Мәдениетану пәні бойынша



Дата14.05.2023
өлшемі28.89 Kb.
#473676
абдуллакызы газиза мадениеттану

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Мәдениетану пәні бойынша

Эссе
« XX ғ. қазақ мәдениетінің дамуындағы зиялы қауымның шығармашылық үлесі»

ОРЫНДАҒАН: Абдуллақызы Ғазиза.


Тобы:1703-12
ҚАБЫЛДАҒАН: Мантаева Т.С

ХХ ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тəуелсіздік күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқақ білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдұлғазиз Мұсағалиев, тағы басқалар, бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.


Шын мəнінде олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың басы алып адамдарды қажет еткен, əрі осыған орай өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айырықша, энциклопедиялық білім, талғам-танымдары жан- жақты алыптарды дүниеге келтірген дүбірлі заман болды.


Бірақ жылдар бойы Кеңес өкіметі жүргізген озбырлық пен қырып-жоюға, тарихты өрескел бұрмалауға негізделген саясаттың тікелей салдарынан халқымыздың сана-сезімі өлшеусіз де орын толмас жұтаңдыққа ұшырап, оның интеллектуалды ауқымының қарыштап, дамуына үлкен нұқсан келді. Соның тікелей кесірінен Қазан төңкерісіне дейінгі жалпы адамзат өркениетінің төрінен орын алған ірі тұлғаларымызға «байшыл», «кертартпа», «діншілдер» деп ойдан шығарылған, цензура арқылы тыйым салынды. Партиялық талап, марксистік-лениндік идеология қазақ халқының дарынды дара перзенттерінің бостандық пен ұлт тəуелсіздігі үшін аянбай тер төккен, қабырғалары қайысқан ерекше еңбектерін большевиктік көзқараспен біржақты бағалап, оларды мемлекетке «қажетсіз» санап, жетпіс жылдан астам мерзімге жоққа шығарды.

ХХ ғасырдың басында орталық Қазақстанда туып, ұлтының тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялылары — Ə. Бөкейханов, Н. Нұрмақов, Ж. Сəдуақасов, Ж. Ақбаев, тағы басқалардың еңбегінде қазақ халқының тəуелсіздігі, жерінің азаттығы, азаматтық құқығының жоқ болуы туралы ой-пікірлер, ұсыныстар, азаттыққа жету жолдары туралы терең тұжырымдар жасалған [1].


Тарихшы-ғалым ретінде Бөкейханов халқының 1916 жылғы қарулы көтерілісінің орасан зор маңызын түсінді. 1926 жылы ол орыстың тарихшысы, профессор Шестаковпен бірігіп, көтерілістің 10 жылғы мерейтойына арнап, «1916–1926» атты еңбек жазып шығарды. Онда қазақ көтерілісінің Ресей Империясының қоластындағы башқұрт, өзбек, қырғыз сияқты халықтардың да бас көтеруіне үлкен себеп болғандығына назар аударады, көтерілістің 1917 жылы патшаны тақтан құлатудағы елеулі ролін айтады, ол қазақ көтерілісінің қаналушының қанаушыға қарсы «таптық» сипатта емес, отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық бағытын көрсетеді [2]. Қарусыз бейбіт халықты қырған, патша əскерінің қинаяттық іс-əрекеттерін сынайды.


Ə. Бөкейханов қазақ халқының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мол мəдениетін, тұрмыс-салтын, əдет-ғұрпын, сенім-нанымын, өнерін зерттеп жазып, айтарлықтай мұра қалдырған. Ол қазақ ұлтының жүздік, рулық-тайпалық құрылымын зерттеген, қазақтың шежіресін жазған. Ол Павлодар мен Қарқаралы уездерін мекендеген қазақтардың жəне төле мен төлеңгіттердің шежіресін жазып, оны Ф.А. Щербина экспедициясы «Материалдарының» IV (1903) жəне IV (1905) томдарында жарияланған [3].


Ə. Бөкейханов жазған «Аңқау елге — арамза молда» [4], немесе «О киргизских поминках» [5], атты мақаласы өте қызық. «Би һəм білік» [6] атты мақаласында қазақтың заң мен билік мəселелері баяндалады. Қазақ халқының тəуелсіздікке қол жеткізуінің бір жолы — ол Мемлекеттік думаға қатысуы арқылы қазақ халқының құқығын қорғауға болады деп сенді. Ол Орыстың география қоғамының Батыс-Сібір бөлімі мүшесі ретінде қоғамның ғылыми мəжіліс-жиналыстарында қазақтың мəдениеті, тұрмыс салты, өнері жайында баяндамалар жасап, дəрістер оқыған. Сол арқылы өз ұлтының басқа ұлттармен қатар тəуелсіз өмір сүруге болатындығын дəлелдеуге ұмтылған. Ол орыстың ғалымы Г.Н. Потанинге қазақ халқының əн-күйін, ою-өрнегін, тұрмыстық құрал-сайманын жинасып, Томск, қаласында қазақтың өлкетану музейін ашуға көмектеседі. Оның əрбір іс-əрекеті Қазақстанның дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру мақсатына арналады.




Ə. Бөкейханов Ф.А. Щербина бастаған «Жер жөніндегі министрліктің ғылыми экспедициясына» қатысады. 1896–1901 жылдары аралығында бұл экспедициясы сол кездегі Қазақ өлкесінің Ақмола жəне Семей облыстарының 12 уезіне жұмыс жүргізді. Əлихан Бөкейханов бұл экспедицияға дейін Тобыл губерниясында жүргізілген санақ жұмыстарына қатысып, тəжірибе жинақтаған. Сондықтан да Щербина экспедициясына жеке зерттеу тобын басқарған. Экспедицияның негізгі мақсаты — ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап Ресей үкіметінің қоныстандыру саясатының объектісіне айналған қазақ даласын жан-жақты зерттеу [7]. Қазақ шаруашылығын үйді-үй қора-қора басымен есепке алу, жайлау, қыстау, егіндік, шабындық жерлердің көлемін анықтау арқылы, қазақтың жер-суын, орман тоғайын, шөл-даласын есепке алу керек болды. Экспедиция жұмыстары біткеннен кейін жиналған бай материалдарды іріктеп, белгілі тəртіпке келтіріп өңдеп, ғылыми қорытындысын жазысады. Қажетті деген ғылыми есеп кестелерін жасайды. Жер-судың карталарын сызады. Қазақтың шаруашылығына, егіндік, шабындығына, қыстау, жайлауына ғылыми сипаттама береді. Жиналған деректерге сүйене отырып, Павлодар, Қарқаралы, Семей, Омбы уездеріндегі «байырғы тарихи аудандарын» анықтап, оны картаға түсіреді. Қазақ шаруашылығының экономикалық тиімділігін есептеп шығарады. Экспедицияның қорытындылары 1903–1905 жылдары аралығында 13 том болып жарыққа шыққан. Ғалымның «Павлодарский уезд», «Родовые схемы киргиз Каркаралинского уезда», тағы басқа еңбектері жарық көрді [8]. Осы еңбектерінде Ə.Бөкейханов қазақ халқының мүддесін қарапайым мысалдар келтіре отырып қорғағаны байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет