Тақырып №4. Жазықтықтағы түзудің теңдеуі
Мақсаты: Жазықтықтағы, түзудің теңдеуін сипаттайтын формуламен танысу, түзулердің өзара орналасуы.
Оқытудың міндеті:
Түзу теңдеулерін (түзудің жалпы теңдеуін, бұрыштық коэффициенті берілген түзу, екі нүкте арқылы өтетін түзу, берілген бағытта берілген нүкте арқылы өтетін) сипаттай алу дағдысын қалыптастыру
Түзулердің параллель және перпендикуляр орналасуын анықтау,
Екі түзу арасындағы бұрышты табуды үйрету.
Кәсіби әдебиетпен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
Командада жұмыс iстейтiн тұлға аралық қарым-қатынастың дағдыларын жетiлдiру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Түзудің жалпы теңдеуі және оның дербес жағдайы.
2. Бұрыштық коэффициенті берілген түзудің теңдеуі.
3. Берілген нүктеден өтетін берілген бағыттағы түзудің теңдеуі.
4. Екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуі.
5.Екі түзудің арасындағы бұрыштың формуласы және анықтамасы.
6. Екі түзудің параллельдік және перпендикулярлық шарттары.
7. Жазықтықтағы екі түзудің өзара орналасуы.
Оқыту және сабақ беру әдістері: ситуациялық есептерді шешу
Көрнекі құралдар: оқу кестелері, плакаттар.
Практикалық сабақтың құрылымы мен өткізу жоспары, сағаттарын бөлу.
№
|
Практикалық сабақ құрылымы
|
Уақыты
|
1.
|
Студенттердің сабаққа қатысуларын тексеріп, келмеген, сабаққа дайындалмаған себептерді айқындау.
|
5 мин.
|
2.
|
Сабақ тақырыбын жариялап, студенттердің сабаққа дайындығын бақылау сұрақтары бойынша тексеру.
|
10 мин.
|
3.
|
Студенттердің өзіндік жұмыстары.
|
55 мин.
|
4.
|
Оқытушы студенттердің тапсырмаларын орындау барысындағы жіберген қателерін талдап, тақырып бойынша негізгі мәселелерге тоқталады.
|
10 мин.
|
5.
|
«Жазықтықтағы түзудің теңдеуі» тақырыбы бойынша сауалнама (үлестірмелі материал).
|
15 мин
|
6.
|
Білімді жалпы бағалау
|
3 мин.
|
7.
|
Келесі сабаққа тапсырмалар.
|
2 мин.
|
Достарыңызбен бөлісу: |