«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Шығыс беттің үстіндегі жазу /Оа. ІІІ. 13–20/



Pdf көрінісі
бет31/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Шығыс беттің үстіндегі жазу /Оа. ІІІ. 13–20/
13. Аташымның бітіг тасын
14. барқын тұрғыздым. Мəңгі
15. тас тұрғыздырттым. Аташым,
16. білікті аташым ұлу
17. жылы білікті
18. Ұлы, айбынды сарбаз, жақсы əке
19. аташым өлді.
Бас балбалдағы жазу /Оа. ІҮ. 20/
20. Ысбара тархан балбалы.
Екінші ұстын /Ов./ 
Бірінші беті /Ов. І. 1–4/
1. ..........[..............] ынтымақтастық. Ел .......... Тəңірі
2. ..........[..............] естір..... [...............] барар жеріме
3. ..........[..............] бар еді. Сөйтіп
4. ..........[..............]ел .... [................]
Екінші беті /Ов. ІІ. 1–4/
1. [..................] онда.... [...............] мүсін жасаттым.
Ата-бабам [..................].............
2. [..............................] Бөд тəңірі [.....................]
3. [..............................] Чікке қарай аттандым...............
4. [..............................] Бесбалық бағынды.


 168
169
ʬËÒÅòÍ


 170
171
Батыс беті /КТ. І. 1–40/ 
1. Жоғарыда көк Тəңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің 
арасында адам баласы жаралған. Адам баласы үстіне ата-бабам 
Бұмын-қаған, Істемі қаған [таққа] отырған. [Таққа] отырып түрік 
халқына, еліне, төріне (билік) тұтқа болған, қалыптастырған.
2. Төрт тараптағылар қарсы жау болған. Қол аттандырып, төрт 
тараптағы халықты бағындырып, иеленген. Бағындырып бейбіт 
қылған. Бастыны жүгіндірген, тізеліні бүктірген. Ілгері /шығыста/ 
Қадырхан жынысына дейін, кері (батыста) Темір қақпаға дейін 
қондырған Екі аралықта
3. [Кезінде] иеліксіз жүрген көк түріктер осылай отырар еді. Білікті 
қағандар еді, алып қағандар еді. Бұйрықтары (қолбасшылар) да 
білікті еді, алып еді. Бектері де, халқы да түз (адал) еді. Сол үшін 
елді осынша тұтқан еді. Елін тұтып төрлі (билікті) етті. [Олар] 
өздері
4. Солай кергек болды (дүниеден өтті). Жоқтаушы, жылап-сықтаушы 
күн шығыстағы Бөклі шөлі елінен, табғач, тибет, абар, үрім, қырғыз, 
үш-құрыхан, отыз-татар, қытай (кидан), татабылардан бұнша халық 
келіп сықтады, жоқтады. Осындай күліг (даңқты) қағандар еді. Одан 
соң інісі қаған
5. болған еді. Ұлдары қаған болған еді. Бірақ інісі ағасындай болмады. 
Ұлдары əкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған еді. Əлсіз 
қағандар отырған еді. Бұйрықтары (қолбасшылары) да біліксіз еді, 
əлсіз болған еді.
6. Бектері, халқы адал (түз) болмағандықтан, табғач халқының 
алдауына сенгендіктен, арбауына көнгендігінен, інілі-ағалының 
кектескендігінен, бектер мен халықтың ымырасыздығынан түрік 
халқы елдігінен, елінен айырылды.
7. Қағандығын жүргізіп отырған қағанынан айырылды. Табғач 
халқына бек ұлдарың құл болды, ару қыздарың күң болды. Түрік 
бектер түрік атын жойды. Табғачшыл бектер табғач атын тұтынды. 
Табғач қағанға
8. бағынды. Елу жыл ісін-күшін берді. [Олар] ілгері күншығыста Бөклі 
қағанға дейін жаулады. Кері Темір қақпаға дейін жаулады. Табғач 
қағанға [басқаның] елін, төрін алып берді. Түріктің күллі қара
9. халқы былай десті: «Елді халық едім, елім енді қайда? Кімге елдік 
құраймыз?» – десті. «Қағанды халық едім, қағаным қайда? Қай 
қағанға күш-қуатымызды береміз?» – десті. Осылай деп Табғач 
халқына жау болды. 
10. Жау болып, қарсы тұрып, əрекет етіп, құлады. [Табғачқа] қайта 
бағынды. Бүйтіп күш-қуатын бергілері келмеді. [Өйткенше] «Түрік 
халқы, қырылайық, ұрпақсыз қалайық», – десті. [Түрік халқы] 
жойылып бара жатты. [Сол кезде] жоғарыда Түрік Тəңірісі, Түріктің 
киелі Жері,
11. Суы былай депті: «Түрік халқы жойылмасын деп, ел болсын» – деп 
əкем Елтеріс қағанды, анам Ел-білге қатынды Тəңірі төбесіне тұтып, 
жоғары көтеріпті. Əкем-қаған он жеті сарбаз жинапты. [Олар] 
тыста
12. жортуда жүр дегенді бəрі естіп, қаладағылар жиналды. Таудағылар 
сонда барып қосылды. Жиналып жетпіс ер болды. Тəңірі күш бергені 
үшін Əкем-қағанның əскері бөрі сияқты еді. Жаулары қой сияқты 
еді. Ілгері-кейін шапқылап [халықты] жинады, көтерді. Барлығы
13. жеті жүз ер болды. Жеті жүз болып елсіреген, қағансыраған 
халықты; күңденген, құлданған халықты, Түрік төрінен айырылған 
халықты ата-бабам төрінше қайта жаратты, орнатты. Төлес, тардуш 
халқын сонда құрды.
14. Оларға явғу, шад (атақ) сонда берді. Табғач халқы жау еді. Сыртында 
Баз қаған бастаған Тоғыз-оғыз халқы жау еді. Қырғыз, құрыхан,отыз-
татар, қытай (кидан), татабы – бəрі жау еді. Əкем-қаған бұнша...
15. қырық жеті жолы [жорыққа] аттанды. Жиырма соғыс соғысты. 
Тəңірі жарылқағаны үшін елдікті елсіретпеді, қағандықты қаған-
сыратпады. Жауын баз қылды. Тізеліні бүктірді, бастыны жүгіндірді. 
Əкем-қаған анша ел,
16. төр орнатып ұша барды. Əкем-қағанға бас етіп Баз-қағанның бал-
балы қойылды. Ол төрге Ағам-қаған отырды. Ағам-қаған отырып, 
түрік халқын қайта көркейтті, игі етті. Кедейді бай қылды, азды көп 
қылды. 
17. Ағам-қаған отырған кезде өзім тардуш халқының үстіне шад едім. 
Ағам,
Қағанмен бірге ілгері-Жасыл өзеніне, Шандүң жазығына дейін 
сүледік (жорық жасадық). Батыстағы Темірқақпаға дейін сүледік. 
Көгмен жотасын асып, қырғыз жеріне дейін сүледік. 
18. Барлығы жиырма бес жорық жасадық. Он үш рет соғыстық. Елдігін 
елсіреттік, қағандығын қағансыраттық. Тізеліні бүктірдік, бастыны 
жүгіндірдік. Түргеш қаған түрікіміз, халқымыз еді. Білместігі
19. үшін, жаңылғаны үшін өлді. Бұйрықы (қолбасшысы) бектері де 
өлді. Он-оқ халқы азап көрді. Атамыз, бабамыз тұтқан Жер-су иесіз 
болмасын деп аз халық құрап,
20. Барыс [оларға] бек болды. Қаған атағын бұнда біз бердік. Сіңі-
лім – хан қызын бердік. Өзі жаңылды, қағаны өлді. Халқы күң, 
құл болды. Көгмен жер-суы иесіз қалмасын деп аз, қырғыз хал қын 
құрап келдік. Соғыстық. Елін 
21. жəне бердік. Ілгері-Қадырхан жынысын асып, халықты осылайша
қондырдық. Анша еттік. Батыстағы Кеңү-Тарманға (Арқаға) дейін 
түрік халқын қоныстандырдық. Осынша еттік. Ол уақытта құл 
құлды болған еді. Күң күңді болған еді. Інісі ағасын білмес еді. 
Ұрпағы əкесін білмес еді. 
22. Осылай иелік еткен, осылай ел еткен төріміз еді. Түрік, оғыз 
бектері, халқы, естіңдер! Жоғарыда Тəңірі баспаса, төменде жер 


 172
173
айырылмаса, түрік халқы, еліңді, төріңді кім құртады? Ынтымақ! 
Түрік халқы,
23. өкін! Топтасқандығың үшін игі еткен еді. Білікті қағаның болғандай-
ақ болып еді. Бар еді. Жақсы еліңе кінəлісің, жаңылдың, күнəға 
əбден баттың. Қарулылар қайдан келіп, сені жайратты. Сүңгілілер 
қайдан келіп, сені тұралатты. Киелі Өтүкен жынысының халқына 
бардық. Ілгері жеткен жерге дейін
24. бардық. Батысқа қарай жеткен жерге дейін бардық. Барған жерден 
не жақсылық көрдік? Қаның суша ақты, сүйегің тауша жатты. Бек ұл 
ұрпағың құл болды, сүлік қыз ұрпағың күң болды. Білместігіңнен, 
парықсыздығыңнан Ағам-қаған ұша барды.
25. басына қырғыз қағанының балбалын тіктім. Түрік халқының атақ-
даңқы өшпесін деп, Əкем қағанды, Анам қатынды көтерген Тəңірі, ел 
берген Тəңірі, Түрік халқының атақ-даңқы өшпесін деп Тəңірі өзімді
26. қаған [тағына] отырғызды. Ең болмаса дəулетті халыққа отырмадым. 
Іші ассыз, сырты тонсыз, əлсіз, нашар халыққа отырдым. Інім 
Күлтегін екеуміз ақылдастық. Əкеміз, ағамыз құрған халықтың 
атақ-даңқы өшпесін
27. деп, түрік халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Інім 
Күлтегінмен бірге, екі шадпен бірге өліп-тіріліп елді құрадым. 
Осылайша құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған 
боп отырғанда жер-жерден
28. босыған халық өліп-жітіп, жаяу-жалаңаш қайта келді. Халықты 
көтерейін деп терістікте оғыз халқына, ілгері /шығыста/ қытай 
(кидан), татабы халқына, түстікте табғачқа қарсы ұлы қолмен он екі 
рет жорыққа аттандым [..........] соғыстым. Сөйтіп
29. кейін Тəңірі жарылқап, құтым бар үшін, нəсібім бар үшін өлімші 
халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай 
қылдым. Аз халықты көп қылдым. Ығыр [болған] елдікті, ығыр 
[болған] қағандықты игі қылдым. Төрт тараптағы
30. халықты бағындырып, бейбіт қылдым. Жаусыз қылдым. Бағынып 
менің қол астыма кірді. Ісін-күшін берді. Осындай төрді басқарып 
інім Күлтегін өзі бұл дүниеден өтті. Əкем қаған өлгенде інім 
Күлтегін жеті жаста қалды. Он жасында
31. Ұмай текті анам қатынның құтына (бағына) інім Күлтегін ер атанды. 
Он алты жасында Ағам-қағанның елін, төрін анша меңгерді. Алты 
баулы соғдаққа қарсы жорық жасадық, бұздық. Табғач Оң-тұтұқ бес 
түмен қолмен келді. Соғыстық.
32. Күлтегін жаяуларды опыра шапты. Оң-тұтұқ басшыларын қарулы 
қолымен қоса бағындырды, қарулыларды қағанға сыйға тартты. Ол 
қолды онда біз жоқ қылдық. [Күлтегін] жиырма бір жасында Чача-
сеңүнмен соғысты. Ең ілкі рет Тадықын-чордың боз атын мініп 
айқасты. Ол ат онда
33. өлді. Екінші рет Ышбара Ямтардың боз атын мініп айқасты. Ол ат 
онда өлді. Үшінші рет Иеген-сіліг /жиен-сіліг/-бектің кежімді торы 
атын мініп айқасты. Ол ат онда өлді. Сауытына, қалқанына жүзден 
артық оқ тиді. Жүзіне, басына бірін де тигізбеді. [...............]
34. Шабуылы тегеуірінді түрік бектері, ұғып білерсіздер! Ол қолды 
онда жоқ қылдық. Одан соң Жер-байырқу [тайпасынан] Ұлұғ-
еркін жау болды. Оның тоз-тозын шығарып Түргі-ярғун көлінде 
талқандадық. Ұлұғ-еркін аздаған сарбаздарымен қашып кетті. 
Күлтегіннің жиырма алты жасында
35. біз қырғызға қарсы аттандық. Сүңгі бойлар қарды сөгіп, Көгмен 
жынысын айналып өтіп, қырғыз халқын өкшелей қудық. Қағанымен 
Соңа-жыныста найзаластық. Күлтегін Байырқудың ақ айғырын
36. мініп опыра шапты. Бір ерін оққа ұшырды. Екі ерін найзамен 
шан шыды. Ол айқаста Байырқудың ақ айғырының іші жарылды. 
Қырғыз қағанын өлтірдік. Елін алдық. Ол жылы Түргешке қарсы 
Алтын жынысын
37. айнала, Ертіс өзенін кеше жорыттық. Түргеш халқын біз өкшелей 
қуаладық. Түргеш қағанның қолы Болчуда отша, боранша 
келді. Соғыстық. Күлтегін боз қасқа ат мініп шапты. Боз қасқа 
[.................]
38. түсірді, екеуін өзі сұлатты. Сосын тағы шабуылдап Түргеш қаған-
ның қолбасшысы Аз-тұтұқтың елін жаулап алдық. Қағанын анда 
өлтірдік. Елін алдық. Қара-түргеш халқы бағынып қол астыма кірді. 
Ол халықты біз Табарға қондырдық.
39. Соғда халқын жаулап алмақ болып Інчу өзенін кешіп, Темір-
қақпаға дейін жорық жасадық. Онда Қара-Түргеш халқы жау болды. 
Кеңреске қарай бардық. Біздің қолымыз аты арық, азығы жоқ еді. 
Жаман кісі, ер [...............]. .
40. Алып ер бізге тиіскен еді. Сол кезде шарасыздан Күлтегінді аз 
ермен аттандырып жібердік. Ұлы соғыс жасады. Алып шалысты 
ақ атын мініп айқасты. Қара-түргеш халқын сонда жеңдік, алдық. 
Жəне жортып [...............]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет