Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даЙЫНДАУ
Мақсаты: диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.
Қарсы көрсетілімдері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған ұзындығы 7-10 см пункциялық инені, 10, 20 мл шприцтерді, пинцетті, дәке тампондарын, асептикалық таңғышты, салфеткаларды, қолғапты, лотокты, 5 спиртті йод ерітіндісін, тері антисептигін, 0,5 новокаин ерітіндісін, шыны түтіктерді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дәрігер жүргізеді.
Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.
Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы қалып алуын сұраңыз.
Болжаған тесетін жерді өңдеу үшін 5 спиртті йод ерітіндісін, сосын тері антисептигін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.
Дәрігер сол қолмен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.
Инені буынға енгізіп, шприцпен тінге жиналған сұйықтықты сорып алады.
Лабораториялық зерттеуге шприцтің ішіндегі сұйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке құйыңыз.
Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді.
Инені шығарып алған соң, тесілген жерге 5 спиртті йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз.
Қолданылған шприцтерді, салфеткаларды, дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |