44
45
халық күйлерінің аңыздары
Сонда көрген түстей болған жағдайдан абдырап қалған қарт-
тар, аттарына мініп,
өздеріне-өздері келген соң, «ау, әлгі екі
жігітті құрғақ алғысқа тойдырып қоя бергеніміз ұят болды-
ау, тым болмаса аты-жөндерін сұрап қалайықшы, өздері алты
сай
етіп бөрік киген екен, керей жігіттері болар» дейді де, соң-
дарынан қуғыншы жібереді. Қуғыншы астындағы атын қам-
шылай түсіп, «Қара атты мен торы атты, тоқта, керей, тоқта!»
деп дауыстай шауыпты дейді.
осы оқиғаны қарттардың ішіндегі бір өнерпазы кейін ауыл-
ға келген соң күйге салып тартса керек.
Қазақтың күйшілік дәстүрінде бұл сияқты күй
атауын
әуен-ырғаққа салып тартатын күйлер көп. «Қара атты мен то-
ры атты» күйінде де «қара атты мен торы атты, тоқта, керей,
тоқ та!» деген сөздер күй ырғағына бағынып, адамша сөйлейді.
Адамша сөйлей отырып, әуен-сазымен бүкіл
оқиғаның жанды
суретін елестетеді.
Достарыңызбен бөлісу: