Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған



бет41/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
пмсп экзамен 3

медициналық оңалту - науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді пайдалана отырып, медициналық көмектің мынадай нысандарында ұсынылады:

  • амбулаториялық-емханалық;

  • стационарды алмастыратын;

  • стационарлық.

қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту үшін пациентті стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ересектер мен балаларға жіті аурулар мен жағдайлар, жарақаттар, хирургиялық араласулар кезінде, тіршілік әрекеті шектелген емделушілерге, оңалту әлеуетін ескере отырып, аурулар және (немесе) функциялары мен құрылымдарының бұзылулары бар жағдайлар кезінде, әлеуметтік мәні бар аурулар мен жекелеген нозологиялық нысандар кезінде жүзеге асырылады.
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту үш кезеңді қамтиды:
1) бірінші кезең (ерте) - аурудың жіті және жітілеу кезеңдерінде, операциялық араласулар, жарақаттар кезіндегі қалпына келтіру емі. Бірінші кезең мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін стационарлардың құрылымдық бөлімшелерінде (реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде немесе мамандандырылған бейінді бөлімшеде) асқынулардың профилактикасы және клиникалық хаттамаларға сәйкес негізгі ауруды емдеу шеңберінде функционалдық қалпына келтіруді жеделдету үшін реабилитолог дәрігердің кеңесінен кейін жүргізіледі.
2) екінші кезең (жалғастырушы) - қалпына келтіру емі және медициналық оңалту мамандандырылған бөлімшелерде немесе оңалту төсектерінде, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында, мамандандырылған оңалту орталықтарында, көп бейінді стационарларда жүргізіледі.
Екінші кезең МДТ мамандарының қатысуымен 6-9 айдың ішінде бір рет өткізіледі.
Екінші кезеңнің ішінде қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтудың бірнеше курстарын өткізген кезде әрбір курс жаңа жағдай деп есептеледі. Екінші кезеңнің курстары арасындағы интервалдың ұзақтығы 30 күннен аспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет