Моторлы апраксия – қимылдардың бірізділігінің жоғалуы. Оны анықтау үшін науқасқа “жұдырық-қабырға-алақан” тесті беріледі. Бұл іс-әрекеттер бірізділігін тез-тез бірнеше рет қайталауды өтінеді.
Идеомоторлы апраксия – қарапайым қимылдарды орындай алмау. Оны тексеру үшін науқасқа тілін шығаруын, ысқыруын, стаканға суды қалай құю керектігін, сіріңкені тұтатуын және т.б. көрсетуін сұрайды.
Гнозисті зерттеу.
Агнозия – көру, есту функциялары, сезімталдық сақталғанымен заттар мен құбылыстарды танып ажырату процесінің бұзылуы. Агнозияның түрлері:
Аутотопоагнозия - өз дене мүшелерін орналасуын анықтай алмау. Бұл синдром көбінесе екі немесе бір ми сыңарының (көбінесе оң) төбе-шүйде аймақтарының зақымдануы кезінде дамиды.
12 жұп бассүйек-ми нервтері:
І – иіс сезу нерві (n.olfactorius)
ІІ – көру нерві (n.opticus)
ІІІ – көз қозғалтқыш нерв (n.oculomotorius)
ІV – шығыршық нерві (n.trochlearis)
V - үшкіл нерв (n.trigemines)
VI - әкеткіш нерв (n.abducens)
VII – бет нерві (n.facialis)
VIII – кіреберіс-ұлу нерві (n.vestibulocochlearis)
IX – тіл-жұтқыншақ нерві (n.glossopharyngeus)
X – кезбе нерв (n.vagus)
XI – қосымша нерв (n.accessorius)
XII – тіласты нерві (n.hupoglossus)
Бассүйек-ми нервтерінің қызметіне байланысты ажыратылуы: