Механика-математика факультетінің



Дата02.01.2022
өлшемі16.01 Kb.
#452076
ТАК мінездеме үлгі


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Механика-математика факультетінің

5В060100 – «Математика» мамандығының

4-курс студенті



Құрақ Ұлдана Полатбекқызы
МІНЕЗДЕМЕ
Құрақ Ұлдана Полатбекқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2017-2021 жылдар арасында 5В060100 – «Математика» мамандығы бойынша бакалавр оқып, бітірді. Университет қабырғасында оқу барысында өзін тек жақсы жағынан көрсетті. «Асимптотикалық мәндес жүйелер» тақырыбы бойынша дипломдық жұмысын 93 баллға қорғады. Университет қабырғасында оқу барысында өзін тек жақсы жағынан көрсетті.

Оқу әрекеті: оқуға деген ынтасы жоғары. Сабаққа белсенді араласады және кез келген мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Оқу үлгерімі мен тәртібі «өте жақсы» деп бағалауға тұрарлық.

Логикалық ойлауы: жоғары, рухани дамыған, өзінің ой пікірін ашық білдіре алады. Пікір алмасуға өте қолайлы серіктес. Мәселені ашып, талдап қорытынды жасау қабілеті өте жақсы дамыған.

Ұжыммен қарым-қатынасы: университет, факультет көлеміндегі іс-шараларға белсенді араласып келеді. Топпен университеттің жетістіктері мен сәтсіздіктеріне ерекше сезіммен қарайды. Топтағы барлық студенттерді өзіне дос тұтады, барлығымен тату, олармен қарым-қатынаста ашық және сыпайы.

Тәртіп ерекшелігі: Кез келген жағдайда эмоциясын басқара алады. Атқарылуы қиын тапсырмаларда өзінің табандылығы мен қайсарлығының арқасында әрқашан жақсы нәтижеге қол жеткізіп келеді. Оқытушылардың және топтағы студенттердің ескертулеріне сын көзімен қарайды.

Адам бағыттылығы: кітаптарға деген қызығушылығы жоғары. Педагогикалық және психологиялық шығармалар оқығанды ұнатады. Өз ісінің білікті маманы болғысы келеді. Жеке адам ретінде табанды және қайсар. Оқытушылар тарапынан берілген тапсырманы мұқият орындап, өзінің білімділігімен және жоғары моральдық қасиеттерімен көзге түседі.

Топ белсендісі ретінде достары арасында беделді. Сапалы білімді, саналы тәрбиелі маман иесі болатынына сеніміміз мол.



Факультет деканы Д.Б.Жакебаев

Кафедра меңгерушісі: Х.Хомпыш

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет