«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет2/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ББК 83.3 
Ə
4603020000 – 30
00(05)–07
07
РЕДАКЦИЯЛЫҚ БАС АЛҚАДАН
Қазақ əдебиеті мен мəдениетінің құндылығын танытатын ежелгі түркі 
дəуіріндегі жазба ескерткіштер мен орта ғасырлық əдеби жəдігерлер осы 
күнге дейін толық көлемде жарық көрген жоқ. Кеңестік кезеңдегі белгілі 
шығыстанушылар мен түрколог ғалымдар көне түркі əдеби ескерткіштерін өз 
деңгейінде зерттеп жариялағанымен де, бұл басылымдарда белгілі себептерге 
байланысты ежелгі мұралардың маңыздылығын арттыратын мəтіндер 
берілмеді, көне əдеби жəдігерлерді дайындап жарыққа шығару ісі кенже қалып 
келді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында М.О.Əуезов атындағы 
Əдебиет жəне өнер институты «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы 
шеңберінде орындалатын «Əдеби жəдігерлер» атты ғылыми басылымды 
дайындап, жарыққа шығаруды қолға алды.
Елімізде алғаш рет іске асырылып отырған «Əдеби жəдігерлер» сериясының 
басты мақсаты – халықтың ежелгі заманнан бергі жазба мұралары мен əдеби 
жəдігерлерін сол күйінде өзіне қайтару, түркі халықтарына ортақ ежелгі 
жəне орта ғасыр əдеби ескерткіштері мен ХV–ХІХ ғасырлардағы əдебиет 
шығармаларын неғұрлым толық жариялау. Бұл ретте ғылыми жəне көпшілік 
кітапханалардың сирек қорларында сақталған барлық дерлік ежелгі жəне орта 
ғасырлардағы əдеби жəдігерлер, ХV–ХІХ ғасырлар əдебиетінің мəтіндері 
ғылыми басылым томдарына енетін болады. Серияда: а) 1917 жылға дейін кітап 
болып басылған əдеби жəдігерлер; ə) қолжазба күйінде сақталған мұралар; 
б) кеңестік кезеңде əкімшіл-əміршіл жүйе саясатына ілініп, цензураға түскен 
мəтіндер; в) түрлі себептермен тыйым салынып, осы күнге дейін ғылыми 
айналымға түспеген шығармалар бар.
Əдеби жəдігерлердің мəтіндері қолжазба күйінде болсын, баспа бетінде 
жарық көрген күйінде болсын, сол бастапқы қалпында жарияланады да, 
ешқандай редакторлық өңдеуге жол берілмейді.
Серияның басты ерекшелігі – ежелгі жəне орта ғасырларда түркі тілінде 
жазылған əдеби жəдігерлердің біраз бөлігі алғаш рет қазақ тіліне аударылып 
беріледі.
Ғылыми басылым томдары хронологиялық тəртіппен жарияланады. 
Алғашқы том көне түркі дəуірінен басталып, соңғы том ХІХ ғасыр кезеңімен 
аяқталады. Бірнеше томды құрайтын серияның əр томы редакциялық бас 
алқаның кіріспе мақаласымен ашылып, соңында жазылған түсініктемелерді, 
сөздік пен жер-су атауларын, мəтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни 
есімдерге байланысты түсініктерді, сондай-ақ пайдаланылған əдебиеттер 
тізімі мен орыс жəне ағылшын тілдерінде жазылған резюмелерді қамтиды.
Оқырман қауымға ұсынылып отырған «Əдеби жəдігерлер» сериясының 
бірінші томында сақ-ғұн заманындағы жəне Түркі қағанаты тұсындағы көне 
əдебиет туындылары, сонымен бірге ІХ

Х ғасырлардағы əдеби шығармалар 
беріліп отыр.
Б.з.б. ғұн тəңірқұттары туралы жылнамалық баяндар Қытайдың ежелгі 
жазбаларындағы ғұндардың тарихы туралы жазылған «Ғұн тарихының 
жылнамасы» кітабынан (2004) алынып отыр. 
Ежелгі сақтар билеген кезеңнен сыр шертетін «Күнге мадақ» өлеңі «Екі мың 
жылдық дала жыры» (2001) негізінде, ал Тұран елінің билеушісі, сақтардың 
ержүрек қолбасшысы Тоңға батыр өліміне байланысты шығарылған «Алып Ер 


 8
9
Тоңғаны жоқтау» жыры М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрк» атты атақты 
еңбегінде жарияланған мəтіндер бойынша дайындалды. 
Көне ұйғыр əрпімен жазылған манихейлік дұға «Хуастуанифт» жазба 
ескерткіші алғаш рет қазақ тіліне аударылып, ғылыми айналымға енгізіліп отыр. 
Түпнұсқадан аударған – филология ғылымының кандидаты А.Əлібекұлы.
Қытайда əр дəуірде жазылған «Жиырма төрт тарих» деп аталатын ресми 
жылнамалардағы түрлі тарихи баяндарда көне түркілерге байланысты құнды 
тарихи деректер мен аңыздар кездеседі. Қытайда тұратын қазақ ғалымдары 
осы материалдарды сұрыптап, көне қытай тілінен қазіргі қазақ тіліне аударды, 
тарихи-деректану тұрғысынан ғылыми түсініктер жазды, осы қыруар жұмыс 
барысында 2006 жылы Үрімжідегі «Шыңжан жастар өрендер» баспасынан 
«Ұлы Түркі қағанаты» атты көлемді жинақ шығарды. Құрастырып, түсініктерін 
жазған Қытай Халық Республикасы Шыңжан Ұйғыр автономиялы районы 
Қоғамдық ғылымдар академиясы Тарих институтының аға ғылыми қызметкері 
Шадыман Ахметұлы.
«Əдеби жəдігерлер» сериясының 1-томында осы жинақтағы Түркі 
қағанатына дейінгі дəуірде өмір сүрген түркі ұлыстары жөнінде сыр шертетін 
«Уейнама» жылнамасынан, Түркі қағанаты құрылып, дəуірлеп тұрған кезең 
туралы жəне қағанаттан кейінгі түркіленген ұлыстар жөнінде баяндайтын 
«Солтүстік Чинама», «Жоунама», «Сүйнама», «Солтүстік əулеттер тарихы» жы-
намаларынан материалдар беріп отырмыз. Бұл мəтіндерді томға Ш.Ахметұлы 
ұсынды.
Орхон, Енисей жазба ескерткіштерінде Түркі қағанатының көрнекті мем-
лекет қайраткерлері Білге қаған, Тоныкөк сияқты ержүрек қолбасшылардың 
ел-жұртын қорғап басқарудағы ерлік істері мен өнегелі қызметі дəріптеледі. 
Бұл аса құнды əдеби жəдігерлерді томға дайындау барысында Күлтегін, Білге 
қаған туралы жырлар мен осы дəуірде жазылған «Бұғыты», «Онгин ұстыны», 
«Күүлі-чор»жазба ескерткіштерінің мəтіндері Орхон мұраларына тілдік, 
тарихи, этнографиялық, археологиялық талдау арқылы жаңаша мəтіннамалық 
тұжырым жасаған белгілі түркітанушы-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының 
«Орхон мұралары» кітабы (Астана, 2003) негізінде дайындалса, Тоныкөк 
жырлары мен VІІІ ғасырдағы «Мойын-чор», «Тариат», «Суджа» əдеби жəдігер-
лері, «Майда Орхон ескерткіштері» жəне шамамен VІІІ ғасырдың соңы – ІХ 
ғасырдың бас кезінде туған «Ырқ бітіг» түс көру мен түс жору жазба ескерткіші 
белгілі түркітанушы-ғалым Ғұбайдолла Айдаровтың «Орхон ескерткіштерінің 
тексі» кітабы бойынша (Алматы, 1990) берілді.
Монғолия мен Қытайда, Алтай, Енисей өлкелерінде жəне Тува Республи-
касында табылған көне дəуір куəлары – VІІ–VІІІ ғасырлардағы түркі жазба 
ескерткіштері – «Алтын тамған тархан», «Орду-Балық» жазба жəдігерлері, 
«Чойр» бəдіз бітігі, «Күлтархан», «Тэсийн», «Сүүжийн», «Барық», «Бегре», 
«Чаа-Қол», «Алтын көл», «Кемчік-Чырғақ», «Қызыл-Чыра», «Көжелік-Қобы», 
«Теле», «Абақан», «Кербис-Бары», «Шанчы», «Ел-Бажы» бітіктастары, Талас 
түркі бітіктастары, «Уюк-тарлақ», «Уюк-Аржан», «Уюк-Туран», «Елегест», 
«Уйбат», «Бай-Бұлын» бұғытастары жəне Қазақстанда табылған кейбір түркі 
бітік ескерткіштері алғаш рет түпнұсқадан қазақ тіліне аударылып берілді. Бұл 
жазба əдеби жəдігерлерді қазақ тіліне аударып, ғылыми түсініктерін жазған 
түркітанушы-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Нəпіл Базылхан.
Серияның осы томында орта ғасырда өмір сүрген аса көрнекті түркі 
ғалымы Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» атты атақты еңбегінде 
жарияланған түркі халықтарының мақал-мəтелдері мен бəйіттері оның 1993 
жылы Алматыда жарық көрген «Түбі бір түркі тілі» («Диуани лұғат-ит-
түрк») атты кітабынан алынып, белгілі түркітанушы-ғалым Əрсен Ибатов пен 
Қанапия Бекетаев аудармасы негізінде берілді.
Басылымның алғашқы томына түркі тілдес халықтарға ортақ көне жазба 
ескерткіштердің бірі – «Оғыз-нама» əдеби жəдігерінің түпнұсқаға жақын 
жасалған қазақша ғылыми аудармасы енгізілді. Бұл ретте «Оғыз-наманы» 
алғаш рет қазақ тіліне аударған белгілі əдебиеттанушы ғалымдар, Қазақ КСР 
ҒА-ның корреспондент-мүшесі Ə.Дербісəлин, филология ғылымдарының 
докторлары М.Жармұхамедұлы мен Ө.Күмісбаев дайындаған мəтін нұсқасы 
негізге алынды («Оғыз-наме», «Мұхаббат-наме». Алматы, 1986).
ІХ–Х ғасырларда туып, ХV ғасырда хатқа түскен көне оғыз-қыпшақ 
мəдени ескерткіші – «Қорқыт ата кітабы» дүниежүзілік əдебиеттің алтын 
қорына қосылған түркі тілдес халықтарға ортақ əдеби мұра болып табылады. 
Томда белгілі əдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, 
профессор Əуелбек Қоңыратбаев дайындаған нұсқа сол қалпында беріліп 
отыр.
Серияның бұл томын қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист 
ғалым, ойшыл Əбунəсір əл-Фарабидің поэзия табиғатын талдап жазған «Өлең 
өнерінің қағидалары туралы трактаты» мен ақындығын айғақтайтын бір топ 
өлеңдері аяқтайды. Ұлы ғалым туындылары белгілі ақын Аян Нысаналин 
аударған нұсқа бойынша (Əбунəсір əл-Фараби. Трактат жəне өлеңдер. – 
Алматы, 1974) берілді.
Том соңында берілген ғылыми қосымшалар жинаққа енген көне түркі 
əдеби жəдігерлеріне жазылған түсініктемелерді қамтиды. Қосымшаларда 
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің сөздігі, жер-су атаулары, мəтіндерде 
кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, пайда-
ланылған əдебиеттер тізімі, орыс жəне ағылшын тілдерінде жазылған қысқаша 
резюмелер берілді. 
Томның көлемі – 504 бет.


 10
11
Ê×ÍÃÅ ÌÀÄÀ¡


 12
13
1. Біз тұлпарлары қанатты,
Мəңгілік жарыққа,
Күнге сиынамыз.
Күн жарық шашқанда,
Күн жылу шашқанда,
Жүз мыңдағандар
Құдіретті сезінеді,
Содан соң Мазданың
Сыйлаған Жерінде
Жарық-нұр салтанаты үшін,
Ақиқат салтанаты үшін
Бақытын табады əркім,
Бақыт сыйлайды əркім.
2. Күн шыққанда,
Мазда сыйлаған
Жер де киелі күйде,
Су да киелі күйде;
Барлық ағын сулар да,
Барлық бастаулар да,
Тұйық тоспа сулар да,
Теңіздердің суы да,
Əулие рухының
Барлық жаратқандары киелі.
3. Егер Күн шықпаса,
Жер бетіндегінің бəрін
Жын атаулылар жояр еді.
Онда мынау дүниеде
Құдірет иелері, сірə,
Болмай-ақ та қояр еді.
4. Кімде-кім Күнге,
Тұлпарлары қанатты,
Мəңгілік Жарыққа сиынса,
Қаратүнектен туған
Жын атаулыларды жасқап,
Қаратүнекпен күреспек болса,
Ұрылармен күреспек болса,
Мыстандармен күреспек болса,
Қатерден жəне ұмытылудан
Сақтанғысы келсе –
Өзінің Жан рухы,
Əулие жəне мəңгі өлмейтін
Жерде əрі көкте
Тəңірінің көңілін табады,
Кімде-кім Күнге,
Тұлпарлары қанатты,
Мəңгілік Жарыққа сиынса.
5. Митраға сиынайық,
Жазирасы кең жазық,
Мың құлағы бар,
Көздеріне сан жетпес,
Күрзісімен ұрғанда,
Жын-перілердің басынан,
Естен тандыратын.
Күн мен айдың арасын
Жалғастырып тұратын
Нəзік сəулелерге сиынайық.
6. Бақыт үшін сиынамын,
Жалбарынамын жəне де
Тұлпарлары қанатты
Мəңгі жасайтын Күнге,
Тұлпарлары қанатты
Мəңгі жасайтын Жарыққа,
Сыйымды арнаймын
Хаом шырынынан,
Барсман шыбығынан,
Сезім шұғыласынан,
Əрі ойыммен, əрі ісіммен,
Əрі ақиқат сөзіммен
Мен Күнге құрмет көрсетем.


 14
15
ÀÍÀÕÀÐÑÈÑ
7. Жаратқан Жалғыз Иеміздей,
Жаратқан Жалғыз Иеміздей,
Мəңгі жасаушы, Жарық сыйлаушы, тұлпарлары
қанатты Күнге табынамыз əрі мадақтаймыз,
қуат пен күш берсін оған.
«Ақиқат – сыйдан артық...».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет