Медицина факультеті



бет2/5
Дата25.03.2023
өлшемі192.1 Kb.
#471094
1   2   3   4   5
травма ауру тарих

Аллергоанамнез: Аллергоанамнезі тағамға, дәріге, шаңға, иістерге аллергиясы жоқ
Науқастың қазіргі жағдайы (Status praesens communis)
Жалпы жағдайы: орташа дәрежелі ауырлықта. Есі: анық. Төсектегі қалпы: орташа. Дене бітімі: нормостениялық. Бойы: 173см. Салмағы: 62кг. Дене температурасы: 36,6С. Тері жамылғысы: терісінің түсі өзгермеген; тургоры қанағаттанарлық; тері серпімділігі сақталған. Тырнақтары: түсі өзгермеген; патологиялық сынғыштық жоқ. Шаштары: шаш түсуі жоқ; патологиялық сынғыштық және күңгірттену жоқ. Көзге көрінетін шырышты қабаты: ауыз қуысы, тілдің түсі-ақшыл-қызғылт түсті, дымқыл, өзгерістер жоқ. Ісінулер: травма салдарынан пальпацияда сол тізе буыны аймағында ісіну. Көзінде: патологиялық өзгерістер жоқ, екі қарашықта жарыққа бірдей реакция береді
Жүрек қан-тамыр жүйесі
Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. ЖСЖ-72 рет минутына. АҚҚ-120/80мм.сын.бағ.
Тыныс алу жүйесі
Мұрын жолдары шырышты қабатты қалыпты, ісінбеген, шырышты бөлінділер жоқ. Жұтқыншақ, таңдай шырышты қабықтарының түсі бозғылт, ылғалды. Бадамша бездері қабынбаған, алдыңғы және артқы таңдай доғаларының араларында орналасқан. Тыныс алу типі ішпен тыныс алу. Тыныс бүкіл өкпе алаңында естіледі, қатаң дыбысты, везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ-18рет минутына, перкуторлы өкпелік дыбыс.


Асқорыту жүйесі
Тәбеті жақсы. Жұтынуы еркін, ауырсынусыз.
Ауыз қуысын қарап тексергенде: тілі таза, құрғақтау. Ішті пальпацияланғанда іш жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр және көкбауыр пальпацияланбайды.


Эндокринді жүйе: Жалпы қарағанда қалқанша үлкеймеген, пальпацияда ауырсынбайды, жыныс бездері уақытында жетілген.


Зәр шығару жүйесі
Бел аймағында өзгерістер байқалмайды. Бүйректері пальпацияланбайды. Соққылау әдісі екі жақтада теріс мәнді. Зәр шығару қиындықсыз, ауырсынусыз.

Қимыл-қозғалыс жүйесі
Сол жақ тізе буындық аймағының айтарлықтай ісінуі, пальпацияда ауырсынуы. Сол жақ тізе буынының қозғалысының шектелуі. Патологиялық қозғалыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет