13-Тақырып. Өндіруші қызметіндегі қаржылық және құқықтық аспектілер
Мақсаты:Продюсерлік қызметтің барысындағы қаржылық-экономикалық және құқықтық (заңдылығы) тұстармен жақын танысу, түсіну, меңгеру.
Міндеті: Жобаны продюсерлеудегі қаржылық білім, өнім дайындаудағы заңдылық ұғымдарының мәнін ашу, қаржылық-экономикалық білімнің, авторлық құқықтың маңызын түсіну.
Сабақты жүргізу тәртібі: пікірталас
Қысқаша теориялық мағлұматтама
Арнайы курсымыздың 11-тақырыбында кез-келген жобаны (біздің жағдайда көркем-шығармашылық жоба) продюсерлеуде негізгі 4 кезең болатыны айтылған:
форманы таңдау;
идеялық - тақырыптық мазмұнды өңдеу;
алға жоспарланған бағдарламаның композициялық құрылымын анықтау;
көркем бейненің, жарықтандыру мен музыкалық безендірудің шешімдерінің қалыптасуы.
Продюсерлік өнім дайындауда продюсерлер шығармашылық команда құрамындағы жұмысшыларға (келісім-шарттағы көрсетілген) төлейтін жалақыдан тыс жобаны жарыққа шығару үшін продакшанға дейінгі барлық шығындарды сауатты өтеуі тиіс. Бұл өз кезегінде атқарушы болсын бас продюсер болсын қаржылық-экономикалық жағынан өте ұқыпты болуды талап етеді. Сондықтан жобаның спецификасына байланысты көптеген продюсерлер шығармашылық процестен гөрі қаржылық-экономикалық тұстарға көбірек мән береді. Ал жобаның көптеген шығындардың орнын жауып қана қоймай табыс, танымалдылық алып келуін алдын-ала болжау мүмкін емес. Тұтынушылық нарықтағы жоғары сұранысқа ие болған танымал жобалардың көпшілігінің соңы шулы сот процестерімен аяқталып жатады. Жақын арада Ресей кинотеатрларында Л.П. деген азаматша прокатта жүрген Голливудтық өнім «Джокер» фильміндегі бас қаһарманның образы Ресейлік «Шырли-мырли» комедиясындағы Армен Джигарханянды көшірген деп айыптап, көретілімнен алып тастау жөнінде РФ Мәдените министрлігіне арыз жолдапты. Егер бұл жағдай образға қатысты болса, бірнеше фильмді жасанды интеллектке негізделген антиплагиат бағдарламасында сынақтан өткізген Томск қаласының ғалымдары «Джокер» фильміндегі сюжет «V – значить вендетта» туындысынан кіріктірілгенін анықтаған. Осы тектес кемшіліктер кино продюсерлікте көп кездеседі. Өнімге патенттің болуы оның заңмен қорғалуын қамтамасыз етеді. Ол бұзылған жағдайда көп сомадағы айыппұлдар төленетіндіктен продюсерге тек қаржылық, әкімшілік қабілет-білімдермен шектелмей құқықтық тұрғыда сауатты болуы заманауи талаптардың бірі болып отыр.
Тапсырмалар:
Өндірушінің қызметін қаржыландыру көздерін табу жолдарын анықтау.
Өндірістік жобадағы инвесторлардың маңызын түсіну
Өндірістік компанияны, телекомпанияны, ассоциацияны ұйымдастыруды жобалау.
Бірлескен продюсерлік кәсіпорын туралы ақпарат жинау
Достарыңызбен бөлісу: |