2)Шүйде бұлшық еттердің ригидтілігін анықтау. Дәрігер өзінің алақанын науқастың шүйдесіне қойып, басын июге тырысады. Науқаста сіреспелілік болғанда ол басын ие алмайды, өйткені шүйде бұлшық еттері қатаяды, иек пен төстің артында 1-3 саусақ сиятындай кеңістік қалады.
Объективті менингеальды синдромдарды тексеру.
3)Керниг симптомы. Дәрігер науқастың аяғын жамбас-сан және тізе буындарында тік бұрыш жасап бүгеді. Содан кейін дәрігер тізе буынын жазуға әрекеттенеді. Егер симптом оң болса бүгуші бұлшықеттердің қатаюына байланысты тізе буыны жазылмайды.
Объективті менингеальды синдромдарды тексеру.
4)Брудзинский симптомы.
Жоғарғы – науқастың басын июге әрекеттеген кезде оның аяғы бүгіледі;
Ортаңғы – қасағаны басқан кезде науқастың аяғы бүгіледі;
Төменгі – Керниг симптомын зерттеген кезде екінші аяғы бүгіледі.
Объективті менингеальды синдромдарды тексеру.
5)Бехтеревтің бетсүйек рефлексі. Бетсүйек доғасын неврологиялық балғамен соққылаған кезде бас ауыруы, беттің сол жағында ауырсыну сезімдері пайда болады.
6)Лесаждың “ілу” симптомы. Егер баланы қолтығынан алып жоғары көтерсе, ол аяқтарын тізе буынында бүгіп алады да оны қозғалтпай тұра береді.
Сезімталдықтың түрлері:
Беткей;
Терең;
Күрделі.
Жанасу сезімталдығын тексеру кезінде дәрігер бір шоқ мақтаны науқастың бас, дене, қол, аяқ терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны сезгенін айтып отырады. Дененің сезімталдығы бұзылған тұсында науқас жанасу әсерін сезінбейді.