Мәдениет теориясы І. Кіріспе сабақ


Тақырыбы: Қазіргі заманғы ғалымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы



бет2/2
Дата01.10.2023
өлшемі33.73 Kb.
#479344
түріСабақ
1   2
қосымша

Тақырыбы: Қазіргі заманғы ғалымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы

Жоспары:
1. Мәдениеттанудың қатарлас әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдармен байланысты (философия, антропология, әлеуметтану, психология, этнология, педагогика, семиотика т.б)
2.Мәдениет тарихы мен теориясы мәдениеттану ғылымының аясында .
3.Мәдениеттану мәдениет туралы ғылымдар кешенінің методологиялық негізі, интегративтік білім есебінде.

Мәдениеттануды тек қана гуамнитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өнеріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады.


Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің сациологтардың, психолгтардың, тарихшылардың, демографтардың т.б. ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылым салаларының айналысатындығын байқаймыз. Мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті.
Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік. Антропологияның басты бағытының бірі – қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, антропология мәдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады.
Олар :
1) Қоғам мен адамның мәдени қалыптасуы (ағартушылық )
2) Қоғамдық және адамзаттық сал-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және т.б. жиынтығы (бірлігі).
3) Біелгілі бір қалыптасқан мәдени жүйенің басқа мәдени құндылықтарға қарсылығы.
Ал сациология да жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, әлеуметтік ғылымды әлеуметтік философияға қарсы қояды .
Дүние жүзі халықтары мен этникалық топтарының, тайпаларының мәдени және тұрмыстық ерекшеліктерін, олардың шығу тегі мәселелерін, олардың жер жүзіне таралып қоныстануы мен мәдени тарихы қарым- қатынастарын зерттейтін этнография ғылымы адамзат баласының өткен заман мен бүгінгі таңдағы мәдениеттің мол мұрасын игеруге және оны ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуге айрықша роль атқарып отыр . Этнография ғылымы белгілі бір халықтың қай этносқа жататындығына қарамастан, олардың қайсысының болсын материалдық және рухани мәдениет саласындағы жетістіктеріне үлкен құрметпен қарауға үйрете отырып, мәдениеттану ғылымының қалыптасуына қомақты үлесін қоса білді.
Ал социология мемлекет, таптар , топтар, сословие және одан да ұсақ қоғамдық топтарды этникалық белгілеріне қарай емес, олардың қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметіне қарай зерттейді .
Көп уақытқа дейін КСРО-да социология марксизмге жат ғылым ретінде саналып, тарих материализмге қарама-қарсы қойылды. Шын мәнісінде, социология мәдениеттанушыларға қоғамның әлеуметтік әр тектілігіне байлансты мәдениеттің материалдық және рухани көрністерін дұрыс түсініп,ой елегінен өткізуге көмектеседі . Пролетарлық мәдениет, ақсүйектік мәдениет, сауықтық мәдениет сияқты мәдениеттану пәнінде кездесетін ұғымдар социологиямен тығыз байлансты.
Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтеріне де тығыз байланысты болып келеді . Нақты тарихи тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып этнопсихология рухтың не белгілі бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қасиеттері жөнінде Гегельдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тіреледі .
Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктеріне есепке ала отырып, кез келген ұлт мәдениеттің өзіне ғана тән сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негр музыкасының терең ұлттық мәнін осы тамаша рухани дүниелері өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік.
Халық туралы және қоғамдық факторларға байлансты, оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар.
Ұлттық мәдениеттің тоқырауы немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы қоғамдық саяси жағдайларға т.б. тікелей байлансты.
Аз халықтардың немесе тұтастай өркениеттердің құрып кетуі отаршылдық пен, басып алушылықпен, шектен тыс қанаушылдықпен, табиғи апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен т.б. шығу байлансты.
ХХ ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалыптасуына өзіндік үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым саласын ерекше айтып өткен жөн сияқты.
Ол белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі қажетті ғылым саласы аз уақыт ішінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті.
Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясына, қоғамдық ғылымдар және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуда, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамаша үндестік табуда.

Жоғарыда айтып көрсеткендей, мәдениеттану ғылымының дамуына



көптеген ғылымдар ат салысуда, соған қарамастан бұл пәннің өзіндікбағыт- бағдар , бет-бейнесі бар. Мәдениетке өзіндік баға берушілік сол бір ғылыми ізденістің басты белгісі.
Мәдениеттану саласында қанша теория болса , соншама мәдениеттанушылар бар деген пікір де айтылып қалады . Мәдениет теорияларының санының көп болуы, мәдениетке де көзқарастардың сан алуан болуымен оның әр тұрғыдан қарастырылуына әкеп соқты.
Мысалы: Мәдениетті симиотикалық тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның басты өкілі Ю. Лотман. Сондай–ақ мәдениетті әдебиеттік (Е.С.Аверенцев) тарихи (Л:Н.Баткин), методологиялық (А.Кробер, Н.Клохкон), антропологиялық (М.Мид) және т.б. тұрғыдан пайымдау бар. Әрине олардың мәдениет мәселесіне байлансты пікірлерінің, түсініктерінің айырмашылықтары бар, бірақ олар бір–бірімен жақсы түсінеді, мәдениеттануға тікелей байлансты ортақ мәселелер көтереді. Ендеше, бұл пәнді терең зерттеуге құлшынушылық мәдениетке байланысты түрлі көз қарастар жүйесінің қалыптасуы, ол гуманитарлық ғылыми пәннің туып келе жатқандығының белгісі.
3. Әрбір ғылым салаларының өкілдері мәдениетті өз мамндықтары тұрғысынан қарастырады. Бұл ғылым салалары бір – бірімен тығыз байланысты болғандықтан бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Әдебиетші тек таза әдебиетші болып қалмайды, ол мәдениеттануды, тарихты, психолгияны игергенде ғана нағыз әдебиетші бола алады. Өз кезегінде тарихшы да, психолог та, социолог та сол сияқты. Мәдениеттің әртүрлі тұрғыдан қарастырылуы, мәдениет мәселесіне үлкен қызығушылық тудырды. Оған дәлел 1964 жылға қарай батыс әдебиетінде мәдениетке 257 анықтама бергендігі жөнінде Американ мәдениеттанушылары А.Кребер мен К.Клохконның мәлімдемесі бар. Бүгінге дейін мәдениет ұғымының шеңбері бұрынғыданда кеңейе түсті.
Бірте-бірте мәдениеттану мәдениет туралы ғылымдар кешенінің методологиялық негізіне, интегративиттік білімге айналуда.
КСРО кезінде әкімшілік-әміршілік жүйе жағдайынрда мәдениеттану пәні біздің елімізде жүйелі түрде оқытылмады. Гуманитарлық ғылымдар саласында өзінің нақты орнын таба алмады. Көптеген ғалымдар ұлттық мәдениеттің тоқырауын Ұлы Қазан Революциясымен байланыстырады. Тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Республикасының алдында тұрған басты мақсат – Халықтың рухани байлығы – мәдениетті қалпына келтіру, ал мәдени өркендеусіз өркениетті елдердің қатарына еш уақытта қосыла алмайтыны ақиқит. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мәдениеттану пәнінің қосар үлесі өте зор.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет