Механика-математика факультеті


Өндірістік тәжірибе өткен жері



бет2/5
Дата19.05.2022
өлшемі30.26 Kb.
#457386
1   2   3   4   5
Отчет Абитай С.Д.

Өндірістік тәжірибе өткен жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 15 көшесі, «ТОО Р.Е.Т.» компаниясы

І Бөлім



  1. Практиканың мақсаттары мен міндеттері

Практиканың мақсаты дипломдық жобалау үшін материалдарды жинау, теориялық білімдерді тереңдету мен бекіту, ұжымда ұйымдастыру және тәрбие жұмысы тәжірибесін алу, сонымен қатар алдағы механика мамандығы бойынша орналасқан алғашқы қызметінде өзіндік жұмысқа тікелей практикалық дайындық болып табылады.


Осы мақсатқа сәйкес практиканың міндеттері арнайы курстарды оқып үйрену кезінде алынған теориялық білімдерді бекіту және толықтыру болып табылады, соның ішінде:
а) дипломдық жобалау үшін материалдарды жинау;
б) жобалық – конструкторлық жұмысты үйымдастыруды, әзірлеу тәртібін, кәсіпорындарда техникалық және конструкторлық құжаттардың бекітілуі және өтуі;
в) жарықтандыру жүйесін жобалауды прақтикалық дағды алу, ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру сұрақтарымен танысу;
г) энергетикалық нысан басқару жүйелерді жобалау және пайдалану кезінде инженерлік еңбекті ұйымдастыру мен инженерлік психология сұрақтарын оқып үйрену;
д) Ұйымдастыру және тәрбие жұмысы бойынша практикалық дағдыларды, білімдерді алу.
Студент – практиканттардың міндеттері мен құқығы
2 Студент міндетті:
- студент практикадан өтетін кәсіпорын мен бөлімшенің ішкі тәртібі талаптарына қатаң бағынуға міндетті;
- студент кәсіпорын территориясында және жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау ережесін қатаң сақтауға міндетті;
- орындалатын жұмыс және оның нәтижелері үшін штаттағы қызметкер-лермен тең жауапкершілікте болуға;
- ЖОО-дан практика жетекшісіне жазбаша есеп беруді ұсынуға;
- күн сайын практика күнделігін жүргізуге және оны кәсіпорыннаң жетекшінің қолымен практика бойынша есеп беруді қорғау кезінде ұсынуға.
Студенттің құқығы бар:
- практиканың бағдарламасымен қарастырылмаған, қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау техникасын бузумен байланысқан жұмыстарға қатыспауға;
- практика мерзімінде бос орын болған кезде мамандық бойынша ақы төленетін қызметке қабылдануға.
3 Практиканың мазмұны
Студенттер практикада өндірістік жағдайларда мүмкіндік бойынша кезекші электромонтердың практикалық іс – әрекетін алады (жабдықты жөндеу және монтаждау бойынша электромонтер).
Практикадан өту уақытында студенттер келесі сұрақтарды қарастыруы және оқып үйренулері керек:
- Тұрғын үйлерді сумен жабдықтау нысанның негізгі технологиясын оқып үйрену;
- электртехникалық негізгі жабдықтарды оқып үйрену; жабдық құрамы; жабдық сипаттамалары; жабдық орналасуы; оның артықшылықтары мен кемшіліктері; жабдықтарды жетілдіру үшін мүмкіншіліктер;
- жарықтандыру торабының релелік қорғанысы; зақымданулар мен қалыпты емес режимдерден қорғаныс;
- қоршаған ортаны қорғау; энергетикалық нысаннан экологиялық әсері деңгейі;
- экономикалық көрсеткіштерді оқып үйрену; энергияның өзіндік құнын анықтау әдістемесімен танысу; жөндеулерді жоспарлау; қазіргі заманғы басқару құралдарын пайдаланудан келетін экономикалық тиімді бағалау;
- қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру; өндіріс жағдайларында еңбек заңын, өнеркәсіптік санитария, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы профилактика, нормалар, автоматтандыру құралдарын пайдалану кезіндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулар мен ережелерді оқып үйрену.

ІІ Бөлім




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет