«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет4/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Б.з.б. 209 жылы. 
Чин патшалығының екінші
патшасының 1-жылы. Ғұнның Түмен
тəңірқұтының (жылы белгісіз) жылы. Мете
тəңірқұттың 1-жылы.
Орталық өңірдің əр жерінде Чин патшалығына қарсы көтеріліс 
өршіп кетеді. Чин өкіметі зорлықпен көшіріп əкелгендер, əр түрлі 
жазамен шекараға жер аударылғандар – бəрі қашып кетеді. Сөйтіп, 
Ғұн дардың тынысы кеңіп, бірте-бірте қайтадан Сары өзеннен 
өтіп, оның оңтүстік жағалауына ойыса бастайды. Олар орта жазық 
патшалығымен шекараласып, ата жұртына тырнақ іліктіреді. Түмен 
сүйікті тоқал əтшесінен туған ұлын мұрагер еткісі келіп, Мете есімді 
үлкен ұлының көзін жойғысы келіп, оны нəтшелердің қолына аманатқа 
береді. Мете нəтшелер еліне барды-ау деген кезде, Түмен нəтшелерге 
тұтқиыл шабуыл жасайды. Нəтшелер Метені өлтіруді ұйғарады. Бірақ 
Мете бір арғымақты ұрлап мініп, еліне қашып келеді. Баласының бұл 
батыр лығына риза болған Түмен оған он мың əскер бөліп береді. Мете 
ысқырған дыбыс шығаратын жебе жасайды. Ол жауынгерлерімен 
бірге атпен шауып келе жатып, садақпен əкесі Түмен тəңірқұтты атып 
өлтіреді. Осымен бірге өгей шешесі жəне інісін, өзіне бағынғысы 
келмеген уəзірлерді, ақсүйектерді түгел өлтіреді. Сөйтіп, ол өзін Ғұн-
дардың тəңірқұтымын деп жариялайды.
Б.з.б. 206 жылы.
Хан патшалығы, Гауди патшаның 1-жылы. 
Ғұнның Мете тəңірқұтының 4-жылы.
Мете таққа отырған кезде, шығыс хулардың (шығыс ғулар) күшейіп 
тұрған кезі еді. Мете əкесін өлтіріп таққа отырғанын естіп, шығыс 
худың билеушісі елші жібереді. Метеден əкесінен қалған тұлпарды 
беруін талап етеді. Мете уəзірлерін жинап кеңес сұрайды. Уəзірлері: 
«Бұл ат ғұндардың қасиетті тұлпары, беруге болмайды», − дейді бір 
ауыздан. Мете: «Көрші отырған елміз ғой, бір атты қимай қайтеміз, 
берейік», − деп бергізеді. Метені қорыққан деп ұққан шығыс худың 
билеушісі дереу тағы елші жіберіп, Метенің əйелдерінің бірін алғысы 
келетінін білдірді. Мете тағы оң, сол қол уəзірлерін түгел жинап 
ақылдасады. Олар бұған қатты ашу-ызамен: «Шығыс ху арсыз екен, 
қалай əйеліңізді сұрайды, оған соғыс ашу керек», − деп жауап береді. 
Мете: «Көрші отырған елміз ғой, бір əйелді қимай қайтеміз», − деп 
өзінің бір тоқалын шығыс хуға береді. 
Шығыс ху билеушісі онан ары басынып, батыс жаққа ірге кеңейтпек 
болады. Шығыс ху мен ғұндар аралығында мың ли (қытайда ли деген 
жарты шақырымға тең) жер жатушы еді, екі жақ өзіне қарасты отарына 
барып келіп жүретін. Шығыс ху билеушісі Метеге тағы елші жіберіп, 
шекарадағы бос жерлер иен жатыр, оған ғұндардың ат тұяғы тимесін, 
оны бізге берсін деп қоқан-лоқылық көрсетеді. Мете уəзірлерінен 
сұрайды, олар бір ауыздан: «Бұл шынында бос жер ғой, бере 
салайық», – дейді. Мете «жер деген елдің түп-тамыры, оны қайтып бере 
аламыз?» – деп қатты ашуланады. Мете жедел атқа қонып, соғыспайық 
дегендердің басын кесіп, əскерін бастап шығыс хуға шабуыл жасайды. 
Мете өзін менсінбей қамсыз жата берген шығыс ху жасақтарының тас-
талқанын шығара жеңіп, олардың мал-мүліктерін түгел олжалап, елін 
боданына айналдырады.
Қайтар жолда батыстағы нəтшелерге (басқаша аты – ружылар) 
соққы беріп, оларды сол өңірден қуып тастайды. Осы екпінмен оңтүс-
тіктегі Луфан мен Байяң (Бағиан) билеушілерін тізе бүктіріп, солтүстік 
жақтағы Хуниүй (Ғұнро), Чуше (Құтши), Теле (Деңлең), Гехун (Геғұн, 
Гегүн), Шинли (Сенле) қатарлы ұлыстарды бағындырады. Иəн қазіргі 
Пекин қаласының маңы) мен Дай елдеріне шабуыл жасап, Чин 
патшалығынан ғұндардың байырғы жерлерін түгел тартып алады. 
Ханның бекініс-қорғаны Хенанмен ірге түйістіреді, Шауна (қазіргі 
Гансу өлкесі, Пиңлияң ауданының батыс солтүстігінде) Фушиға ұдайы 
шабуыл жасап тыным бермейді.
Шығыс ху Метенің соққысынан тозып əлсірегеннен кейін, қалған 
жасақтарымен қашып Ухуан тауын (қазіргі ішкі Моңғол Жауда облысы 
Алукершин ауданының солтүстік маңы) паналады да, Ухуан деп аталды. 
Əлсіреп кеткендіктен ғұндарға бағынып жыл сайын салық ретінде 
сиыр, жылқы жəне қой терілерін жеткізіп беріп тұрды. Оны уақытында 
бере алмаса, ғұндар олардың қатындарын тартып алып кете берген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет