«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет91/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Кіші Бұхара (Кіші Əн елі) – ел аты. Бұл жөніндегі бір дерек «Жаңа Таңнаманың» 
221-бума, 146 (2)-баянында былай деп жазылған: “Шығыс Əн елі” “Кіші Əн елі” 
деп те, “Хыхəн” деп те айтылады, ол Намықсудың теріскейінде, астанасы – Хыхəн 
қаласы” делінген.
Анағат – қала. Нақтылы дерек көзі тапшы. «Сүйнаманың» 83-бумасында: “Анағат 
елінің астанасы – Оксус суының батысындағы ежелгі Парфия жері. Ханының əулет 
есімі – Жау-у, Каң елімен нəсілдес, жанама аты – Фошы. Астанасының аумағы 2 ли. 
Соғысқа жарамды бірнеше жүз адамы бар. Ханы қошқар пішінді алтын тақта отырады. 
Солтүстік-шығысынан Бұхара еліне дейін 400 ли, солтүстік-батысынан Мургаш еліне 
дейін 200 лидей. Батысынан Парсы еліне дейін 4000 лидей, шығысынан Гуажоуға 
дейін 7500 ли” деген дерек жазылған.
Мургаш – ел мен жер аты. Біздіңше, бұл Мерв елінің парсыша аты Мургаштан 
(римше Маргиана, қазіргі Мургаб өзенінің атына байланысты) ықшамдалып ауда-
рылған. Мерв «Жаңа Таңнамада» “muk luk”, «Тəйпиң хуанюйжде» “muat luk” 
түрінде де жолығады. «Сүйнаманың» 83-бумасында: “Мургаш елінің астанасы Оксус 
дариясының батысында, ежелгі Парфия жері, Анағат елімен көршілес. Ханының əулет 


 442
443
есімі – Жау-у, Каң елінің ханына туыс. Жанама аты – Алəнми. Астанасының аумағы 3 
ли, соғысқа жарамды адамы 2000. Солтүстік-шығысынан Бұхара еліне дейін 500 ли, 
шығысынан Анағат еліне дейін 200 лидей, батысынан Парсы еліне дейін 4000 лидей, 
шығысынан Гуажоуға дейін 7700 ли” делінген. 
Рей – Қытайдың шығысында тұратын халықтардың ежелгі қытайлықтар 
ұғы мындағы жалпылама аты. Мəтінде рейлер деп шетелдіктер айтылып отыр. 
Иероглифтің қазіргі қытай тіліндегі оқылуы «yi». 
Пипа – қытай музыка аспаптарының бір түрі. 
Құңқау – көне музыкалық аспап. Ескі түркішеде “қуқау” деп аталады, қытайшасы 
“кұңхоу”. Бес ішекті құңқау деген сөз «Сүйнаманың» 83-бума, 48 баянында “бесішек, 
құңқау” болып үтірмен бөлініп жазылған. 
Дəн – қытайдағы 100 литрге парапар сыйымдылық өлшемі. Ертеде Шы деп те 
оқыл ған. Сыйымдылық өлшемі ретінде қолданылғанда 10 доу бір дəнға парапар 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет