«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет146/157
Дата01.11.2023
өлшемі352.27 Kb.
#482091
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   157
«мейірбике ісі негіздері» Пәні бойынша мейірбикелік технологиялар

Ескерту:

  • сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;

  • егер де жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;

  • шылапшындағы жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;

  • егер де науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;

  • сүңгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүңгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.



АСҚАЗАНДЫ СҮҢГІСІЗ ӘДІСПЕН ЖУУ


Мақсаты: емдік: уытсыздану – уытты заттардың әсер етуін тоқтату және оларды организмнен шығару.
Дигностикалық: химиялық заттарды, микроорганизмдерді және олардың уыттарын жуынды судан анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрілермен, химиялық заттармен улану.
Дайындаңыз: ішінде суы бар 2-3 л ыдысты, стаканды, сүлгіні немесе салфеткаларды, дезинфектанты бар контейнерді, жуынды суға арналған ыдысты (шылапшынды).


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Орындыққа науқасты отырғызыңыз;

  2. Науқастын аяғына жуынды суға арналған ыдысты қойыңыз;

  3. Науқастың кеудесін сүлгімен немесе салфеткамен жабыңыз;

  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды өңдеңіз;

  5. Науқасқа 4-6 стакан суды қатарынан ішуге ұсыныңыз;

  6. Құсық рефлексін шақыру үшін оң немесе сол қолдың 2-3 саусақтарымен, шпательмен тілдің түбірін тітіркендіруін науқастан сұраңыз.

  7. «Таза жуынды су» алынғанша емшараны бірнеше рет қайталаңыз;

  8. Науқасқа ауызын шайқау үшін су беріңіз, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз;

Ескерту:

  • Белгісіз у мен уланғанда құсығын таза құрғақ банкаға жинаңыз;

  • Банкінің қақпағын тығыз жабып, жолдаманы толтырып лабораторияға зерттеуге апарыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет