«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет93/157
Дата16.06.2023
өлшемі499.1 Kb.
#475145
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   157
«мейірбике ісі негіздері» П ні бойынша мейірбикелік технологияла

Ескерту:

  • қосымша дәрілік ерітіндіні енгізу жүйедегі инъекцияға арналған түйін арқылы шприцпен жүргізіледі. Инъекция жасар алдында резеңке түтік тері антисептигімен суландырған мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен қыстырылады, флаконда енгізілген дәрілік заттың аты көрсетіледі

  • тамызғыш босамағанынша флакондарды ауыстыру жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконның тығынын алдын ала антисептикпен тазартып, жүйенің қысқа шетіндегі инені тірелгенше енгізеді, сосын ұзын түтіктің инесін енгізеді. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз, егерде ауа кіргізетін болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз.

  • енгізіліп жатқан уақытта бүкіл жүйенің жұмысын қадағалаңыз; салфетка ерітіндімен суланбаған ба? Енгізіліп жатқан аймақта инфильтрат немесе ісіну пайда болған жоқ па? Ерітіндінің ағымы тоқталған жоқ па?

  • науқастың хал-жағдайын бақылаңыз, сұраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды, бас айналуды, лоқсуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекция жасаған жерде ісікті көрсеңіз, онда қысқышты жауып және инені шығару қажет.


Х. Пункциялар


Науқасты және медициналық құрал-саймандарды
плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау


Мақсаты: диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: жарақаттану гемотораксында (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).
Қарсы көрсетілімдері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см және диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, 0,5 новокаин ерітіндісін, 5спиртті йод ерітіндісін, тері антисептигін, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сұйықтығына арналған залалды ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, лабораторияға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет