Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ



Pdf көрінісі
бет9/49
Дата11.07.2023
өлшемі1.45 Mb.
#475632
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

Хабар контексті 
 
адресант ––––––––––––––––––– 
адресат 
Семиотикалық талдау үдерісі шексіз. Пирстің шектеусіз семиозис идеясы 
осыған негізделген, семиозис – белгі таңдаудың динамикалық үдерісі, оның 
өмір сүруінің жанды мүмкіндігі. Семиозис идеясы белгі мен сыртқы дүние 
арасындағы қатынастың мәнін көрсетеді. Репрезентациялық объекті бар
бірақ ол алынып тасталған, оған жету мүмкін емес. Алайда, бұл объектіні өзі 
тудырған белгілерді зерттеу арқылы тануға болады. Семиотиканың тағы бір 
негізін қалаушы Моррис семиозисті белгі сияқты нәрсенің әрекеті деп 
қарады
Ч. Пирс семиозистің логикалық жағын дамытса, Ф. Соссюрдың еңбектерінде 
оның лингвистикасы зерттеледі. Соссюр семиологияны «белгілердің өмірін 
қоғам өмірінің ішінен оқытатын» (қоғамға лингвистика құрамды бір бөлігі 
болып кіруі керек) ғылым деп ой толғатқан. Соссюр бойынша талдаудың 
бастапқы бірлігі – белгі, ол білдірілетін (түсінік, мазмұн жоспары) мен 
білдіретіннің (акустикалық бейне, көрініс жоспары) қатынасы болып 
табылады, олар еркін байланысады . Белгілі ғалым Бенвенист, белгі 
конпоненттерінің өзара қатынасы емес, бүтіндей белгінің шындыққа 
қатынасының еркіндігін кейіннен анықтайды. 
Пирстің семиотикасы (Моррис, Эконың жұмыстарында дамыды) мен 
Соссюрдің семиологиясы (Л.Ельмслев, Э.Бенвенист, структуралистер) 
семиотикалық парадигманы қалыптастырады: белгі семиотикасы және белгі 
жүйесі ретінде тіл семиотикасы. 
Эко өзінің «Жоқ құрылымдар» (1968) атты еңбегінде иконикалық белгі 
мәселесін «кинематографиялық код» ұғымымен тығыз байланыста алады. 
Семиотикада белгінің бір-бірімен қатынасын синтаксис, белгінің белгіленген 
затқа қатынасы семантика, белгі жүйесінде тұтынып қолданылатын белгі 
қатынасын прагматика айырып көрсетеді. Семиотика – ақпаратты сақтап 
және түрлі белгілік жүйелердің қасиеттерін философиялық-теориялық 
тұрғыдан зерттейтін, яғни белгі және белгі жүйесін зерттейтін ілім. 
Семиотика тек белгі және белгі жүйесі туралы ғылым болып кеш қалыптасса 
да, философиялық пайымдауы тарихи түрде тереңде жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет