12
күй аңыздар
сын ұйып тыңдағандай болады. осы кезде көктен түскен Нұр-
төлі қобызын сарнатқан қалпы Қаратеңізді бетке алып жүре
береді. оның соңынан күйді үздіге тыңдаған жыландар да
қалмай жылжып, теңіз тұңғиығына бірге кіреді.
Сөйтіп, ен даланы еркін жайлаған халық иықтарынан ауыр
жүк түскендей
көңілдерін демдеп, қайтадан мұңсыз-қамсыз
күйлерімен қауышады.
Адамдарға араша түскен Нұртөлі күні бүгінге дейін Қара-
теңіздің астында тоқтатпастан күй төгіп отырса керек. Ал
мүйізді аждаһа бастаған жыландар ордасы қобыздың сазды са-
рынын жалықпай тыңдауда көрінеді.
Нұртөлі қобыз күйін тоқтатпауға тиісті. Егер қобыз кө мейі-
нен күй сарыны үзілсе, жыландар ордасы қайтадан
жер бетіне
шығып, тіршілік атаулыға қырғын таптырмақ.
Нұртөлінің жыландарды күймен шақырып, соңынан ерт-
кен сиқырлы сазын естіген бір құйма құлақ қобызшы кейін
«Шақыру» күйі деп жұртқа жайса керек.
Достарыңызбен бөлісу: