Меңдігүл шындалиева


Үшінші бөлім. Публицистиканың талдамалы жанрлары



бет71/76
Дата18.05.2022
өлшемі1.76 Mb.
#456877
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Шындалиева М.Б. Публ.жанрлары мен пішіндері

Үшінші бөлім. Публицистиканың талдамалы жанрлары.
Талдамалы жанрдың басқа жанрлардан негізгі ерекшелігі. Комментарийдегі авторлық ұстаным. Телевизиялық комментарий табиғаты. Қазақ баспасөзінде хат жанрының бастауы. Қазіргі публицистикадағы эпистолярлық жанрдың орны. «Егемен Қазақстан» газетінде басылған Ш.Мұртаза мен К.Смайыловтың әңгіме-хаттарының мән-маңызы. Корреспондецияның негізгі түрлері. Радиодағы корреспонденция жанрының мақсаты мен міндеті. Телеэкрандағы корреспонденцияның толыққанды екі авторы. Мерзімді баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарына шолу. Шолу-диалог. Жалпы және тақырыптық шолудың өзіне тән белгілері. Мақаланың негізі. Газет публицистикасындағы мақаланың түрлері. Проблемалық мақаланың міндеті. Рецензия, рецензент. Рецензияның түрлері, өзіне тән ерекшелігі. Көркем әдебиеттің жеке шығармалары туралы рецензия. «Қазақ әдебиеті» газетіндегі рецензия жанры, рубрикалары. Телеәңгіменің құрылымы. Телеэкрандағы пікірталас-тың мақсаты. Пресс-конференция мақсаты. Журналистік зерттеудің басқа жанрлардан айырмашылығы. Журналистік зерттеуге тән белгілері. Журналистік зерттеудің мақсат-мүддесі. Сараптамалық жанрлардың ортақ белгілері. Журналистік талдау. Оқиға, құбылысқа қатысты жедел пікір білдіру. Талдау талдамалы жанр ретінде. Жедел және проблемалық талдаудың айырмашылықтары. Талдаудағы субъективтілік мәселесі.
Төртінші бөлім. Көркем-публицистикалық жанрлар.
Көркем-публицистикалық жанрлардың табиғаты. Суреттеме жанрында пайдаланылатын тәсілдер. Оқиғалық немесе репортаждық суреттеме. Теледидарлық суреттеме құрылымы. Қазақ публицистика-сындағы очерк түрлері. Қазақ журналистикасындағы публицис-тикалық очерктің орны. Оқиғалы очерк табиғаты. А.Сейдімбектің «Құлағында үні кетті сәбидің» оқиғалы очеркінің көркемдігі. Мемуарлық, лирика-философиялық очерктегі ойшылдық сарын мен сезім, сурет. М.Әуезовтің «Индия очерктері», «Америка әсерлері» қазақ әдебиетіндегі жол-сапар очерктерінің үздік үлгісі. Оралхан Бөкейдің «Өнерге өлердей-ақ ғашық едім» очерктер жинағындағы өнер мен өмірдің келелі мәселелері. Шерхан Мұртазаның жол-сапар очерктерінің жазылу стилі, пішіндік ерекшелігі. Сафуан Шаймерденовтің «Ағалардың алақаны» кітабындағы М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұлы есте қалған оқиғаларға құрылған мемуарлық очерктерінің көркемдігі. Портреттік очерктегі ішкі құрылым, ойды ықшам жеткізудің жолдары. Телеочерктің көркемдік күші мен ішкі мазмұны. Радиоочерктің құнды белгілері. Аннотацияға қойылатын негізгі талаптар, түрлері. Эссе жанрының шығармашылық портретке, әдеби портретке жанасуы. Телеэссенің тақырыптық, мағыналық, пішіндік, көркемдік, бейнелік мүмкіндік-тері. Қазақ публицистикасындағы сатира жанрының түрлері, оны зерттеуші ғалымдар еңбектері. «Қазақ әдебиеті» газетіндегі «Сатира стадионы», «Қалжың қалта» «Қожанасыр қоржыны», «Бүйенбайдың пұшпағы», «Тураби трибунасы» беттік әзіл бұрыштары. Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағы. Эзоп, Лафонтен, Крылов мысалдарын аударудағы шеберлігі. Достық және сатиралық шарждардың қазіргі басылымдардағы көрінісі. Телевизия мен радиодағы сатиралық жанрлардың орны мен маңызы. Радиофелье-тонның жанр ретінде қалыптасуы. Теледидардағы фельетонның мақсаты мен сипаттамасы. Карикатураның сөздік және бейнелі түрі. Пародия жанрының мақсаты мен міндеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет