өздерінің өмір салтын, діні мен ділін арамызда таратып, түбінде түріктерді
бодандандыруды көксейді. Сол себепті ішкі бірлікті нығайту қажет. Біз,
әрине, мәдени қаһармандар ретіндегі елбасылардың орны мен қызметін
әсірлеуден аулақпыз. Бірорталыққа бағындырылған биліктің жеткіліксіздігі
ру-тайпалық сепаратизмді өршілендіріп жіберуі мүмкін.
Бұл жағдайда, Л.
Гумилев айтқан, түрік тайпаларының тарихи қарғысы – рулар қақтығысы
орын алды.
Л.Н. Гумилевтің пікірінше тәңірге табынушылық аспан мен жер
арасындағы көзқарастардың басын қосқан дүние деп мойындайды. Л.Н.
Гумилев ғұндар туралы айта келіп, Қытай елшісі (245-250 ж.ж.) Кампучияда
болған кезінде ғұндардың жазуына ұқсас жазу көргенін ескертеді. Ендеше
Орхон-Енесай жазуының түпнұсқасы тым алыста жатыр. Қ.И. Сатпаев өзінің
1942-жылғы өкіметке жолдаған хатында 81 жастағы Мұрын Сеңгірбаев
жыраудың 18 жастан бастап «Қырымның 40 батыры туралы» сияқты
жырларды орындағанын жазыпты. Ол
Сыпыра жыраудың, Әбіл жыраудың,
Нұрым жыраудың мұрагері. Мұрын жырау әрбір жырды 7-10 күннен
жырлайды екен.
Кезінде кеңестік шығыстанушылар орта ғасыр дәуірінде жеті тарихи-
мәдени өлкелер қалыптасқанын мойындағанды: еуропалық, араб-исламдық,
орташығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық, Қиыр Шығыстық,
Оңтүстік Шығыс Азиялық. Академик Н.И.
Конрад алғашқы кезде мәдени
қарым-қатынаста көне халықтардың мәдениеті үстем болды, ал екінші
кезеңде жаңа ортағасырлық әдебиет туындаған кезл\де жас халықтарға кезек
тиді, олар ортағасырлық әдебиет жасады – жапондық, жаңа үнділік, жаңа
түркілік, жаңа ирандық, арабтық, армяндық, грузиндік, славяндық,
романдық, германдық (Конрад Н. Запад и Восток.
Традиции и
современность. – М.: Наука, 1993. – 403 б.), – деп атап көрсетті.Міне, осылай
түркі өркениетінің қанат жайып, түркі әдебиетінің өскен кезеңі Түркі
қағанатының тұсына келеді. Егер біз Египет өркениеті 6000 жыл бойы
дамып, өзін танытты десек, жас түркі өркениеті алда кеткен өркениетті аса
жылдамдықпен қуып, баса көктеп өркендеді.
Түркі қағанатының ғажабы – тайпалық томаға тұйықтық көзқарас
орнына жалпы империялық, жалпы түркілік идеология орнады.
Кейін
империя құлаған кезде бұл тайпалардың мемлекеттігінде бір әдеби тіл, жазу,
бірегей саяси-әлеуметтік жүйе, материалдлық мәдениеттің бірегей
нормалары сақталды. Сайын даладағы халықтар өздерінің бір мәдени ортаға
қосылатынын білді, осының негізінде болашақ түркі тектес халықтардың
бірегейлігі беки түсті. Ал бірегейлік Алтайдан Дунайға дейінгі қыпшақ
даласында одан әрі жалғасын тапты. Ұлы Жібек жолы трансконтиненталды
трасса сайын сахарада дала мәдениетіне қала мәдениетін қосты.
Орыс әскери ғалымы М.Н. Иванин көрсеткендей, Әмір Темір Ұлы
Шыңғыстың заңдарын одан әрі дамыта түсті. Моңғол мемлекеттік жүйесі
Алтын Орда мен Мәскеу Русінің державалығын шыңдады.
Мәскеу
мемлекеттігіне
самодержавие,
орталықтандыру,
басыбайлық,
почта
бекеттері, көлік салығы, халықты жалпылай санақтау, әскери-әкімшілік жүйе,
орыстың ақшасы – күміс теңгесі моңғолдар арқылы тарады. Эренжен Хара-
Даван моңғолдан сабақ алған орыс елі шашырап жатқан жұртын біріктіріп,
Ұлы Мәскеу мемлекеті болып қалыптастыруға әкелді деп санайды.
Басқаша айтқанда, Шыңғыс хан бұл арада ғасырға созылған дала
әлемінің тәжірибесін жинақтап, жасампаздық қасиетін танытты. Ендеше,
өркениеттің эволюциялық даму барысында болған тарихты даяр қалыпқа
бағындырып, қатырып тастамай, салыстырмалы, жүйелі қараған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: