«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет59/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

111. «Ноғайлының зары» 
орманбет би өлген күн, 
он сан ноғай бүлген күн. 
Айқай, айқай, айқай күн, 
Айқайлап жауға тиген күн. 
Қара ноғай босып көшкенде, оның орманбет би деген үлкен 
басшы ақсақалы дүние салады. Сонда: «Ақылгөйсіз, басшысыз 
қалған ендігі күніміз не болады?» деп қайғырған халықтың 
мұңын Қарт ноғай деген күйшісі күй етіп тарса керек. 
112. «Бұлды құс» 
Қанша тырбанса да, еңбегі еш, тұзы сор болған, тіршілігі 
барған сайын кері кеткен бір кедей жігіт, ауыл-үйін тәрік етіп, 
өзінің бақытын іздеп жолға шығады. Келе жатып қақпанға 
түскен бір суырға кездеседі. Затында жүрегі жұмсақ, мейірбан 
пақыр, қақпанның езуін ашады да, суырды босатып қоя береді. 
Сол кезде тылсымның күшімен суырға тіл бітіп адамша сөйлеп 
береді. ол: «Ей адамзат, сен маған үлкен жақсылық қылдың. 
Бағыма орай сен кездеспегенде, бүгін менің терім тұздалып 
айырға керілер еді. Біле-білсең, мен суырлардың патшасы Ай-
да наның үлкен ұлымын. Екеуміз кәзір жердің астына тү семіз. 
Менің әкемнің алдына барамыз. Сол кезде менің әкем жақ сы-
лы ғыңның өтеуіне осылардың ішінен «қалағаныңды ал, қала-
ғаныңша ал» деп бүкіл қазына-мүлікті ашып тастайды, жер 
қайысқан малын аралатады. Бірақ сен оның ешқайсысын алма. 
Бұлды құсты сұра. ол құсты қайдан білесің десе, білсем болды 
емес пе, тақсыр, қалағаным осы деп сұрап тұрып ал»,—дейді. 
Жігіт суырдың айтқанын істеп, Бұлды құсты сұрап алып 
қайтады. Бұл құстың кереметі—ол кәдімгі арпа бидай, тары жеп 
алтын саңғиды екен. Сөйтіп, белшеден батқан қарыздан құты лып, 
өзін ғана емес, рулы елін де дәулетті, бақытты қылған екен. 
113. «Бегім салы» 
Бір орта жастан асқан адам мен, бір жас жігіт жол жүріп 
келе жатады. Екеуінің де тіршілігі құбатөбел, мінген көлікте-
рі шардақ екен. Күн түске тырмысқан шақта бір белден асып 


106
107
халық күйлерінің аңыздары
түскен жолаушылар қайран қалып тұрып қалады. Алдарында 
мал тұяғы тимеген, шүйгін жайлау, көк саздың қақ ортасын-
да тоғыз қанат оқ орда тігулі тұр. Мінезі жеңілтектеу жас жігіт 
«апыр-ай, бұл кімнің ауылы екен, бұл жерге ешкім қонбаушы 
еді ғой» дей бергенде көргені көп қарасақал: «Сабыр ет балам, 
бұл тегін үй емес, не де болса, барып көрейік»,—дейді. Екеуі 
де қазақы ескі әдетпен аттан түсіп, аттарын жетелеп ауылға 
жаяу келеді. үйдің тұсына келгенде ересегі: «Шөлдедік, су-
сын келтіріңіз»,—дейді. Сол сәтте сықырлауық айқара ашы-
лып, ішінен бір жан иесі шығады. Бір қолында көн шелек-
ке құйылған қой сүтінің айраны, екінші қолында сүйретпе 
толы қысырақтың қымызы екен. Асығыс қимылдайтын жас 
жігіт көн шелекті қағып алады да, мұздай айранды басына 
бір-ақ көтереді. Ал ересек асықпай сүйретпенің аузын шешіп
қойнынан тостаған алып, соған құйып бір тостаған қымыз 
ішеді. Сонда сусын алып шыққан үйдің иесі жас жігіттің бетіне 
қарап тұрып: «Сабырсыз неме! Қойлы болады екенсің»,—дейді 
де, үлкен адамға бұрылып, «Ал сіздің жылқыңыз көп болады 
екен»,—дейді. Былай шыққаннан кейін жігіт жолсерігінен: 
«Бұ не керемет, мына тұрған үй не, үйдің иесі кім?» деп сұрай-
ды. Серігі—«үндеме, құдай жарылқады, бізге Бегімсалдың өзі 
жолықты»,—дейді. Көп ұзамай осы екі адам жер қайысқан мал 
иесі болып шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет