62. «Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы мәдени саясат саласы ретінде.
Қазақстанның мәдени мұра жобасы — Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылған мемлекеттік бағдарлама, стратегиялық ұлттық жоба. Қазақстандағы мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктерің зерттейді. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы
қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген. Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін. «Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу. Бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс істейді:
1. ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; 2. археологиялық зерттеулер; 3. қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар; 4. ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру. Облыс кітапханаларында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар атқару арқылы насихаттау:
• «Мәдени мұра» қорын қалыптастыру; • Мәдени–әдеби мұраларды сақтау және оны насихаттау; • Сирек кездесетін және құнды әдебиеттерді насихаттау; • Заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін дамыту; • Тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері туралы әдебиеттерді насихаттау; • Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасын оқып-үйрену; • Жастарды мәдени құндылықтарды білуге және оны дамытуға баулу; «Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан тарихындағы теңдессіз гуманитарлы акция бола тұрып, қазақ халқының ұлттық рухани байлығын әлемге паш етті.
63. Мәдени туризмді дамыту және оның «Туған-ел», «Қазақстанның сакральды географиясы», «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет», «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларын қалыптастырудағы және іске асырудағы рөлі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – ұлтқа бағытталған ұран, мемлекеттік идеология өзегі ретінде аса құнды үндеу болып табылады. Қоғамдық санаға рухани сілкініс беріп, ұлы мұратмақсаттардың түйін-тұжырымын мәйелі ой-толғаумен саралаған жоспарлы жобаны халық жылы қабылдады. Рухани үндестік үйлесім тапқан, мәдени-рухани құндылықтарға басым мән берілген жаңғыру бағдары жұртшылықтың жігерін жанып қамшылады. Жаhандану заманында жұтылап қалмай жаңаша жаңғыруға, рухани жұтаңдықты болдырмауға шақырады. Елге мұра, ұрпаққа үлгі болатын, ұлттық сананың кемелденуін көздеген, табысқа жету тетіктері тізбектелген бұл толғауды елім деген
барша азамат қолдап, қуаттайды. Мұндағы терең ой қозғаған нақты әлеуметтік жобалар ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтініне сеніміміз мол. Ұлт бірлігі – ұлы байлық. Ұлттық дамуда мызғымас ұлт бірлігі аса маңызды. Рухани дүниелер арқылы қоғамға үлкен маңыз берген бастама – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға бағытталған. Ұлттық рухымызды көтеру үшін, әлбетте төл тарихымызды, тәрбиенің түп қазығы –құндылықтарымызды дәріптеу қажет. Рухани өрлеудің алтын арқауы – ұлттық код ерекшеліктерін сақтау арқылы жаңғыру. Отаншылдық рух туған жерге, туған елге деген махаббаттан басталады. Ал, басты бағыты – ұлттық патриотизмге негізделген Таяу жылдардағы міндеттер бөліміндегі «Туған жер» бағдарламасы – уақыт талабынан туындаған идеология жинағы. Ауқымды үш мәселені қамтыған жоба жалпыұлттық сипатта жаңғырудың тиісті тетіктерін анықтап берді. Осылайша, ой-санада жаппай жаңғыру үдерісі басталды. Тағылымды туған жерге тағзым етіп түлету – перзенттік парызымыз. Ұлттық бірегейлік темірқазығы саналатын туған жер жобасы патриоттық тәрбиенің негізгі өзегі болмақ. Ұлы дала өркениетіне өрнектеп жол салған жобада ұлттық дара қасиеттеріміздің жоғалмауы, жаңғырып жоғарылауы қарастырылған. Ұлттық бірегей сана-сезімге ұлттық игі мүдделер арқылы әсер ететіні ақиқат. Себебі, терең тарихтан өнеге, қуат алған халықтың ұрпағымыз. Тар жол, тайғақ кешу нәубаты таңбаланған, атабабаларымыз көздің қарашығындай қорғаған жердің қадір-қасиетін түсінеміз. Теңдесі жоқ туған жердің тас, топырағына дейін тағзым ететін тәуелсіз елдің рухты, өжет азаматтарымыз. Бүгінгі күн – Атажұртқа адал әр азаматтың жеке жауапкершілігі сынға түсетін сарабдал уақыт. Бір қуантарлығы, осы сын-межеде суырылып алға шығып, отансүйгіштігін нақты істермен дәлелдеп жүрген қайраткерлер, жастар, қарапайым жандар да бар. Мысалы, туған жерге деген ерекше құрметтерін адам жанына жылулық сыйлайтын қайырымдылық шаралар жасау арқылы білдіріп жатқандар бар. Сондай-ақ, жастарда ұлттың рухани жаңғыруына бастайтын «Туған жер» бағдарламасын сәтті жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар білдіріп, жобаларды қолға алуда. Жүрегі елім деп соққан әр азамат «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосуы керек. Туған жерге деген ерекше құрмет – туған жердің көсегесін көгертуге атсалысу. Үкімет, жергілікті билік, халық, қала, ауыл, барлық аймақтың әлеуетін арттыруға, руханиятын, мәдениетін көтеруге ұмтылуы қажет. Туған жерді қастерлеп сүюге, туған жер қадірін арттыруға, заманауи озық өркениет үлгілерін дамытуға деген шамшырақ ұранның күштілігі осында. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғамдық сананы заманауи биікке көтеруге септесетін алты жоба ұсынылғаны белгілі. Соның төртіншісі – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Бұл жобаны жүзеге асырудың мақсаты – халықтың ұлттық бірегейлігін және құндылықтарын бекемдеу, жат идеологияға төтеп беретін қалқанды нығайту.
Cакралды сөзінің түп-төркіні латын тілінде жатыр. Еуропалықтар осынау ұғымтүсінікпен өздері ерекше қастерлеген діни, тіпті мистикалық құбылыстарды, күнде көріп жүрген таныс ортадағы өзгеше болмысты, иррационалды дүниені, нысандарды бейнелеген. Күні бүгін де бастапқы мағынасын сақтап келеді. Тап осы себепті дін атаулыны апиын ретінде қабылдаған кеңестік билік сакралды география теориясы мен практикасының адымын аштырмай, жөргегінде тұншықтырды. Құранды өртеген, мол
далардың сақал-мұртын зорлықпен күзеген, мешіттерді аяусыз қиратқан елде дінге, діни ұғым-түсінікке қатысты орындар қатаң бақылаудан көз ашпай, мүлде басқа мақсаттарға пайдаланылды. Оларды сакралды мәртебесімен айшықтаудың өзі қатерсіз емес еді. Тәуелсіздіктің арқасында ғана бабалар мұрасымен қайта табыстық. Мақалада сакралды географияның мән-мағынасы терминге мейлінше сәйкес – қасиетті, киелі ұғымдарын қолданумен ашылған. Осыдан-ақ төл тарихымыз бен өркениетіміз жаһандық үдерістен, ақыл-ой бәсекесінен тыс тұрмағанын байқауға болады. Президент белгілеген жобаның мақсат-міндеттеріне бойлап, іргелі практикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін қоғамдық-гуманитарлық ғылым иелері ақиқатты ашатын теориялық, методологиялық қағидаттарға сүйенуі керек. Сонда өзімізді өзіміздің тануымыз, рухани жаңғыруымыз сапалы жаңа биікке көтерілері сөзсіз. Қазақ халқы сакралды сөзін естімей тұрып-ақ дінді ғана емес, жарық дүниенің тылсым таңғажайыптарын, бүкіл қоршаған ортаны қастерлеудің классикалық қағидаларын қалыптастыра алды. Адамдардың күнделікті өміріне қатысты тыйымдарымыздың өзі мән-мағынасы жағынан қоғамдық санадағы, дүниетанымдағы сакралдылық жайлы тұжырымдарымыздың биік деңгейін бейнелейді. Мәселен, табалдырықта тұруға, босағаны керуге, малды ұруға, молаға қарай жүгіруге тыйымдары шаңырақты, малжанды, аруақтарды – екі дүниені де ерекше құрметтегеніміздің дәлелі. Сакралды географияның пайда болуы себебі мен философиясының түпкөздегені де – осы. Ол төл тарихымыздың қай дәуіріне болсын тән ізгілік, биік рух, болашаққа сенім тәрізді қасиеттермен үндесіп жатыр.
Еліміздің дербес, толыққанды ел, егеменді мемлекет болуы – халқымыздың еркіндігі үшін, туған жері – Отаны үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат-мұраты бар. Сонымен қатар қазіргі жаһанданудың аранына жұтылып кетпес үшін, ұлттық сана мен ұлттық мәдениет керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында міндеттеген тапсырмалардың бірі – “Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет” жобасы. «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек. Бұл жоба нені көздейді? Бірінші, отандық мәдениетте БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт. Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс», – деп жазды Н.Назарбаев. Қазіргі заманғы бәсекелік қабілет дегеніміз – экономикалық даму, халықаралық бастамалар мен жобалар ғана емес, сондай-ақ бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, өзіндік мәдени жетістіктермен әлемге танылу. Қазақстан дамуының жаңа кезеңі сыртқы саяси бастамалармен байланысты брендтерді ілгерілету ғана емес, қазақстандық мәдениеттің үздік үлгілері мен жетістіктерін көрсету арқылы мемлекеттің танымалдылығын арттыруды көздейді. Мұндағы әңгіме ғылым, әдебиет,
көркемөнер мен музыка, театр, кино және т.б. қамтитын ұлттық мәдениеттің кең мағынасында айтылады. Мәдениеттің үздік үлгілерінде, халық шығармашылығында, тарихында, музыка, әдебиет, кескіндеме, театр, кино өнеріндегі озық туындылар Қазақстан мен ұлттық бірегейлігіміз туралы тұрақты ассоциациялар мен бейнелер қалыптастыруға септігін тигізеді. Бүгінгі таңда ел іргесі бекіп, экономикамыз тұрақтап, бейбіт қоғамда өмір сүріп жатқан біз үшін басты парыз, нақты мақсат – ұлтын сүйіп, оның бай мәдениетін ардақтай білетін жаңа буын қалыптастыру. Бұл үшін әрбір қазақ азаматы отбасылық тәрбиені мықтап қолға алғаны жөн. Сонда ғана біз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына өз үлесімізді қоса алатын боламыз.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның мақсаты: Орта мерзімді перспективада республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау. Бағдарламаның міндеттері: 1. Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифландыру: 2. Көлікті және логистиканы цифрландыру. 3. Ауыл шаруашылығын цифрландыру. 4. Электрондық сауданы дамыту. 5. Қаржы технологияларын және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту. 6. Мемлекет – азаматтарға. 7. Мемлекет – бизнеске. 8. Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру. 9. "Ақылды" қалалар. 10. Байланыс желілерін және АКТ инфрақұрылымын кеңейту. 11. АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 12. Орта, техникалық, кәсіби, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру. 13. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау). 14. Инновациялық даму алаңдарын қолдау. 15. Технологиялық кәсіпкерлікті, стартап мәдениетті және ҒЗТКЖ-ны дамыту. 16. "Венчурлік" қаржыландыруды тарту. 17. Инновацияға сұраныс қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |