Мәдениеттану тарихы ғылыми пән ретінде


Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Халықтық мерекелер



бет32/52
Дата01.04.2024
өлшемі212.9 Kb.
#497238
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52
Культ Билеты-ответы

43. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Халықтық мерекелер
Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.[1]
Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.[2]
Салт дәстүр мәселесі Қазіргі таңда салт дәстүр мәселесі алғашқы орындарды тіреп тұр. Қазақ халқында көптеген салт дәстүрлер мен ырымдар бар. Бірақ өкінішке орай адамдардың көбісі ырым мен салт дәстүрді шатастырады екен. Ата баба өсиеті болып келе жатқан салт дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері болса, ырым жырымдар арнайы тыйымдар үшін қолданылған.
Қазақстан Республикасының мерекелері ҚР Президентінің 1998 жылы 20 қантардағы №3827 Жарлығы мен оған 2003 жылы 15 карашада енгізілген өзгерістерге сәйкес заңды түрде белгіленген ұлттық, мерекелік және кәсіби мерекелер жүйесі. Ұлттық мерекелер — Қазақстан Республикасындағы жаңа оқиғаларға, оның ішінде жеке мемлекет болып қалыптасудағы тарихи жағдайларға байланысты белгіленеді. Қазақстан Республикасында ұлттық мерекенің ең бастысы — 16-17 желтоқсанда аталып өтетін Тәуелсіздік күні. Айтулы күн 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі турапы» конституциялық заңын қабылдауымен байланысты. Осы күні республика өзінің тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет екендігін жариялады. Өз аймағындағы барлық билікке иелік етіп, ішкі және сыртқы саясат жүргізетін болды. Қоғамдық-саяси мәндегі оқиғаларға орай Қазақстан Республикасы азаматтарының дәстүрлі мемлекеттік мерекелері белгіленген. Олар:
• Жаңа жыл (1-2 кантар)
• Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз)
• Наурыз мейрамы (22 наурыз)
• Қазақстан Халықтарының бірлігі мейрамы (1 мамыр)
• Отан қорғаушылар күні (7 мамыр)
• Жеңіс күні (9 мамыр)
• Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (30 тамыз)
• Республика күні (25 казан).
Сонымен қатар елімізде 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Кәсіптік мерекелер негізінен әр салада қызмет атқаратын азаматтардың төл мерекесі.Олар:
• Отан қорғаушы күні (7 мамыр)
• Медицина қызметкері күні (маусымның үшінші жексенбісі),
• Баспасөз, теледидар жөне радио күні (маусымның соңғы жексенбісі )
• Металлург күні (шілденің үшінші жексенбісі)
• Көлік және байланыс қызметкерлері күні (тамыздың бірінші жексенбісі)
• Құрылысшы күні (тамыздың екінші жексенбісі)
• Спорт күні (тамыздың үшінші жексенбісі)
• Шахтер күні (тамыздың соңғы жексенбісі ) ,
• Білім күні (1 қыркүйек),
• Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні (қыркүйектін бірінші жексенбісі)
• Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні (қыркүйектің үшінші жексенбісі)
• Мұғалім күні (қазанның бірінші жексенбісі )
• Ұлттық валюта күні (15 караша)
• Ауыл шаруашылық қызметкерлер күні (қарашаның үшінші жексенбісі)
• Энергетик күні (желтоқсанның үшінші жексенбісі).
Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері демалыс күндері болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет