«Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу» пәні бойынша практикалық сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау


-Тақырып. Продюсер-атқарушының көркемдік, эстрадалық-концерттік қызметінің мерекелердегі ерекшеліктері



бет30/32
Дата27.03.2023
өлшемі3.46 Mb.
#471158
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу практ саб ор ар ә н(2)

15-Тақырып. Продюсер-атқарушының көркемдік, эстрадалық-концерттік қызметінің мерекелердегі ерекшеліктері


Мақсаты: Эстрадалық-концерттік қызметке талдау жасаудың әдістемесін үйрену.
Міндеті: Эстрадалық-концерттік бағдарламалар бойынша аудиторияның белсенділік деңгейін анықтау. Шығармашылық жоба формалары мен оларды басқарудың әдістерін талдау.
Сабақты жүргізу тәртібі: диспут

Қысқаша теориялық мағлұматтама
Атқарушы продюсер — әдетте, ірі жобаларда басшының өкілі немесе басшылардың бірі ретінде қаржылық, әкімшілік, техникалық және шығармашылық аспектілер бойынша өндіріске қатысатын, бақылау жасайтын ірі инвестор. Шағын компаниялар немесе тәуелсіз жобаларда сценарист-режиссер атқарушы продюсер бола алады. Кеңестік дәуірде кинематография саласында фильмді қаржыландыру міндетін де қоса атқарған маман продюсер ретінде қабылданған жоқ. Сондықтан картина режиссері деп қана аталды. Көптеген ірі жобаларда атқарушы продюсер өнім дайындайтын команданың құрамын анықтайды, яғни түсірілім тобын жинайды. Сопродюсер, қауымдастырылған продюсер, ассистент продюсер, желілік продюсер, әкімшілік продюсер, креативті продюсер, веб-продюсер немесе веб-сайт продюсері, ақпараттық продюсер деген мамандар атқарушы продюсерге есеп береді. Аталған мамандар атқарушы-продюсермен жұмыс жасайтындықтан қысқаша түрде анақтама беріп өтейік:
Сопродюсер - продюсер, атқарушы продюсер алдында есеп береді және фильм қаржыландыру үшін ақша ұсынады. Күнделікті өндіріске көбінесе жай ғана продюсер ретінде қатыстырылады.
Қауымдастырылған продюсер - әдетте продюсер өкілі рөлін орындайды, ол оның қаржылық, шығармашылық немесе әкімшілік функцияларының бір бөлігіне үшін жауап беруі мүмкін. Бұл міндеттер көбінесе кино өндірісінің істерінде тәжірибелі адамға жүргізу тапсырылады, кеңесші ретінде, немесе ірі қаржы немесе шығармашылық үлесі енгізуші болып келеді.
Ассистент продюсер - әдетте қауымдастырылған продюсердің басқаруымен жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет