Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет19/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   130
Философия Оқулық (3)

Аристотель (б.д.д. 384-322 жж) болды. Ол философияның өз алдына басқа 
ғылымдардың мəселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы ойшыл-


45 
филоосф. Ол Стагир қаласында дүниеге келді. 17 жасында Платоннан дəріс 
алған, ал 41 жасында Ұлы Александрдың (Македонский) тəрбиешісі болған. Ол 
Афиныда ликей, немесе перипатетиктер (қыдырып жүріп сұхбабттасу) мектебі 
деп аталатын оқу орынын ашты. Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық 
саласында ат салысып, көптеген еңбектер жазып қалдырған: “Категориялар”, 
“Аналитика” (І-ІІ томдар), “Топика”, “Физика”, “Метафизика”, “Этикалық 
трактаттар”, “Саясат”, “Риторика”, “Поэтика” т.б. 
Аристотель білімінің тарау аумағын қарастыра келіп, екі түрлі 
философияның бар екендігін айтады. “екінші философия” – физиканың - пəні 
материя мен үздіксіз қозғалыста жəне өзгерісте болатын сезімдік заттар болса, 
“бірінші философия” – метафизиканың қарастыратын мəселері – табиғи 
құбылыстардан тыс жатқан, өзгермейтін, мəңгі, қозғалмайтын мəнділік. Оны 
танып-білу табиғатты танып білуден құндырақ, сондықтан философия 
физиканың алдынлда тұрады да, “бірінші философия” – деп аталынады. 
“Бірінші философия” бір жақты қарасақ, дүниенің алғашқы бастамасы 
құдайға байланысты мəселелерді қарастыратын болғандықтан теология деп 
аталуы керек сияқты. Бірақ құдайдың өзі алғашқы бастамалардың бірі 
болғандықтан жəне филосjфия мəнділіктердің алғашқы бастамаларын ғана 
қарастырмай, оның себептерін де зерттегендіктен, ол теологиядан əлде қайда 
ауқымдырақ жəне тереңірек. 
Өзінің ілімін аристотель мəнділікті болмыс деп қарастырудан бастайды 
да, оны сол болмыстың өзіне тəн категориялары арқылы түсіндіруге тырысады. 
Осы тұрғыдан мəн категориясы мəнділікті түсінудің кілті. Ол өзіне дейінгі 
ойшылдарға ұқсап мəнді материалдық зат (ат, жер, су, ауа, атом) ретінде де, 
идея ретінде де қарастырмайды, оны өзіне тəн əр түлі көріністеріне байланысты 
тануға болады дейді. Мəннің көріністері: 1) түпнегіз, субстракт; 2) болмыстың 
мəні; 3) болмыстың мəнімен түпнегізден тұратындар; 4) жалпыға бірдей 
əмбебап жалпылық; 5) жалпылық жəне 6) еркшелік. 
Мəннің бұл аталған көріністерінің ішінде біреуі ғана – “болмыстың мəні” 
- мəнділік болады, ал қалғандары мəнділік бола алмайды. “Болмыстың мəні”, 
түр (форма), “алғашқы мəн” синоним ұғымдар. Аристотельдің пікірінше, форма 
– кез келген жалпы бастама емес, жəй жалпылық қана, осы тұрғыдан алғанда, 
ол жалқылар мен жалпылар арасындағы ерекшеліктердің арқысында өмір сүрді. 
Форма сапа да, сан да, заттар арасындағы қатынастар да емес, ол заттардың 
мəні, онсыз заттар өмір сүре алмайды. Сезімдік заттар көлемінде, оның мəні 
ретінде форма (түр) заттардан бөлек өмір сүрмейді. Қаншама ерекшеленген 
(топталған) заттар болса, соншама форма бар. Формалардың сатысымен 
көтеріле отырып, форманың ең жоғары түрі – материядан тыс өмір сүретін – 
алғашқы қозғаушы күшке дейін жетеміз. Ондай форманы ешкім дүниеге 
əкелмейді, ол мəңгі. Формамен қатар алғашқы бастамалардың қатарына “хюлэ” 
– материя да жатады. Материяның екі түрі бар. Бірінші – түрсіз, бейтарап, 
екіншісі – заттарды материалдандырған нəрсе. Материяның бірінші түрі мəңгі, 
бірақ, өміршең емес, себебі, өздігінен ештеңе тудыра алмайды. 
Анакисмандрдың апейроны сияқты белсенді де емес, қозғалыста да болмайды. 
Ал “екінші материя” өзіне “бірінші материяны” қабылдайды да заттарды 


46 
жасайтын материал (шикізат) ретінде формамен қосылып, сезімдік денелерді 
дүниеге əкеледі. Материя мəңгі болғанмен де, болмыс пен бейболмыстың 
ортасында екі ұшты болып тұрғандықтан, заттардың уақытшалығының, 
өзгермелілігінің қайнар көзі болып табылады. Материя мен форманы алғанда 
басты рөл формаға беріледі, себебі шын нақтылық - заттардың нақтылығы емес, 
форманың нақтылығы. Әлемде болып жатқан құбылыстардың барлығы 
мақсаттылыққа (теология) байланысты өзгеріп, дамиды. Олай болса, 
мақсаттылық та алғашқы бастаманың бірі. Аристотельде мақсаттылық платон 
айтқандай жалпы игілік атауы емес, керісінше, нақты игілік, ол – нақты 
мүмкіндікті жүзеге асыру жəне оны тамамдау. 
Төрітінші алғашқы бастама - қозғалыс. Мəн мен форма қозғалғанда ол 
əрекетшілдік қасиетке ие болып, заттар қозғалысынның алғы шарты болады. 
Бірақ əрекетшіліктің өзі сыртқы күште тəуелді, оны қозғалысқа түсіретін – 
алғашқы қозғаушы күш. Форма да, мақсаттылық та, қозғалыс та осы алғашқы 
қозғаушы күшке тəн. Бірақ ол материядан құр алақан, себебі материя тəуелсіз 
өмір сүреді. Бірақ материядан заттардың пайда болу мүмкіндігі ғана болса, 
форма алғашқы қозғаушы күш ретінде – нағыз шындық. 
Аристотель қозғалысты əртүрлі категориялармен байланыстырып 
қарастырады. Мысалы, қозғалыс сапаға байланысты – сапалық өзгеріс, санға 
байланысты ұлғаю, кему; байланысты – бір орнынан екінші орынға қозғалу т.б. 
түрленеді. Аристотельде кеңістік деген категория жоқ, оны “орын” категориясы 
алмастырады. Кеңістік (бос кеңістік болмайды) денелер орналасқан 
орындардан тұрады. “орын” қозғалыстағы денелермен тығыз байланысты, бірақ 
олармен бірге қозғалмайды. 
Уақыт та қозғалыспен тығыз байланысты. Бірақ оның қозғалыстан 
айырмашылығы бір қалыпты болмайды, ол бірде тез қозғалса, бірде жай 
қозғалады. Сондықтан, - дейді Аристотель – уақыт қозғалыстың мөлшері. Ал 
уақыттың мөлшері болып шығады. Уақыт өздігінен ештеңе туғызбайды, 
жоймайды да, бірақ барлық заттар, құбылыстар бір уақытта пайда болып, 
жойылып жатады. 
Аристотельдің пікірінше, табиғи денелердің тіршілік жасау мүмкіндіктері 
бар (жасанды денелерде ондай мүмкіндік болмайды). Осы мүмкіндіктің жүзеге 
асырылуы энтелихия (жан) арқылы болады. Жанның үш түрі болады: 1) 
өсімдіктер жаны – жанның алғашқы жəне жалпы мүмкіндігі. Бұл жанның басты 
қызметі - өзін-өзі ұдайы өндіру жəне қоректену; 2) жануарлар жаны – олар 
заттардың сырт пішінін түйсіктері арқылы қабылдай алады; 3) адамдар жаны - 
өсімдіктер мен жануарлар жандарына тəн қасиеттерге қоса, ақыл-ойдың 
арқысына жалпылықты танып біле алады. Бірақ жалпыны түсіну үшін, алдымен 
жалқыны танып білу керек. Себебі біздің сезім мүшелерімізге жалқы заттар 
əлемі əсер етеді де, біз оларды танымның əртүрлі сатылары арқылы танып-біле 
аламыз. Сезімдік танымның бірінші сатысында адамдар жануарлар сияқты, 
сезімдік түйсіктерімізге əсер ететін заттар туралы алғашқы мағлұматтар 
аламыз, екінші сатысынды – тəжірибелік (эмпейриа) танымда сезімдік 
түйсіктеріміздің қайталанған құбылыстарды есте сақтап қалуы арқасында 
оларды танып-білуімізге мүмкіндік туады. Үшінші сатысында – “өнер” (əңгіме 


47 
көркемөнер т.б. Туралы емес), практикаға негізделген танымны” ерекше 
сатысы – адамдар жеке заттарды танып қана қоймайды (тəжірбиедегідей) одан 
гөрі тереңірек түсіп, кейбір заттарға тəн ортақ қасиеттер мен себептерін танып 
біледі. 
Ал заттардың себептерін, болмыстың мəнін, əсіресе алғашқы 
бастамаларды жəне алғашқы қозғаушы күшті түсініп-білу – ол ақыл-ойдың 
қызметі. Ондай танып-білу тек философияға ғана тəн. Аристотельдің пікірінше, 
адамдар “қоғамдық жануарлар”. Отбасының, қоғамның табиғи дамуының 
арқысында мемлекет пайда болады. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы, 
онда көптеген əлеуметтік т.б. Қатыныстардың өріс алғандығы. Мемлекет 
басшысы, қалыптасқан қоғамдық жағайларға сəйкес адамдарды басқаруы тиіс. 
Әсіресе жастарды тəрбиелеу мəселесі басты мақсат болу керек. 
Аристотельдің философиясының əсерін эллиндік-римдік, ортағасырлық, 
жаңа замандық жəне қазіргі философиялық көзқарстардан байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет