«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры


Шеруші—шежіре бойынша, орта жүздегі абақ керейден та- райтын он екі атаның бірі. Шоқан Уәлиханов /Мұхамед-ханафия/ Шыңғысұлы



Pdf көрінісі
бет226/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Шеруші—шежіре бойынша, орта жүздегі абақ керейден та-
райтын он екі атаның бірі.
Шоқан Уәлиханов /Мұхамед-ханафия/ Шыңғысұлы /1835-
1865/—қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, та-
рихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші. омбы 
ка 
дет корпусын бітірген (1853). Петербург университені 
нің 
тарих-филология факультетінде лекция тыңдаған. Арғы ата-
лары—Абылай, уәли хандар. Әжесі Айғанымның тәрбиесін 


370
371
ғылыми қосымшалар
көрген ол жастайынан оқу-білімге әуестеніп, Құсмұрындағы 
мұсылман мектебінде бастауыш білім алады. Шоқан осы мек-
тепте оқып жүріп өлең, жыр, аңыз, әңгімелерді оқуға және 
хатқа түсіруге машықтанады. Халық мұрасын жинауды қолға 
алған әкесіне көмектесе жүріп, «Қозы Көрпеш—Баян сұлу», 
«Едіге» жырларының нұсқаларын хатқа түсірді. Шоқан жа-
сынан араб, шағатай тілдерін, кейінірек орта Азиядағы түркі 
тілдерін меңгерді. Шоқан уәлиханов аз ғұмырында артына 
ұшан-теңіз мұра қалдырған көрнекті тұлға.
Шора батыр—1. Шора Нәрікұлы батыр, тарихи тұлға. Кіші 
жүздің Жетіру тайпалық бірлестігінің Тама руынан шыққан. 
2. Шора ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген аты 
әйгілі құсбегі. Жалайыр руынан шыққан. Ауыз әдебиеті жан-
рында батырлар, тарихи тұлғалар жайлы қайталау, алмасу көп 
болғандықтан, жырдағы Шора есімі анық емес. Дегенмен бұл 
жырда дулаттар мен жалайыр руы көп сөз болғандықтан, Шора 
батырды осы жалайыр Шорамен байланыстыруға болады.
Шыңғыс Уәлиханов /1811-1895/—аға сұлтан, полковник, 
қоғам қайраткері. ұлы ғалым Шоқан уәлихановтың әкесі. 
уәли ханның кіші әйелі Айғанымнан туған. Жастайынан би-
лік ке араласып, алдымен Аманқарағай (Құсмұрын), кейіннен 
Көкшетау округтерінің аға сұлтаны болып сайланды. Кенеса-
ры Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті қолдады, бірақ 
белсене қатыспады. Заман ағымын терең түсініп, оқу-білімді, 
экономикадағы өзгерістерді жоғары бағалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет