Бақылау сұрақтары:
Продюсер қандай маман?
Ең алғашқы продюсерлік қайда пайда болған?
Мәдени көркем-шығармашылық өнім туралы не айта аласыз?
Кинопродюсер мен телепродюсердің басты айырмашылықтарын атаңыз?
Ойын-сауық индустриясын сипаттаңыз?
Тұтынушылық нарықтың өзгеруі немен байланысты?
Студенттің өзіндік жұмысына тапсырма:
«Әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы және табысты продюсерлік орталықтар» жайлы ақпарат жинау
«Қазақстандағы ірі продюсерлік орталықтардың жұмыстары» жайлы конспект жазып келу
Шымкент қаласындағы продюсерлік орталықтардың қызмет ерекшеліктерін сипаттау
Практикалық тапсырмалар орындау кезінде студенттер төменде көрсетілгендерді меңгерулері керек
Продюсерліктің түрлері блойынша командалық жұмыстың сипаттарының бір-бірінен айырмашылықтарына байқау әдісі арқылы шағын аналитика жасауды меңгерулері қажет.
9-Тақырып. Продюсерлік бейіндік ауқымы кең дербес қызмет ретінде
Мақсаты: Продюсерлік бейіндік ауқымы кең дербес қызмет екендігіне көзжеткізу.
Міндеті: Продюсердің кәсіпкерлік және ұйымдастырушылық қабілеттері, кәсіби қызметіндегі қаржылық, экономикалық және құқықтық білімнің, дағдылардың рөлі жайлы түсінік қалыптастыру.
Сабақты жүргізу тәртібі: пікірталас
Қысқаша теориялық мағлұматтама
Продюсердің негізгі функциялары
Стратегиялық функциясы – жағдайға талдау жүргізу және болжам әзірлеу, соның негізінде продюсерлік ұйымның мақсаттары қойылады, стратегияны әзірлеу процесін үйлестіру және бизнес-жоспар құру ұйымдастырылады.
Әкімшілік-бақылау – нәтижелерді бағалау.
Сараптамалық-инновациялық – продюсердің нарық жаңалықтарын іздеу, оларды білікті бағалау және тәжірибеге енгізу.
Әлеуметтік-психологиялық – ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық климат құру, дәстүрлерді қолдау, туындаған жанжалдарды шешу.
Жетекші – продюсер-менеджер интегратор болып табылады, команда мүшелерінің іс-әрекеттері ортақ мүдделерге қайшы келмеуін, топтың ішкі бірлігін бұзбауын қадағалайтын бақылаушы болып табылады.
Тапсырмалар:
Продюсерліктің тарихын білу
Продюсерлік жұмысқа сипаттама беру
Телебағдарламалар индустриясының маңызына тоқталу
Еліміздегі мәдени тұтынушылық нарығына қысқаша шолу жасау
Продюсерге қойылатын талаптарды анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |