Мәдениеттану тарихы ғылыми пән ретінде


«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы



бет44/52
Дата01.04.2024
өлшемі212.9 Kb.
#497238
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52
Культ Билеты-ответы

57. «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Мәдениет туралы
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңы
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 24, 147-құжат; “Егемен Қазақстан” 2006 жылғы 26 желтоқсан N 320
МАЗМҰНЫ
Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениеттi жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.
Мәдениет туралы заң 40 бапттан тұрады. 40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. “Мәдениет туралы” 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж. N 22, 406-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президентi
58. Қазақстан мұражайлары және олардың мәдени мұраны сақтаудағы рөлі
Мұражай – әр елдің тарихын, салт –дәстүрін,мәдениетін танытатын құндылық.Мұражай бірнеше топқа бөлінеді: тарихи мұражай, көркемөнер мұражайы, жаратылыстану мұражайы, техникалық мұражай, кешенді мұражай, мемориалдық мұражай. Әсіресе, қазіргі заманда жастардың қызығушылығы тарихи және көркемөнер мұражайларына бұрып тұр. Астана қаласындағы маңызы бар мұражайларға шолу жасай кетсек: 1. Астана қаласының Қазіргі заман өнер мұражайы. 1980 жылғы 2 қазанда ашылған, отыз жылдан астам өнердің дамуына атсалысып келе жатқан мұражайдың жеке коллекциясында төрт мыңнан астам көркем шығарма жинақталған, жыл сайын мұражайға 70000 адам келеді, мыңнан астам іс-шара өткізіледі.
2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы.
Мұражай Президенттің қаулысымен 2004 жылғы 28 тамызда құрылған. Ол Президенттің Резиденциясы ғимаратында орналасқан. Мемлекет Басшысы жұмыс атқарған кезеңдегі жұмыс кабинеттері мен залдардың интерьері сол күйі өзгертілмей сақталған.
Келушілердің қызығушылығын бастапқы қалпын сақтап қалған мемлекет басшысының кабинеті оятады.Үстел үстіндегі жазба құралдары және белгілері бар блокнот, сөз сөйлеу тезистері мен құжаттар Президенттің күнделікті жұмыс күннің атмосферасын тудырады.
3. Атамекен мұражайы
Астана қаласындағы аспан астындағы мұражай. 2001 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылды. Онда Қазақстаннын барлық қалалары мен тарихи ескерткіштерінің кішірейтілген модельдері көрсетілген. 1,7 га алаңда(екі футбол алаңы)елді алақандағыдай көруге және оның сәулет-ландшафт тарихымен танысуға болады. Картада 14 облыс пен 2 республикалық маңызы бар қала-Астана мен Алматы орналасқан.
Жыл сайын жақын және алыс шет елдерден келген 10 мыңнан астам қонақ тамашалайды.
4. Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы
Қазақ халқының ең жарқын тұлғаларының бірі, ұлы ақын, жазушы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық жұмыстарын сақтай отырып, 1988 жылғы 21 ақпанында Астана қаласында өлкетану мұражайының бір бөлігі ретінде ашылған. Мұражай жанына ақыннын ескерткіші орнатылған.Тарихи архитектуралық ескерткіш саналғанымен,мұражайдың сыртқы көрінісі бүгінгі жаңа құрылыстар ансамбліне ұқсас келеді.Мұражайда 6000-ға жуық материалдар жинақталған.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы
Мұражай 2014 жылдың 2 шілдесінде ашылды. Бұл елдегі ең үлкен мұражай болып келеді. Жер телімінің жалпы ауданы 9,9 гектар, ғимараттардың алаңы 74 мың шаршы метр, экспозицияның алаңы 14 095 шаршы метр, қорлар 8 000 шаршы метр.
7 залдан, 8 қабаттан тұратын мұражай яғни,Алтын зал, Қазіргі заманғы өнер залы, Этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залдардан тұрады. Әрқайсысында қайталанбас құнды экспозициялар жинақталған. Оған шетелдік қонақтар да жоғары баға беріп жатады. Ұлттық тарих мұражайы – Орта Азияда баламасы жоқ бірегей жобасы болып саналады.
Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан келгенше қаматамасыз етілумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерінің ашылуымен, кесенелерді, ескі мешіттерді, ежелгі кенттерді тұмшалаумен, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың жандануымен, олардың негізінде жаңа тарихи-мәдени мұражай қорықтардың құрылуымен сипатталады.
Қазақстанда қазіргі уақытта тарих, археология, сәулет және мүсін өнерінің жылжымайтын ескерткіштері 25 мыңнан астам, 11 мың кітапхана, 147 мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық мұражай, 215 мұрағат бар деп есептеледі.
Тарихи және этнографиялық бейнедегі мемлекеттік мұражайлардың, Қазақстан тарихындағы есте қалатын оқиғаларға арналған мемориалдарды тармақталған желісі жасалды.
Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің қайталанбас ескерткіші-Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі 2003 жылғы маусымда ЮНЕСКО –ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді.
Астана қаласының мәдени инфроқұрылымын жақсарту жөнінде шаралар қолданылады. Республика астанасында соңғы жылдары Қазақ музыкалық комедия театрын, мұражайын, кітапханасын және концерт залын қамтитын Президенттік мәдени орталығы ашылды. Ұлттық кітапхананың құрылысы аяқталды. Киноконцерт залы мен цирктің құрлысы жүргізілуде.
“Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы”, “Мәдениет туралы”, “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы” Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданып, күшіне енді.
Сонымен қатар, мәдени мұраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек күттірмейтін кешенді шараларды қолдауды талап етеді.
Қазақстанның ұлттық тарихы үшін орасан зор мәні бар көптеген тарихи, археологиялық және сәулет обектілері шұғыл көмекке мұқтаж. Олардың арасында-Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанбаб кесенесі, Қызылорда облысындағы Асан-Ата және Айқожа кесенелері, Алматы облысындағы Жаркент мешіті, Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрбат ауылындағы тарихи-сәулет және археология ескерткіштері, Маңғыстау қорығы және “Ордабасы” қорығы және т.б. секілді тарих пен мәдениеттің қайталанбас ескерткіштері бар.
Олардың көпшілігі осы уақытқа дейін урбандалу, индустриялану және технократизациялану салдарынан болатын бұзылып-бөлінуден қорғалмаған.
Ежелгі уақыттан бергі заттық емес, рухани мәдениетінің ескерткіштерін, соның ішінде ежелгі түркі жазу ескерткіштерін зерделеу, пайдалану, қазіргі авторлардың шығармашылығындағы дәстүрлі мифологемалар мен бейнелердің өзгеру жүйесімен әдістерін дамыту жеткіліксіз.
Өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап қазақ тілі оқырман үшін философия, тарих, заңгерлік және басқа салалардағы әлемдік ғылым ой-сананың негізі қаланған еңбектерді, сондай-ақ көркем әдебиетті басып шығару іс жүзінде тоқтап қалды.
Осымен байланысты өскелең ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ
қазақ; халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту мақсатында мемлекеттік тілде тарихи, көркем ғылыми толық дестелерді шығарудың мәселелері ерекше өзекті болып отыр.
Қағаздан, желімнен, теріден, қатырма қағаздардан және т.б. органикалық материалдардан жасалған жазба мұраның, құжаттардың табиғи сарғайып-ескіруі орын алуда. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының қорында, елдің мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларының табиғи жай-күйіне де айрықша назар аудару керек.
Өткеннің көрнекті ғалым ойшылдарының мұрасын зерделеу, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар сирек кездесетін басылымдардың қолжазбаларын, кітаптарды және мұрағат құжаттарын табу мен сатып алу үшін алыс және жақын шетелдердің мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылады.
Ұлттық мәдениет үшін айрықша мәні бар тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткіштеріне, соның ішінде қорық-мұражайлар өңірлеріне оларды сақтау мен мұражайға айналдыру мақсатында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу де көзделеді.
Құжаттық мұраның бірегей үлгілерін сақтау, сондай-ақ оларға еркін қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында өткеннің көрнекті ғалымдарының, ойшылдарының, оның ішінде: әл-Фарабидің, Ж.Баласағүнидың, М.Қашғаридың, С.Бақырғанидың, А.Йүгінекидің, М.Дулатидың, Қ.Жалайыридың, З.Бабырдың және басқалардың мұрасын зерделеуді жалғастыру қажет.
Қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар қолжазбалардың, сирек кездесетін басылымдар мен кітаптардың “Кодекс Куманикустың ”, “Қорқыт Ата кітабының” (Дрезден мен Ватикан қалаларында сақтаулы), “Оғыз-наменің” (Парижде сақтаулы), “Бабыр-наменің”, “Махаббат-наменің” (Лондонда сақтаулы), Ж.Баласағұнидың “Құтадғу білігінің” (Каирда сақаталуы) көшірмелерін табуды, сатып алуды, немесе дайындауды жалғастыру қажет.
Ежелгі қолжазбалардың, кітаптар мен басқа да дерек көздерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін Ұлттық кітапхана жанында Ұлттық кітап жәдігерлерін табу мен сатып алу, сондай-ақ кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіру жөнінде орталық құру қажет.
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мен Электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесіне енгізу жағдайларында Ұлттық мұрағат қоры құжаттардың жаңа тасығыштарда сақталуы мен пайдалануы өзекті міндеттерге айналып отыр, оларды шешу үшін Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты жанында мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмесін жасау мен қалпына келтіру жөніндегі орталық құрылуға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет