Сколиоз себептері
Омыртқаның өз білігінен оңға немесе солға қарай қисаюына байланысты сколиозды деңгейлерге бөледі:
1-деңгейдегі сколиоз- омыртқаның аз деңгейде, өз білігінен 10 градусқа ғана қисаюы. барлық адамдар симметриялы болмағандықтан, дененің оң жағы мен сол жағында байқалмайтын айырмашылықтары бар, әрқайсымызда омыртқаның өз білігінен азда болса ауытқуы болады.Көбінесе адамдар бір ийықтың екіншісінен биік немесе бас мүшесінің бүйірге қарай бұрылып тұратындай ерекшеліктерді байқайды.
2-деңгейдегі сколиоз- омыртқаның өз білігінен 11-25 градусқа қисаюы, бұл шындап ойланатын мәселе.Егер сколиоз 2-деңгейге жетсе,оны жедел түрде түзету керек-бұны арнайы жаттығулармен емдемесе, ол үдейлеп кетуі мүмкін.Бұл диагнозды негізі жасөспірімге, оның бүкірейіп жүруіне орай, онда мүлдемге сколиоз жоқ болса да, қояды!Бірақ бүкірлік (кифоз) және сколиоз-екеуі екі бөлек! Бүкірлікті 2-деңгейлі сколиозға қарағанда емдеу әлдеқайда жеңіл.
3-деңгейдегі сколиоз- омыртқаның өз білігінен оңға не солға 26-40 градусқа қисаюы.
4-деңгейдегі сколиоз- омыртқаның өз білігінен оңға не солға 40 градустан артық қисаюы.
Қисаю аймағына байланысты:
Оң жақты сколиоз
Сол жақты сколиоз
S –тәрізді сколиоз
Омыртқа бөлімдеріне байланысты:
- Туа пайда болған
- омыртқалардың дұрыс дамымауынан
- омыртқалардың формасының бұрыстығы
- қосымша омырқалар
- Жүре пайда болған
- ревматикалық ( әдетте кенеттен болатын және миозит немесе спондилоартрит дамыған кезінде бұлшықеттік контрактураның түзілуінен)
- рахиттік ( тірек-қимыл аппаратының әртүрлі деформацияларының нәтижесінде дамиды)
- паралитикалық (жүйке жүйесінің бұзылыстарынан дамиды)
- үйреншікті ( адамның үйреншікті дұрыс отырмауы немесе дұрыс жүрмеуі)
Сколиоздың түрлері
Сколиоздың белгілері:
- көзге көрінетін омыртқа бағанасының деформациясы
- кеуде клеткасының конфигурациясының бұзылысы – сколиоз жақтағы қабырғааралықтардың шығып тұруы
- Бел аймағында –бұлшықет жүктемесінің патологиясына байланысты бұлшықеттік валик
- Кеуде клеткасы және құрсақ қуысы көлемінің өзгерісіне байланысты жүрек, өкпе, асқазан, ішек жұмыстарының бұзылыстары
- мойындық сколиоз кезінде қанайналымның жеткіліксіздігінен бас миының бұзылысы
- жалпақтабандылық, бір аяқтың қысқаруы, жүрудің бұзылысы
- Депрессия, истерия, эмоциональды бұзылыстар
Диагностикасы
- « еңкейген» тес (Науқас қолдарын бос төмен түсіріп алдыңа еңкейеді. Дәрігер омыртқалардың асимметриялығын байқайды )
- Рентгенологиялық зерттеулер және Коб бойынша анализ (Липман-Коб бойынша). По верхнему краю верхнего нейтрального позвонка и по нижнему краю нижележащего позвонка проводятся линии, к которым в стороне от позвоночника восстанавливаются пе рпендикуляры до их взаимного пересечения. Тупой угол (при умеренных степенях искривления) — угол Кобба. Смежный с ним угол — угол искривления
- Ротацияны анықтау және Нэша және Мо әдістері арқылы зерттеу жүргізу
- Буннел бойынша сколиометрия
- Магнитно-резонансты томография
1-деңгейлі сколиозды емдеу-емдеу гимнастикасы. Қосымша емдеу-арқаны уқалап емдеу.
1-деңгейлі сколиозды гимнастикамен жақсы емдеуге болады, бұл жағдайда басқа емдеу түрі керек емес.2-4 айда емдеуге болады.
Кез-келген жаттығу келе бермейді, омыртқа қисығын түзеуге және арқа бұлшықетін нығайтуға арналған жаттығулар қажет.
Барлық емдік жаттығулардың бәрінен дене салмақ түсірмейтін «өз денең» жаттығулар арқылы сколиозды емдеу керек.Өйткені қисайған омыртқаның білігіне – штанга көтеру, ауыр гантел, гір көтеру ауырға түседі.Ал күш салынғанғ қиындатылған жаттығулар сколиозды үдейте түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |