«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет129/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

235. «Кедей зары» 
Арқадан Жем-Сағыз арқылы еліне қайтқан Құрманғазы 
жолшыбай бір ауылға соғады. Ауыл шетіндегі қараша үйдің 
жанына келіп, сырттан дыбыс береді, бірақ іштен ешқандай 


220
күй аңыздар
жауап болмайды. Қайта қамығып, зарлап жылаған қайғылы 
үн естіледі. Бұл не жағдай екенін білмекші болған Құрманғазы 
үйге кірсе, егіліп жылап отырған кемпірді көреді. 
Құрманғазы әлгі кемпірмен амандасып, хал-жағдайын 
сұрайды. Сонда кемпір: 
—Жалғыз балам бар еді. оған еліміздегі биіміз «атымды 
ұрладың» деп жала жауып, шабармандарына дүре соқтырып, 
сойылға жықты. Сол балам ақыры қамшының зардабынан қаза 
тапты. Енді осы үйде жалғыз қалып, зарлап отырған қу баспын, 
шырағым,—дейді. Ананың қайғысына ортақтасып: 
—Жыламаңыз, шеше, жылағанмен кеткен адам қайта кел-
мейді. Ел, жұрт, ағайын аман тұрса, сіз де қиыншылық көр-
мессіз,—деп Құрманғазы оны жұбатады. 
Қарт ананың қайғысын өз көзімен көрген күйші: 
—Сорлы болған кедей, бәрінің де күйі осы ғой,—деп, «Кедей 
зары» атты күйін толғана тартыпты. 
236. «Көбік шашқан» 
Жаздың тамылжыған ыстық күндерінің бірі. Аңызақтан 
шөліркеген Құрманғазы бір ауылға кездесіп, ауыл ортасынан 
шеткері, көгалға тігілген ақбоз үйге қарай атының тізгінін 
бұрады. үй сыртына жақын келіп, ішке дыбыс береді. үйден осы 
ауылдың түйешісі Жиенәлі шығып, Құрманғазыға амандаса-
ды. Құрманғазы оның сөзінен бұл Әділеке төренің отауы екенін 
біледі де: 
—Шөлдеп келе жатырмын, сусындап шығуға рұқсат болар 
ма екен?—дейді. Сонда Жиенәлі: 
—Жарайды, ханымға барып айтайын,—деп үйге қайта кір-
генде, төрде отырған ханым: 
—үйдің қожасы жоқ, түсуге болмайды!—дейді дауыстап. 
Сыртта тұрған Құрманғазы бұл сөзді естігеннен кейін 
ауылдың батыс жағына жағалай қонған кедейдің қараша үйле-
ріне қарай жүре береді. Бір үйдің жанына келіп, «осы ауыл 
үйінің төрін бермесе де, көлеңкесін беретін шығар» деп атынан 
түсіп, киіз үйдің көлеңкесіне отырады. үй иесі жарлы болса да, 
өзінің шамасына қарай күйшіні күтіп алады. 
Құрманғазы біраз тыныстап, енді кетпекші болып сыртқа 
шыққанда бие сауынынан қайтқан байдың қыз-келіндерін кө-


220
221
күй және күйшілер туралы аңыздар
реді. Қолдарында бір-бір шелек толы сүт, көбігі бұрқырап
теңселген жүрістен жерге төгіліп келеді. Мұны көзі шалған 
Құрманғазы домбырасын алып, бір күйді төгілте тартып жі-
береді. Домбыраның бұлбұлдай сайраған әсем сазын үй иесі 
де, шуылдасып келе жатқан қыз-келіншектер де ұйып тыңдай 
қалады. Құрманғазы күйін бітіргенде қасында тұрған үй иесі: 
—Қонағым, бұл тартқаныңыз қандай күй?—деп сұрайды. 
—ой, ағатай-ай! Бұлар байлыққа белшесінен батып, иті 
май жемей отырса да, сұрағандарға сүт түгіл, бір жұтым су да 
бермейді. олар сүт пен қымызды сіз бен біз секілділердің іш-
кенінен көрі, жерге төгілгенін жақсы көреді. Анау, сүтті жерге 
төгіп келе жатқан байдың ақылсыз қыз-келіндерін мазақтап, 
қайран қор болған қымызға шығарған «Көбік шашқан» атты 
күйім,—депті Құрманғазы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет