерлейді. Қаралы киімдерін жерлеу салты өткен 
соң шешіп тастайды. Табиғаты – қанағатсыз, жауыз. Саят құруға əуес, 
ет пен мал сүмесінін қорек етеді. Егін салуды да біледі. Жерінде арпа, 
қонақ, бұршақ шығады. Бірақ солтүстік аймақтарында климаты суық 
келетіндіктен, шалқан, арпа ғана өседі. Сондықтан халқында кедейлер 
көп, ауқаттылар аз болады...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет