12
13
халық күйлерінің аңыздары
осы оқиғадан құлағдар домбырашы «Қос қанат бірігіп еді—
ұшты, егер домбырада қос ішек болса ше?» дейді де, екінші ішек
тағып көреді. Сонсоң қос ішекті домбырасын тартып көрсе,
ғажайып үн шығады дейді. Домбырашының қуанышында
шек болмайды. Тіптен, риза болғандығы сонша—ең
алғашқы
күйін тауқұдіретке арнайды. Тауқұдіреттің алғашқыда қалай
қиналғанын, «құдірет-ау, құдірет» деп Тәңірге қалай жал ба-
рынғанын, сонсоң қолдаса ұшып көкке самғағанын күй тіліне
салады.
Шынында да, бұл күйді тыңдап отырғанда,
көсіп шертетін тұс-
тары «Құдірет-ау, құдірет» деп сөйлеп қоя бергендей әсер етеді.
3. «Шұбар киік»
(І нұсқа)
Ертеде құралайды көзден ататын бір аңшы болыпты. Тәңі-
рінің бұйыртқан несібесін түзден теріп жеп, аң аулап күн көреді
екен.
Күндердің бір күнінде сағым шалған сары далада өзегі та-
лып, өкпесі өшіп аң аулап келе жатса, бетегелі белде жайы лып
жүрген жалғыз шұбар киікті көреді. иіс шалдырмау үшін ық
жағын алып, сайды жалдап, беткейді құлдап,
садақ тартым
жерге келеді. Баспалап қараса, желіні жер сызған ешкі екен.
Аң деген көздің құрты, аңшы сол жерде «сенде жазық жоқ,
менде азық жоқ» деп, садағын кезенеді.
«Түз тағысы табиғатпен тілдес» деген емес пе,
бір қатердің
төнгенін сезген шұбар киік селт етіп басын көтерсе, садағын ке-
зеп тұрған сұр мергенді көреді. оқтан жүйрік емес, енді қашып
құтылмасын білген шұбар киік көзі мөлдіреп аңшыға қарай ды
да, жалбарына тіл қатады.
—Ей, Сұрмерген, жаныма сауға сұраймын.
Әлі бауыр көте-
ріп үлгермеген егіз лағым бар еді. Сол панасыз лақтарымды
аңсап, жүрегім елжіреп, желінім дертіп келемін. Мені атпа.
Тілімді алсаң, «атқан оғың жерге түспесін» деп батамды бе-
рер едім. Сонда сен ұшқан құс пен жүгірген аңды құтқармас
несібелі аңшы боласың. өле-өлгенше тарықпай өтесің! Жаныма
сауға сұраймын, атпа!—дейді.
Аңшы бұл сөзді тыңдамайды. Күнімен табанынан таусы-
лып, дала кезген
аңшы бұл киіктен айырылса, үйіне құр қол ба-
14
күй аңыздар
ратындай болады да, садағын тартып жібереді. Сонда киелі киік
аңшының көз алдына шұбар тасқа айналыпты дейді.
осыдан кейін Сұрмергеннің жолы болмайтын болыпты.
Бұл оқиғаны естіген домбырашы «Шұбар киік» деп күй
тартқан екен.
Достарыңызбен бөлісу: