Мәди селолық округінің әкімі А. А. Жұмабековтің 14. 01. 2015 жылы Қарқаралы ауданының әкімі Х. М. Мақсұтовтың халық алдындағы есеп беру жиынында 2014 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы



Дата25.02.2016
өлшемі50.92 Kb.
#21663
Мәди селолық округінің әкімі А.А.Жұмабековтің 14.01.2015 жылы Қарқаралы ауданының әкімі Х.М.Мақсұтовтың халық алдындағы есеп беру жиынында 2014 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің 2014 жылдың қараша айында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдаған Жолдауы жаңа экономикалық саясатты қамтитын,еліміздің жаңғыруына,өркендеуіне негіз болатын аса маңызды стратегиялық құжат болып табылады.Бүгінгі таңда Жолдаудан туындаған мақсат-міндеттерді басшылыққа алып жұмыс жасау әрбіріміздің басты парызымыз.

Қарқаралы ауданындағы шалғай орналасқан елді мекендердің бірі-Мәди селолық округі.Округ құрамына 1 елді мекен (Едірей ауылы),4 қыстақ кіреді.Жалпы жер көлемі 147 887 га жер болса,оның 135 109 га жері жайылымдық жерлер,егістік жерлер жоқ.Халықтың негізгі күнкөрісі мал шаруашылығы.

Бүгінгі күнге округте нақты статистикалық мәліметтер бойынша 445 адам тұрып жатыр.Ауыл халқының 327-сі экономикалық белсенді тұлғалар санатына жатады.Зейнеткерлер саны-37,жоғары оқу орындарында-15 бала,арнаулы орта оқу орындарында 17 бала оқып жатыр.2014 жыл соңында аз қамтылған отбасылар саны 2-еу болса,бүгінгі күнге 1 отбасына азайды.Сондай-ақ 1 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін мемлекеттік балалар жәрдемақысын 6 отбасы алып отыр.Жыл соңында жұмыссыздар саны 6 адамды құрады.

Селолық округ орталығы Айрық ауылының басында Қ.Сағындықов № 36 негізгі орта мектебінде 24 оқушы,шағын орталықта 15 бала,барлығы 39 бала білім алып,тәрбиеленуде.Оқушыларға 20 мұғалім білім берсе,шағын орталықта 3 тәрбиеші,1 дәрігер,1 тәлімгер жұмыс жасайды.Мектепте барлығы 17 компьютер бар.Интернет жүйесі жоқ.Мектепке барлығы 240 тонна көмір түсіріліп қамтамасыз етілді.Пән мұғалімдері толықтай бар.

Денсаулық сақтау саласына тоқталатын болсақ,фельдшерлік пункт үйінде 2 медбике,1 отжағушы,1 санитарка еңбек етеді.Дәрігерлік пункт телефонмен,электр энергиясымен қамтамасыз етілген.Алғашқы дәрігерлік жедел көмекке қажетті дәрілер бөлініп тұрады.2014 жылы 4 сәби дүниеге келсе,тағы да 4 сәби күтілуде.Ана мен бала өлімі болған жоқ.2014 жылы флюорографияға түсуге тиісті жоспар-181 адам болса,орындалысы-197 немесе 108 пайызды құрады. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша скринингтан өткендер жоспарлы 63 адам.2011 жылдың 4 қарашасындағы № 786 бұйрық бойынша округ тұрғындары тегін дәрі-дәрмекпен амбулаториялық жағдайда қамтамасыз етіледі.Қант диабетімен ауыратын 2 адамға,анемиямен ауыратын 11 адамға тегін дәрі-дәрмек беріледі.Жасы ұлғайған 12 адам гипертониямен тіркеуде тұр.Дәрігерлік пунктке 5 тонна көмір түсірілді.

Бүгінгі күннің ең бір маңызды салаларының бірі-ауылшаруашылық саласы.Округ бойынша 1877 бас ірі қара,2986 бас қой,1068 бас ешкі,356 бас жылқы малы бар.Барлығы 14 шаруа қожалығы тіркелсе,соның 10-ы жұмыс жасап тұр.Қазіргі уақытта жұмыс жасамай тұрған 4 шаруа қожалықпен жерді тиімді пайдалану мақсатында әрекеттер жасалуда.Нәтиже шығатын болады.

Мемлекет жыл сайын ауылшаруашылығы саласына көптеп көңіл бөлуде.Әсіресе,мал шаруашылығын асылдандыру бағытында ауқымды жұмыстар ұйымдастырылуда.Мәди селолық округі бойынша барлығы 4 шаруа қожалығы (Диас,Диас-1,Бепеу-Қосық,Абылай) шаруа қожалықтары барлығы 10 бас асыл тұқымды бұқа алып,ірі қара малдарын асылдандыру бағытында жұмыс істегеніне де үш жылдай болды.Өткен 2014 жылы аталған 4 шаруа қожалық мемлекеттен 10 млн-нан астам субсидия алды.Мұның өзі мемлекет тарапынан шаруа қожалықтарына жасалып отырған үлкен көмек екенін айта кеткен жөн.


Селолық округте 2014 жылы «Диас-1» шаруа қожалығы мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 9 млн.200 мың теңге , «Абылай» шаруа қожалығы 12 млн теңге несие алып,мал шаруашылығын өркендету бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда.

2014 жылы қараша айында «Абылай» шаруа қожалы «КазАгро» арқылы жаңадан МТЗ-82 тракторын,қосалқы құралдарымен алып пайдалануда.

Сонымен бірге осы шаруа қожалықтың жетекшісі Арман Мырзамбековпен бірлесе отырып,12 герефорд,8 бас ангус асыл тұқымды бұқалар әкеліп,жеке меншік мал табындарына қосып,меншіктің малдарын асылдандыру бағытында жұмыстар атқарудамыз.Алдағы уақыттарда бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз.

Өткен 2014 жылы округ аумағында жаңадан «Бек-Тамыр» атты шаруа қожалығы ашылды.Жыл өткен сайын округ көлемі шағын болғанымен шаруа қожалықтарының көбеюі қуантарлық жағдай.Алайда бұл тұста түйткілді мәселелер де жоқ емес.Мәселен, кезінде шаруа қожалықтарын ашып,бүгінгі күнде не малын тіркемей,немесе шаруа қожалығының жұмысын жүргізбей,жерді тиімді пайдаланбай отырған шаруа қожалықтары да бар.Мәди селолық округі бойынша мұндай шаруа қожалық – 4-еу.Қазіргі уақытта көшіп кеткен шаруа қожалық иелерімен жұмыстар атқарылуда.2014 жылы ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары да 100 пайызға орындалып,атрибут құны мемлекет шотына толықтай салынды.

Селолық округ бойынша 23537 теңгенің жер-мүлік салығы да 100 пайызға орындалды.Сондай-ақ баспасөзге жазылу жоспары -382 болса,орындалысы-384 дана немесе 102 пайыз.Мұның ішінде бақылаудағы аудандық.облыстық,республикалық газеттерге жоспарға сәйкес жазылып көздеген межеден шықтық.Мұның өзі ауыл халқының ұйымшылдығы мен ынтымағының арқасы деп ойлаймын.

2014 жылы «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы арқылы 494 мың теңге бөлініп,бұл қаржыға Айрық ауылының 2 көшесін ағымдағы жөндеуден өткіздік.Бұл жұмыстарды Қарқаралыдағы «Тазалық» мекемесі (С.Қыстаубаев) атқарып,20 жылдан артық жөндеу көрмеген жолымызды біршама жақсартып берді.Осы орайда бүгінгі жиынды пайдаланып «Тазалық» мекемесіне ауыл халқының атынан рахмет айтамыз.2015 жылы «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы арқылы 416 мың теңге қаржы қаралған.Бұл қаржыға биыл да қалған көше жолдарын жөндеуді жоспарлап отырмыз.Аталған қаржыны уақытында игеріп,жұмыстарды сапалы атқару-басты міндетіміз деп білемін.

Құрметті жиынға қатысушылар!

2015 жылы ауыл халқының ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытында да жоспарлы мақсаттарға тоқтала кетейін.Округтегі «Абылай» шаруа қожалығымен бірлесе отырып,сүт қабылдайтын шағын пункт ашуды ұйымдастыруды ойластырып отырмыз.Шаруашылық жетекшісі А.Мырзамбековпен бұл жұмыстардың тиімділігі мен қаржылық мәселесін шешуге бизнес-жоспарын жасаудамыз.Егер ауыл тұрғындарынан күніне 1000-1500 литр сүт тапсырылатын болса,бұл шаруа қожалық қаражатын осы мақсатқа салуға дайын.Өйткені сүтті салқындатқыш танкер,сүтті тетрапакетке құятын аппарат,ол сүтті аудан орталығындағы дүкендерге жеткізу үшін алынатын Газель көлігінің шығыны,ғимараттың электр энергиясының ,т.б шығындары ақталуы тиіс.Олай болмаған жағдайда сүт өңдейтін қондырғыларды аумақты ауылдарға қоюы мүмкін.Сондықтан да ауыл халқы күнделікті тапсыратын сүт көлемін анықтап,ауыл әкімдігіне жазбаша түрде өтініш берулері қажет.Бұл жерде айта кететін бір мәселе-күнделікті тапсырылған сүттің ақшасы сол үйдің иесінің ашқызған пластиккартасына аударылып отырады.Сондықтан осы жұмыстарға ауыл болып қолдау жасауларыңызды сұраймын.

Өткен 2014 жылы атқарылған жұмыстардың бірі Едірей аулына орнатылған телефон байланыс жүйесі.2014 жылға дейін Едірейде бір ғана телефон болса,ауыл халқының сұрауы бойынша аудан әкімі Халел Мұқатайұлы «Дама» спутниктік байланыс жүйесін орнатуға тапсырма берген болатын.Бүгінгі күні Едірейдегі 8 үйдің 6-да телефон бар.Алдағы уақытта қалған екі үйге де қосымша абоненттік номерлер берілетін болады.
Қазіргі әлемде болып жатқан түрлі саяси ахуалдардан Қазақстан да тыс қалмайтыны анық.Әсіресе,түрлі діни ағымдар барлық елде түрліше әрекеттер жасап,ел ішіне іріткі салуда.Осыған орай аудан,округ деңгейінде бұл мәселелер үнемі бақылауда болып келеді.

Айрық ауылында заңды тіркелген мешіт үйі,оның арнайы имамы бар.Ауылда жат ағымдарға еліктеушілік немесе басқа да келеңсіздік орын алған емес.Өйткені ауыл имамы,ауыл әкімдігі,ардагерлер кеңесі,учаскелік инспектордың басты назарында тұр.

Өткен 2014 жылы мешіт үйіне ауыл азаматтары Қоңыров Серік,Қоңыров Рымбек бастаған азаматтардың демеушілігімен жөндеу жұмыстары жүргізілді.Алдағы уақыттарда осы бастамалар ауыл халқының тарапынан жалғасын тауып жатса,имандылыққа жасалған сауапты қадамдар болар еді.

Ауыл тұрғындары қысқы мал азығын,отын қорын толығымен түсіріп алды.Мекемелер де қысқы отынмен толық қамтамасыз етілген.



Ендігі міндет- Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын басшылыққа ала отырып,ауылдың өкендеуіне барынша қызмет ете берейік дегім келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет