«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны



бет72/157
Дата16.06.2023
өлшемі499.1 Kb.
#475145
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   157
«мейірбике ісі негіздері» П ні бойынша мейірбикелік технологияла

Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны
(қоспалы сұйық дәріні) қолдану


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрі-дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шай, десерт, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтынпарағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  4. Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:

  • 1 шай қасықта – 5 мл

  • 1 десерт қасықта – 7,5- 10 мл

  • 1 ас қасықта – 15 мл

  1. Науқастан дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз.

  2. Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


ТұнБаны, экстрактыларды (шырсөлДІ) қолдану


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Даярлаңыз: дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  2. Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

  3. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).

  4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.

  5. Мензуркаға қажет мөлшердегі дәрілік ерітіндініңтамшысыналыңыз.

  6. Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.

  7. Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.

  8. Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет