Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған



бет22/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
пмсп экзамен 3

40. Балалардағы скрининг. халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу дайындық сатысын, профилактикалық медициналық қарап-тексеруді және қорытынды сатыны қамтиды. 1. Дайындық сатысы мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған балаларға қалыптастыру және ақпараттық сүйемелдеуден тұрады. орта медицина қызметі жүргізеді: - есепті жылдың алдындағы қыркүйек айына профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын нысаналы топтың жыл сайынғы тізімін, ары қарай ай сайын түзетумен қалыптастыру және құру; - нысаналы топтағы балалардың заңды өкілдерін проф. қарап-тексерулерден өтудің қажеттілігі және шарттары туралы хабардар ету; - мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, он сегіз жасқа толмаған білім алушыларын профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткізу үшін білім беру ұйымдарының (бар болса), оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың аумағына МСАК аумақтық ұйымы мамандарының шығу кестесін жасау 2. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған кезеңдерді қамтиды.Дәрігерге дейінгі кезеңді мед. пункттің, фельдшерлік-акушерлік пункттің, дәрігерлік амбулаторияның, аудандық, қалалық емхананың, білім беру ұйымының орта медицина персоналы жүргізеді және мыналарды қамтиды:1) дене массасының индексін есептеу арқылы бойы мен дене салмағын анықтау;2) ерте шақтағы балалардың басы және кеудесінің көлемін өлшеу;3) жеке және психоәлеуметтік дамуды бағалау;4) артериялық қысымды өлшеу; 5) плантография жүргізу және оны бағалау; 6) көру өткірлігін анықтау; 7) есту жітілігін анықтау. 8) жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан патологияларды болдырмау мақсатында 14 және 17 жастағы балаларды қоса алғанда электрокардиографиялық зерттеу жүргізу. --- Білікті сатыны педиатр, терапевт дәрігер немесе ЖПД жүргізеді және дәрігерге дейінгі зерттеп-қараудың деректерін есепке ала отырып, баланың денсаулық жағдайын, психофизикалық, жыныстық дамуын бағалауды, қатал қарау белгілерін анықтауды қамтиды. Патологиялық өзгерістер анықталған кезде бейінді маманға қосымша қарап-тексеруге жібереді. --- Мамандандырылған кезең бейінді мамандықтағы дәрігерлермен жүргізіледі. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру аяқталғаннан кейін бейінді мамандардың қорытындысы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, педиатр дәрігер, терапевт дәрігер немесе ЖПД мынадай "денсаулық тобын" айқындай отырып, балалардың денсаулық жағдайына кешендік бағалау жүргізеді. 3, 4, 5 денсаулық топтарына жататын балалар МСАК ұйымының мамандарының немесе тиісті бейін мамандарының динамикалық бақылауы мен сауықтыруына жатады. 3. Педиатр дәрігері, терапевт немесе ЖПД профилактикалық медициналық қарап-тексеру аяқтағаннан кейін денсаулықты кешенді бағалау жүргізіледі, денсаулық тобын көрсете отырып физикалық және нервтік-психикалық дамуын бағалаумен эпикриз бен қорытындыны ресімдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет