Медицина факультеті


Бауыр және өт жолдары қарау



бет3/5
Дата25.03.2023
өлшемі192.1 Kb.
#471094
1   2   3   4   5
травма ауру тарих

Бауыр және өт жолдары қарау: томпаюлар, бауыр аймағының деформациясы байқалмайды, пальпацияда ауырсыну жоқ .


Көкбауыр қарау: томпаю, деформация жоқ. Пальпацияда: ауырсынусыз, мөлшері қалыпты, консистенциясы жұмсақ, шеттері доғаланған, беті тегіс .


Нерв жүйесі: Иіс сезу және дәм сезу қабілеті сақталған. Жұтынуы еркін, көз саңылаулары бірдей, өзгеріссіз. Көз алмасының қозғалысы толық. Қарашық мөлшері 2 жақта да бірдей, жарыққа реакциясы оң, аккомодация және конвергенция реакциясы сақталған. Көзінің көру өткірлігі төмен көру аймағында шектеулігі жоқ. Есту және вестибулярлы аппараты өзгеріссіз. Жұтыну рефлексі сақталған. Менингиальді симптомдар теріс. Шеміршекті рефлекс сақталған.


Status lokalis: Сол жақ аяқтың төменгі бөлімінде артқы гипс шинасы бар. Қарап тексергенде сол жақ тізе буынының контуры тегіс күрт ісінуі байқалады. Пальпацияда сол жақ тізе буынында, сыртқы бетінің бойымен буын саңлауы аймағында және жоғары қарай локализациялатын ауырсыну бар. Сол жақ тәзе буыныныі қозғалысы күрт шектелген, бүгілу және созылу толық емес, ауырсынады. Перифериялық және неврологиялық бұзылыстар жоқ.


Диагностика:

  1. Обьективті тексеру:

Тері түсі өзгермеген, тургоры қанағаттанарлық, серпімділігі сақталған, жабындысы таза. Тырнақтарының түсі өзгермеген патологиялық сынғыштық жоқ. Шаш түсуі жоқ патологиялық сынғыштық және күңгірттену жоқ. Ауыз қуысы, тілдің түсі ақшыл-қызғылт түсті, дымқыл, өзгерістер жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. ЖСЖ-72 рет минутына. АҚҚ-130/80мм.сын.бағ. Есі: анық. Төсектегі қалпы: орташа. Дене бітімі: нормостениялық. Бойы: 173см. Салмағы: 62кг. Дене температурасы: 36,6С. Ішті пальпацияланғанда жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр және көкбауыр пальпацияланбайды.


  1. Зертханалық зерттеу: ақпаратсыз.


  2. Инструменталды зерттеу
    Кеуде клеткасының рентгенографиясы.


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет