Меңдігүл шындалиева


«Журналистика жанрларының пішіндері мен функциясы»



бет69/76
Дата18.05.2022
өлшемі1.76 Mb.
#456877
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76
Шындалиева М.Б. Публ.жанрлары мен пішіндері

«Журналистика жанрларының пішіндері мен функциясы»
пәні бойынша оқу бағдарламасы
Автор: ф.ғ.д., профессор М.Б.Шындалиева.
Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерге публицистика жанрлары мен пішіндері, ерекшелік сипаттары, жанрлардың пайда болу, дамуы, жанрлармен жұмыс істеу әдістері, публицистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстыру. Қазақстан БАҚ-дағы жанрлар құрылымы, түрлерімен жақын таныстырып, теориялық бiлiмдерiн ұштау. Публицистика жанрларының тілдік, стильдік ерекшелiктерiн тап басып тануға баулу, өмiрлiк материалды белгiлi бiр жанр бойынша ұрымтал жазу машығын қалыптастыру, журналистiк шеберлiктi шыңдау, жанрлық ерекшелiктердi сақтай отырып, журналистiк шеберлiктi дамыту мақсатын көздейді.
Пәнді оқытудың міндеті: публицистиканың даму ерекшеліктерімен таныстырып, оларды салыстыра байыптату, публицистика жанрлары мен пішіндерінің маңызды мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге жол ашу, әр жанр мен пішіннің пайда болу, даму ерекшеліктерін ажыратып үйрету, әлемдік ақпараттық кеңістіктегі жанрлар туралы білуге, публицистика жанрлары мен пішіндерінің лексикалық-атаулық минимумдарын меңгеруге, студенттің өзі әр жанрда жақсы материал жазып дағдылануына, публицистика жанрлары мен пішіндерінің түрлері бойынша жинақталған білім мен тәжірибе дағдыларын өз тәжірибелерінде кеңінен пайдалана білуге міндеттейді.
Пәнді оқу барысында студент білуге тиісті жайлар мыналар:
Студенттер әр жанрдың ерекшелiктерiн, қоғамдық жағдайды суреттеудегi публицистің шеберлiгiн, журналистиканың қоғамдағы алатын орнына бағалауды үйренеді. Журналистика мамандығына даярланып жатқан студенттер жанр мен пішіннің көрінісін нақты мысалдардан таба білуге дағдыланады.
Оқыту барысында дәрістермен қатар тәжірибелік сабақтар қарастырылады, оларда БАҚ жүйесіндегі жанрлар мен пішіндердің ерекшелігін, ақпаратты беру тәсілдерін, БАҚ-та табысты жұмыс істеу принциптерін, әр жанрда талапқа сай материал жазуға, ақпаратты жинау, өңдеу және таратудың негіздерін меңгеруге көңіл бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет