36. Жүкті және фертильдік жастағы әйелдер тіркелімі (ФЖӘТ) регистрінің негізгі жұмысы «Жүкті әйелдердің және бала туатын жастағы әйелдердің тізілімі» ақпараттық жүйесін құрудың мақсаты - жүкті әйелдер мен бала туатын жастағы әйелдердің денсаулық жағдайын бақылау үшін топтарын жүргізу болып табылады. Жүйені пайдаланушылар амбулаторлық деңгейдегі медициналық ұйымдар (акушер – гинекологтар, терапевтер).АЖ негізгі функциялары: - «Жүкті әйелдің және босанатын әйелдің жеке картасы» тіркеу нысаны негізінде жүкті әйелдер топтарын жүргізу;- бала туатын жастағы әйелдер топтарын жүргізу; - шығару формаларын қалыптастыру.
37. Жүкті және фертильдік жастағы әйелдер тіркелімі (ФЖӘТ) регистрінің негізгі функциялары «Жүкті әйелдердің және бала туатын жастағы әйелдердің тізілімі» ақпараттық жүйесін құрудың мақсаты - жүкті әйелдер мен бала туатын жастағы әйелдердің денсаулық жағдайын бақылау үшін топтарын жүргізу болып табылады. Жүйені пайдаланушылар амбулаторлық деңгейдегі медициналық ұйымдар (акушер – гинекологтар, терапевтер).АЖ негізгі функциялары: - «Жүкті әйелдің және босанатын әйелдің жеке картасы» тіркеу нысаны негізінде жүкті әйелдер топтарын жүргізу; - бала туатын жастағы әйелдер топтарын жүргізу; - шығару формаларын қалыптастыру.
38. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмекті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін балаларды алдын алуға, аурушаңдықтың, балалар мүгедектігінің, нәрестелік және балалар өлімінің деңгейін төмендетуге бағытталған қолжетімді және сапалы бастапқы медициналық-санитарлық, білікті және мамандандырылған көмекпен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.негізгі принциптері:• учаскелік принцип;• медициналық көмектің диспансерлік әдісі;• бірыңғай педиатр жүйесі;• жас топтары бойынша балалар мен жасөспірімдерді сараланған бақылау;• МӘМС бағдарламасы бойынша тегін медициналық қызметтерді көрсету;• бекітілген контингентке ақылы дәрілік көмек көрсету;• балалар мен жасөспірімдердің жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру;• ата-аналар, балалар және балалар бақыланатын мекеме қызметкерлері арасында жүргізілетін санитарлық-ағарту жұмыстарының ерекшеліктері.АМК учаскелік қағидат бойынша ұйымдастырылады. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы ВОПқа 800 балаға дейінгі жүктемемен жүргізіледі. Балаларға АМК көрсететін ұйымдарда учаскелік педиатр емханада бір сағаттың ішінде 4 баланы, үйінде 2 баланы қабылдайды. Балалар емханасында профилактикалық жұмыстардың үлкен көлемін ескере отырып, әрбір педиатриялық учаскеге учаскелік мейірбикенің 1,5 лауазымы бөлінген, ол учаскелік педиатрдың тікелей көмекшісі болып табылады. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек перзентханадан шыққан күннен бастап 14 жасты қоса алғанда (14 жас, 11 ай, 29 күнге дейін) балаларға және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (17 жас 11 ай 29 күн): 1) қалалық балалар емханасында, емхананың балалар бөлімшесінде; 2) орталық аудандық аурухананың балалар консультациясында (қалалық емханада);3) ауылдық учаскелік ауруханаларда, ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда, отбасылық дәрігерлік амбулаторияларда, фельдшерлік-акушерлік пункттерде және фельдшерлік пункттерде;4) облыстық, қалалық (өңірлік) консультативтік-диагностикалық емханада (орталықта), аттас емханалардың балалар бөлімшесінде;5) балаларға амбулаториялық қабылдау жүргізетін мамандандырылған медицина ұйымдарында;6) білім беру ұйымдары мен басқа да ведомстволардың медицина пункттерінде (кабинеттерінде) жүзеге асырылады. Балалар емханасының құрылымы: фильтр, тіркеу, емдеу-алдын алу бөлімдері (кабинеттер), зертханалық диагностика бөлімі (кабинеттер), әкімшілік-шаруашылық қызметі, профилактикалық бөлім. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:1) балалардың арасында, олардың жатырдағы кезеңдерін қоса алғанда аурулардың алдын алу;2) ауруларды ерте анықтау және емдеуді уақытында бастау, емдеудің барлық кезеңдерінде сақтау және оны сауыққанша жүзеге асыру;3) балалар мен жасөспірімдерді диспансерлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру4) мүгедектіктің алдын алу және балалардың арасында өлімді болдырмау;5) санитарлық-гигиеналық ағарту және салауатты өмір салтын насихаттау (ұтымды тамақтану, дене белсенділігін арттыру, темекі шегуден бас тарту) бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;6) толыққанды психикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында дені сау баланы тәрбиелеу болып табылады.Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар мынадай жолмен:1) жүкті әйелдерге босанғанға дейінгі патронаж жүргізуді;2) балаларды есепке алу және дені сау және науқас балаларды жасына, даму ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына қарай кешенді бағалай отырып, диспансерлеуді;3) балаларды егуді;4) білім берудің мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарына түсуге балаларды дайындауды;5) жұқпалы аурулардың алдын алуды;6) құнарлы тамақтану, күтім, шынықтыру, сауықтыру және балалардың, олардың ата-аналарының және отбасы мүшелерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі гигиеналық тәрбиелеу мен дағдыландыру мақсатында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуді;7) балалар жасындағы ауруларды бірігіп қарау жөніндегі ДСҰ бағдарламасын енгізуді жүзеге асыратын алдын алу жұмыстары қызметінің негізгі бағыттары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |