Кодекске сәйкес медиатор құқылы:
Медиация тараптарына қылмыстық процесті жүргізетін орган беретін ақпаратпен танысуға;
Медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылар туралы деректермен танысуға;
Қылмыстық-процестік заңға сәйкес кездесулердің саны мен ұзақтығын шектемей, медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылармен оңаша және құпия кездесуге;
Тараптарға медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасуға жәрдемдесуге құқылы;
Медиатор тараптардың келісуімен медиация рәсімін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз бен хабар тіркелген кезден бастап және қылмыстық процестің үкім заңды күшіне енгенге дейінгі кейінгі сатыларында жүзеге асыруға;
Медиация барысында бір мезгілде барлық тараптармен де, тараптардың жеке-жеке әрқайсысымен де кездесулер өткізуге және оларға дауды (дау-шарды) шешу жөнінде ауызша әрі жазбаша ұсынымдар беруге;
Құпиялылық қағидатын сақтай отырып, өз қызметін жүзеге асыруы туралы жұртшылықты хабардар етуге.
Медиатор міндетті:
Медиация жүргізуде тек медиация тарапынан келісіммен ғана әрекет ету.
Медиация басталғанға дейін оның мақсаттарын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін тараптарға түсіндіру.
Медиация рәсімін жүргізумен байланысты оған белгілі болған мәліметтерді жария етпеу.
Медиатор болып медиатор функциясын орындауға келісім берген және медиаторлардың тізіліміне қосылған медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған істің нәтижесіне мүдделі емес, бейтарап жеке адам бола алады.
«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медиаторлар кәсіби қызметте (кәсіптік медиатор) және кәсіпқой емес негізде қызметке қатыса алады.Медиатор қызметі кәсіпкерлік қызметі болып табылмайды. Медиаторлар сондай-ақ ҚР заңнамасымен тыйым салынған кез келген қызметті жүзеге асыруға құқылы. Бұнда кәсіби медиаторлар өз Орталықтарының тізілімдерінде, кәсіби емес медиаторлар жергілікті атқарушы органдарының тізімінде тұруы ттиіс.
Кәсіби және кәсіби емес медиаторлар
Осындай бөлудің не қажеті бар деген сұрақтың туындауы заңды, мысалы адам медиацияны оқыды, бірақ бұл қызметпен тұрақты айналыспайды делік, медиация саласында мансап қууға ниеті де жоқ, медиаторлар ұйымына кірмесе, яғни ол кәсіби емес негіздегі медиативтік қызметпен айналысады. Ал егер осы қызмет түрімен тұрақты айналысса және қызмет жолында жетістіктер жасаса, онда ол кәсіби медиатор болып саналады. Олардың "Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 шілдедегі N 770 қаулысымен бекітілген және өз Орталығының тізілімінде тұрған оқыту бағдарламасынан өткені туралы сертификаттары болуы тиіс.
Кәсіби емес медиаторларға талап:
Кәсіби емес медиаторларға шектеу
олар соттан медиацияға берілетін дауларды шеше алмайды;
олар медиаторлар ретінде жарнамалай алмайды;
медиация саласындағы өзіндік реттелетін ұйымдарға кіре алмайды.
Кәсіби медиаторларға талаптар:
25 жасқа толуы;
жоғары білім;
ҚР Үкіметімен анықталған тәртіпте бекітілетін медиаторларды дайындау бағдарламасы бойынша оқытуды растайтын құжаты бар (сертификат) медиация саласындағы дайындық;
кәсіби медиаторлар тізілімінде тұратындар.
Медиатор болмайтын адамдар:
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілер және оларға теңестірілгендер.
Заңмен белгіленген тәртіпте сотпен әрекетке жарамсыз немесе шектеулі мүмкіндікті деп танылғандар.
Оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатындар.
Заңмен белгіленген тәртіпте соттылығы алынбаған немесе өтелмегендер.
Медиация – бұл азаматтық қоғамның тәуелсіз институты. Атап айтқанда мемлекеттік қызметкерлер медиативтік қызметпен өз жұмысын алып жүре алмайды. Олар билік өкілдері, мемлекеттің мүддесін қорғаушылар болып табылғандықтан, осындай мәртебеге байланысты белгілі бір шектеулерге ие және азаматтық құқықтық қарым-қатынастармен байланысты дауларда тәуелсіз медиаторлар ролінде шыға алмайды. Сыбайлас жемқорлық, мүдделер қақтығысы мүмкіндігі қызметкерлер - медиаторлардың тәуелсіздігі және туралығы мәселелерін күмәнға қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |