«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет21/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

29. «Қорамжан күйі» 
(ІІ нұсқа)
Қорамжан бір кемпірдің жалғыз баласы екен. Қорамжан-
ның «Тепеңкөк» деген жүйрік аты бар екен. Қорамжан алыс-
та ғы бір елден қыз айттырып, соған ұрын барып, қалыңдық 
ой нап жатады. Түнде сол Қорамжан жатқан ауылдың жылқы-
сы на жау тиіп, аттандаған айғай естіледі. Қорамжан да аттан-
ды естіп орнынан тұрмақ болғанда, қасындағы қалыңдығы 
«шаппа, қума» деп қолқа қылады. Қорамжан болмай қаруын 
алып, Тепеңкөкке мініп, айғай шыққан жаққа қарай жөней-
ді. Алдыңғы қуғыншыларды қуып жетеді. Бірақ ұзап кеткен 
жау қарасы көрінбейді. Тепеңкөк бүйірі қызбай, еті терлемей 
жақсы шаппайды екен. Қорамжан атымның бүйірі қызып тез 
шапсын, жауға тез жетейін деп екі қап құм теңдеп алып, жауды 
қуып кетеді. Тепеңкөк терлей бастағанда, қаптағы құмды төге 
бастайды. Сөйтіп, бүйірі қызған Тепеңкөкпен құйындатып
ұзап кеткен жауға Қорамжан сәтте жетіп келеді. оны көрген 
жау батыры жарда бұғып отырып Қорамжанды атып түсіреді. 
Қорамжан оққа ұшып өледі. осыны күйшілер «Қорамжанның 
шешесінің жоқтауы», жас оң жақта қалған «қалыңдығының 


46
47
халық күйлерінің аңыздары
жоқтауы», «Тепеңкөктің шабысы» деп, домбыраға тартады. 
Мұны «Қорамжан күйі» дейді. 
30. «Бозайғыр»
(І нұсқа)
Бұл күйді ертеде «Алатау асқан боз тарлан» деп те шерткен 
екен бабаларымыз,—дейді Бағаналы ақсақал. Тұлғасы кесек 
жануар бір топ жылқымен бірге жоғалады. Жыл уағына дейін 
іздеу салынып, табылмаған айғырды «қолды болдыға» жорып 
қояды. Сонымен жыл уағынан асқанда ел жайлауға қонып жай-
ғасқан күндердің бірінде, биенің екі сауымынан кейін алыс тан 
бір боз жылқы құйындатып келе жатады. Желі басынан көз 
тіккен жылқы иесі: «я, пірім-ау! Мынау не жылқы болды екен? 
Тұлғасы тым кесек қой»,—деп тамашалап тұрады. Сөйтсе 
әлгі көзден ғайып, көңілден ұмыт бола бастаған Бозайғыр бо-
лып шығады. Бозайғыр кісінеп кеп, жер тартып желі басына 
көлденең тұра қалады. Жал-құйрықтан айрылған, көк шолақ 
болып өзгерген. Басында ноқтаның жұрнағы ғана қалған. Кө-
зінен қанды жас парлайды жануардың. «Құрулаған» иесі де 
жылап көріседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет